Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тарамның созбаға айналуы.



№7 ЛЕКЦИЯ. АППАРАТТЫ СОЗБАНЫ ДАЙЫНДАУ. ТАСПАНЫҢ ЖАСАЛУЫ ЖӘНЕ ТАРАУ АППАРАТТАРЫНДАҒЫ ТАСПАНЫҢ ТӨСЕЛУІ. СОЗБАНЫҢ ТАРАМҒА АЙНАЛУЫ. СОЗБАНЫҢ ОРАЛУЫ

Талшықты материал аппараттың бір машинасынан екінші машинаға таспа түрінде беріледі. Одан қоректендіргіш торда төсем қалыптасады. Берілістің мұндай тәсілі талшықтардың жақсы араласуын және көлденең бағыттағы сызықтық тығыздығы бойынша өнімнің теңестірілуімен қамтамасыз етеді.

Таспаның қалыптасуы таспа жасағыштарда жүзеге асырылады. Бірінші тарау машинасында таспаның жасалу процесі өте қарапайым. Оның мәні түсіру барабанынан шығатын талшық ағынын ұйымдастырылмаған көлденең қоюлануында болады. Мұндай жағдайда талшықтың бойлық бағыты бар таспа жасалады.

Төсем жасалған кезде таспаның шеттері бірін-бірі толықтырып тұратындай етіп төсейді. Екінші машинадағыдай сияқты бірінші машинадан алынатын таспаның көлденең қимасының формасы тұрақты емес, екінші машинаның қоректендіргіш тордағы төсемнің қалыңдық бойынша тегістілігі үшінші машинадағыға қарағанда төменірек болады. Аппараттың соңғы машинасындағы қоректендіргіш тордағы төсемнің тегістілігіне жоғары талап қойылады, себебі ол созбаның тегістілігін анықтайды. Әсіресе толығымен созбаға айналатын төсемнің көлденеңінен тегіссіздігі үлкен әсер етеді.

Екінші машинаның қоректендіргіш тордағы төсем талшықтарының көлденең бағыты болады. Талшықтардың былай орналасуы, талшықты материалдарды жақсылап араластыруға және қопсытуға өз септігін тигізеді, бірақ талшықтардың үзілгіштігі жоғарылайды.

Үшінші машинаның төсеміндегі талшықтар бойлық бағытқа қарай бағытталған. Осының нәтижесінде созба кареткасының бөлгіштерінде таспаларға қабаттап бөлу жеңіл болады.

 

Тарамның созбаға айналуы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.