|
|||
Талшықты қоспаларды құрастырудың жалпы принциптеріТалшықты қоспаларды құрастырудың жалпы принциптері Қоспа рецептісін құрған кезде келесі негізгі жағдайларды негізге алу қажет. Ø Қоспаның әр компоненттің ұзындығы, жуандығы, талшықтардың үзілу ұзаруы бойынша мүмкіндігінше бірқалыпты болуы керек және өндірілетін иірімжіп сапасына сәйкес келуі қажет; Ø Аз сызықтық тығыздықты таза жүнді иірімжіп үшін араласатын компоненттердің талшықтар қасиеттерінде аз ғана айырмашылық болады (тек қана жіңішкелік қасиеттері бойынша ұқсас жүн талшықтарын араластыруға болады); Ø Әртүрлі компоненттерден тұратын жоғары сапалы қоспаларда (жүн мен химиялық талшықтар) араласатын компоненттердің талшықтар қасиеттері арасында сәйкестікті және қоспаның барлық бөліктеріндегі компоненттер арасындағы сандық қатынас тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет; Ø Қоспаға басқа компоненттерден талшықтар қасиеті бойынша ерекшеленетін кейбір компоненттерді енгізу, иірімжіп сапасына жағымды әсер ететін белгілі арнайы ерекшелік береді. Құрамы бойынша біртекті иірімжіпті алудың қажетті шарты – қоспа компоненттерінің барлық бөліктерінде біртекті үлестірілуі болып табылады ; Ø Қажетті сапалы иірімжіпті толығымен қамтылған кезде қоспаның құны аз болуы қажет; аз сызықтық тығыздықты таза жүнді жоғары сапалы иірімжіп үшін қоспаны өте жоғары сапалы жіңішке жүннен алу керек; үлкен сызықтық тығыздықты иірімжіп үшін жартылай жіңішке және жартылай дөрекі жүнді пайдаланған жөн; - Қоспаны құрған кезде әртүрлі өндіріс қалдықтарын өңдеу қажеттілігін ескеру керек; - Химиялық талшықты жүнмен бірге араластыру үшін қоспаның иіру қабілеттілігі жоғарылайтындай ұзындық пен жуандықта таңдалуы керек; - Аралас иірімжіп дайындау үшін химиялық талшық зауыттарында массада боялған химиялық талшықтарды пайдаланған дұрыс; - Қоспа құрамы талшықтар түсі бойынша біртекті болуы керек; ақ түсті жүнді қара түстімен араластырмау қажет; бұл оны құнсыздандырады, бұйымдардың сыртқы түрі нашарлайды; - Негіз және арқау иірімжіптерін өндіруге арналған қоспаларды бөлек құрған дұрыс; негізгі иірімжіп өте ұзын, берік және біртекті талшықтан дайындалады;
|
|||
|