Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





оспа компоненттерін қопсыту және түту. Түтудің қарқындылығы және тиімділігі



Қоспа компоненттерін қопсыту және түту. Түтудің қарқындылығы және тиімділігі

Жуылған жүн (және көптеген талшықты материалдар) кәсіпорындарға қатты пресстелген күйде келіп түседі. Кипадағы жүннің көлемдік массасы 250-300 кг/м3.

Жүн талшықтары шатасқан, өсімдік және минералды қоспалары бар үлкен шүйкелер түрінде болады. Сондықтан, жүн және басқа компоненттер өтетін бірінші операция түту мен қопсыту болып табылады. Бұл екі процесс бір уақытта орындалады. Арнайы гарнитуралы тақтайшалары бар машинаның жұмыс бөлшектерінің жүн шүйкелеріне соғу әсері – түту деп аталады. Тақтайшаларының соғу әсерінің нәтижесінде талшықты материалдың үлкен шүйкелері ұсақ шүйкелерге бөлінеді және ол қоспалардан тазартылады. Материалды түту және тазалаумен бір мезгілде оны қопсытады және компоненттердің ұсақ шүйкелері араласады, әр түрлі компоненттердің бір-бірімен толық араласуы үшін жақсы шарттар жасалады.

Жүнді қопсыту, оны күрделі және жауапты кардты тарау процессіне дайындайды, өйткені қопсытылмаған түрде жүнді тарау мүмкін емес.

Талшықты массаны қопсыту үшін тек қана түту процесін қолдана қоймайды, сонымен қатар ажырату процесін қолданады. Ажыратудың мәні – өңделетін материал арқылы шанышқылар немесе иілген тістен өтіп, жұмыс бөлшектерінің әр түрлі жылдамдықтарының нәтижесінде үлкен шүйкелер ұсақ шүйкелерге бөлінеді.

Түтудің мақсаты: талшықты материалды қоспалардан тазалау және оны қопсыту.

Қопсытудың мақсаты: талшықты материалдың тығыздығын азайту және оны ұсақ шүйкелерге және талшықтарға бөлу, бұл араластыру мен кардты тараудың жақсы өтуін қамтамасыз етеді.

Қопсыту процесінің тиімділігі талшықты материалдың қопсытылу дәрежесімен сипатталады және ол келесі көрсеткіштермен сипетталады: талшықты материалдың көлемдік массасымен, шүйкелердің орташа массасымен.

Көлемдік массаның өзгеруі:  

 

q1 = M2 /M2

 

мұндағы: М1 - 1м3 түтілген жүннің массасы, кг

              М2 - 1м3 түтілмеген жүннің массасы, кг

Шүйкелердің массасының өзгеруі, %    

       

q2 =  (m1-m2)100/m1

 

мұндағы: m1 - түтуге дейінгі 1кг жүндегі шүйкелердің орташа массасы;

      m2  - туден кейінгі 1кг жүндегі шүйкелердің орташа массасы.

Түту процесінде түту органдары қысылып тұрған немесе бос күйіндегі талшықты материалға әсер ете алады. Әсер етудің осы екі түрінен басқа үшінші түрі бар, қашан жүн шүйкелері қозғалмайтын колосникті торға соғылады.

Аппаратты өндірісте жүнді, сондай-ақ вискоза талшығын, лавсан және нитронды негізінде талшық күйінде бояйды. Жүн мен басқа да талшықтарды бояу едәуір мөлшерде матаны бояумен салыстырғанда бояу тұрақтылығының жоғары көрсеткіштерінің алынуын қамтамасыз етеді.

Тарақты фабрикаларда жүн талшығын бояуды таспада жүргізеді. Жүн мен химиялық талшықтарды бояу үшін сондай-ақ тарақты таспаларды бояу үшін де үзіліссіз және оқтынды жұмыс істейтін аппараттар қолданылады. Соңғылары үзіліссіз жұмыс істейтін бірнеше машиналардан тұрады, олар агрегатты құрайды.

Жүнді бояу кезінде кардты тарау мен иіруде жоғары үзілгіштікке алып келетін талшық беріктігінің жойылуы мүмкін. Қаншалықты бояу ұзақтығы көп болса және температура жоғары болса, соншалықты талшықтың беріктігі мен серпімді қасиеттері көп төмендейді. Кәсіпорындарда қолданылатын жүнді бояу режимдері едәуір ұзақтығымен сипатталады: қышқылды бояғыштармен бояудың технологиялық уақыты 3-4 сағатқа дейін, ал қышқылды-улағыштармен 6-7сағатқа дейін. Жүнді бояу ұзақтығын азайту үшін келесі бағыттарда жұмыстар жүргізілуде: жүнмен тез әрекеттесетін бояғыштың жаңа түрлері жасалып жатыр; бояу уақытының қысқаруына әсер ететін қосымша материалдар іздестіріліп және енгізіліп жатыр; бояудың жаңа, қысқартылған режимдері қойылып жатыр; бояу жабдықтарының заман талаптарына сай түрлері жасалып жатыр.

Шектелген ерітінділерді қолдана отырып, 20-30 минут ішінде 80%-қа дейінгі температурада суық тәсілмен жүн және полиакрилонитрил таспаларын бояу тәсілінің болашағы үлкен. Жүн және полиакрилонитрил таспаны бояу, тегістеу және кептіру агрегатын құрастыру негізіне бояудың суық тәсілі жатады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.