Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тарамды бөлу



Тарамды бөлу

 

Аппаратты созбаның технологиялық кемшіліктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі – сызықтық тығыздығы бойынша оның тегіссіздігі. Ол негізінен қабаттарға бөлу процесінде пайда болатын тегіссіздік пен тарамның тегіссіздігімен шартталынады.

Тарамды бөлу процесінде пайда болатын тегіссіздік көптеген факторлар әсерінің нәтижесінде болады. Оларды екі топқа бөлуге болады: біріншісі талшықтар мен тарамның қасиеттері мен құрылымына байланысты, ал екіншісі төсемді бөлу аспабының сипаттамасымен және оны ретке келтірумен байланысты.

Егер көлденең бағытта тарамның үзілу төзімділігі аз және тұрақты болса, ал бөлу аспабы жақсы жағдайда болса, онда бөлуден созбаның тегіссіздігі нөлге қарай бағытталатын болады. Осы шарттардың бұзылуын тудыратын барлық себептер, бөлуден тегіссіздіктің пайда болуына әкеп соқтырады.

Тарамның және талшықтардың қасиеттерімен және құрылымымен байланысты факторларға мыналар жатады: тарамның қалыңдығы және оның көлденең бағыттағы тегіссіздігі, қимадағы талшықтардың саны, тарамның сапасы, талшықтардың ұзындығы, олардың түзуленуі, бағыты, үйкеліс коэффициенті және талшықтар арасындағы жабысқақтық, сонымен қатар талшықтар және белдемшелер немесе цилидр дискілері арасындағы жабысқақтық және т.б.

Бөлу аспабына жататын маңызды факторларға белдемшелердің ені және олардың керілулерінің тегістілігі, сонымен керіліс шамасы жатады.

Бөлгіш белдемшелердің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз ететін маңызды және қажетті шарттардың бірі – олардың жеткілікті және тегіс керілуі. Белдемшелердің керілісі қысым шамасын анықтайды, яғни бұл белдемшелер бөлу цилиндрлерінің дискісіне тарамның жолақтарын қысады. Түйісу аймағында үйкеліс күшінің өрісі пайда болады. Әр белдемшенің үйкеліс күші өрістеріндегі кернеу жолақтарға тарамды бөлу кезінде түйісу аймағында «өз» талшықтарын ұстап қалып, көрші белдемшелерге ауысып кетуіге мүмкіндік бермеуі қажет.

Егер белдемшелер бірдей керілген болмаса, онда бөлудің бірнеше сызықтарын қиылыстырылатын талшықтар, үйкеліс күшінің өрісі жоғары белдемшелермен кетіп қалады. Осыған байланысты белдемшелердің біркелкі емес керілуінде созба жіптерінің сызықтық тығыздығы әртүрлі болады. Мұндай ақауларды болғызбас үшін бөлу белдемшелерінің біркелкі керілуін қадағалау қажет.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.