Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Араластырудың камералы тәсілі



Араластырудың камералы тәсілі

Араластырудың камералы тәсілі - қоспа рецептісіне сәйкес келетін қатынаста барлық компоненттердің талшықты материалы камералы машинада оның қозғалыстағы бөлшектерімен араластырылады. Тәсіл екі нұсқада жүргізілуі мүмкін:

Бірінші – талшықта материал порциясы машинаның камерасына келіп түседі, онда қопсытылады, түтіледі және бірнеше уақыт аралығында араласады (мысалы, оқтынды жұмыс істейтін түту машинасында немесе қалдықтарды тазалау машинасында);

Екінші – қоспаның барлық компонентінің талшықтары сәйкес қатынаста үзіліссіз ағымда машина камерасына келіп түседі, ол жерде араластырылады және қоспа түрінде үзіліссіз ағыммен шығады (мысалы, қоректендіргіш-араластырғыш камерасында, бас қоректендіргіште, АРТ – 120Ш қопсыту – түту агрегатында және т.б)

 

Талшықты материалдарды араластырудың механикалық тәсілдері

Оқтынды немесе үзіліссіз әрекеттегі араластыру қондырғыларында келесі операциялар жүреді:

Ø компоненттердің кезектескен қабаттарынан компонентті төсемнің жасалуы;

Ø бір уақытта барлық қабаттарынан компонентті төсемнің порцияларын вертикаль бойынша іріктеу;

Ø кезекті қабаттарынан екінші төсемнің жасалуы;

Ø екінші төсемнің қабаттарын іріктеу, алып жүретін мүшеге төсемнің қозғалысы және пневмоқұбырлар бойынша дайын қоспаны ары қарай өңдеу үшін лабаздарға беру;

Үзіліссіз әрекеттегі араластыру құрылғысында қоспа компоненттері берілген қоспа рецептісіне сәйкес бір жалпы торға қоректендіргіш машиналар (автоқоректендіргіштер, қопсыту машиналары және т.б.) қатары арқылы бір уақытта және үзіліссіз беріліп отырады. Содан кейін тор талшықты материалды үзіліссіз әрекеттегі араластыру машинасына береді, келіп түскен қоспа компоненттері араластырылады, сосын машинадан шығады. Араластыру кезінде әрбір біртексіз компоненттің қандай да бір азғантай бөлігі қатысады, ол машинаға сәл кейін келіп түсетін біртексіз компоненттің басқа бөлігімен бірге араласпайды. Осылайша, араластыру машинасынан қасиеттері бойынша бір-бірінен едәуір ерекшеленетін біртексіз компоненті бар қоспа шығады.

       Талшықты қоспаларды дайындауға арналған үзіліссіз жұмыс істейтін механикалық қондырғылар аппаратты және тарақты өндірісте қолданылмайды, себебі қоспаға қатысатын компоненттер өз массасы ішінде біртексіз. Сондықтан бұл өндірістерде оқтынды жұмыс істейтін араластыру машиналарын пайдалана отырып, араластырудың партиялы жүйесі қабылданған.

Қазіргі кезде аппаратты және тарақты өндірістерде қоспаларды дайындау процесі толығымен механикаландырылған. Құрамында оқтынды қозғалысты араластыру машиналары бар араластыру қондырғылары жұмыс істейді. Барлық жұмыс істейтін және жобаланатын араластыру машиналарының негізгі бөлшектері болатын себетін құрылғылар, араластыру камерасы және іріктейтін қондырғылар.

Араластыру машиналары бір-бірінен конструкциясымен ажыратылады, бірақ барлығы жалпы бір принциппен жұмыс істейді: алдымен араластыру камерасында қоспа партиясына кіретін барлық талшықты материалдың компонентті төсем құрылады, содан кейін талшықты материалдың іріктелетін түйдектерін араластырумен бір мезгілде өтетін вертикаль бойынша төсемнің іріктеуін жүзеге асырады. Осыған сәйкес машиналар оқтынды жұмыс істейді.

Бірінші кезеңде араластыру камерасында компоненттер қабаттармен төселеді, сонымен бірге барлық компоненттердің жаймасы болса, онда әр компонент қабатында қоспаның барлық компоненттерінің түйдектері орналасады. Сондықтан әр кешенді қабат әр компоненттің шартты қабаттарын құрайтын болады; осындай қабаттар саны мен олардың шартты жуандығы, араластыру камерасын компоненттермен қоректендіруді ұйымдастыруға байланысты болады.

Араластыру камерасының жұмысының бұл мерзімінде әртүрлі компоненттердің түйдектері төсемде максимальды жақындауы ғана емес, сондай-ақ бір компоненттің түйдектерін вертикаль бойынша жақындату болып табылады.

Араластыру камерасы жұмысының екінші кезеңінде түйдектерді іріктейтін қопсытумен бірге вертикаль бойынша төсемнің барлық қабаттарын іріктеу мен оларды араластыру жүреді. Сонымен қатар тек әртүрлі компоненттер түйдектері өзара араласып қана қоймай, компоненттің барлық массасының әр бөліктерінен алынған бір компоненттің түйдектері де араласады. Бұл қоспаның барлық массасының құрамын тек қана оның аз бөлігінде емес, барлық массасы бойынша біртектікке жеткізеді. 

Қабатарды төсеп вертикаль бойынша іріктелетін төсем араластыру камерасы арқылы қоспаны екінші рет өткізу нәтижесінде, қоспалы төсем. Сонымен дәл осы мақсаттар қойылады – аз бөліктерде түйдектерді жақсылап араластыру және қоспаның барлық массасы бойынша біртектілікке жету.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.