|
|||
БалдырларБалдырлар
Зерттейтін ғылым- алгалогия Төменгі сатыдағы өсімдіктер- балдырлар Таллом дегеніміз- денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі Балдырларға жасыл түс беріп тұратын хлоропластың қызметін атқаратын органоид- хроматофора Біржасушалы жасыл балдырлар пайда болған- шамамен 1,5 млрд жыл бұрын Біржасушалы қос талшықты жасыл балдыр- хламидомонада Хламидомонада жарықты сезеді- қызыл көзшесі арқылы Хламидомонада көбейеді- жынысты, жыныссыз жолдармен Хламидомонаданың хроматофорасының пішіні- терең астау тәрізді Космосқа ұшқан, микроскоппен ғана көрінетін біржасушалы балдыр- хлорелла Хлорелланың хроматофорының пішіні- жазық астау тәрізді Хлорелланың көбеюі- жыныссыз жолмен Хлорелла түзген крахмалдан бактеиялардың көмегімен алу көзделіп отыр- май Топырақта, ағаш діңінде, гүл құмырасының сыртында өсетін біржасушалы жасыл балдыр- хлорококк Көпжасушалы, жіп тәрізді, қолға ұстағанда жібектей сезілетін жасыл балдыр- спирогира Спирогираның хроматофорының пішіні- таспа пішінді оралма Спирогираның көбеюі- өсімді, жынысты Улотрикс- көпжасушалы, жіп тәрізді, су түбіне ризоиды арқылы бекінетін жасыл балдыр Улотрикстің хроматофорының пішіні- жалпақ білезік тәрізді Улотрикстің көбеюі- жынысты, жыныссыз Қоңыр балдырлар- ламинария, саргассум, турбинария Ламинария өседі- 20-30 м тереңдікте Ламинарияның биіктігі- 50 м Қоңыр балдырлардың жасушасының қор заты- полисахаридтер (ерітінді күйіндегі көмірсулар) Қоңыр балдырлардың хроматофорының пішіні- дән тәрізді, жасуша қабықшасына жақын орналасқан Майда вакуольдерінің илік заты бар көпжасушалы балдыр- ламинария Жергілікті тұрғындар "теңіз жүзімі" деп атайды- турбинарияны Теңіздің ең терең түбінде (270 м) өседі- қызыл балдырлар Қызыл балдырлардың қор заты- май және қантты заттар Қызыл балдырлар- коралина, плюмария, порфира, хондрус, гринеллия Қызыл балдырлардың көбеюі- өсімді, жынысты, жыныссыз 1 г қара топырақта болады- 50 000 балдыр Қытай мен Жапонияда табиғи жағдайға жақын ортада өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланылады- порфираны Адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау (зоб) ауруының алдын алу үшін тамаққа қосатын, "теңіз орамжапырағы" деген атпен белгілі балдыр- ламинария Балдырлардан алынады- йод, спирт, сірке қышқылы, агар-агар, жасұнық Агар-агар дегеніміз- микроорганизмдерді өсіретін қоректік орта Балдырлардан бояу алып, маталарды бояды- көне Римде Қағаз алынатын жасыл балдыр- кладофора Хламидомонаданың жасушасының сыртын қаптайды- жасуша қабықшасы Балдыр жасушасы қабықшасының сыртын қаптайды- сілемейлі қабық Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық заттың алғашқы түзушісі болатын биогеоценоз- су қоймасы Тұщы су қоймасының продуценті- балдыр Жасуша қабықшасына кремний сіңген балдырлар- диатомды Лас көлдерде тіршілік ететін балдырлар- диатомды
|
|||
|