Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. 6 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 8 балл.. ауд.  9 балл.. ауд.7 балл.



№11-2-2009ауд. 6 балл.

Жалпы массасы 188,3 г натрий мен калий хлоридтерінің қоспасын суға ерітіп, алынған ерітінді арқылы электр тоғын өткізген. Электролиз кезінде катодта 33,6 л сутек бөлінген. Бастапқы қоспадағы заттардың массалық үлестерін табыңыздар.

№11-3-2009ауд. 7 балл.

Егер реакция нәтижесінде тек келесі өнімдер түзілген болса, онда қандай екі реагент реакцияға түскені. (реакцияның барлық өнімдері стехиометриялық коэффициенттерсіз келтірілген):

А)…→ NaNO3 + NaNO2 + CO2;    b) …→ Ca(OH)2 + NH3;

c) …→ NO + HNO3;                          d) …→ Ag2O + NaNO3 +H2O;

e) …→ NaCl + N2 + H2O;                     g) …→ NaCl + N2H4 + H2O;  

h) …→ NaN3 + H2O;    

Реакция теңдеулерін жазып, олардың жүру жағдайларын көрсетіңіздер.

 

№11-4-2009ауд. 8 балл.

Сутектік көрсеткіші рН = 11 болатын ерітінді алу үшін натрий гидроксидінің концентрациялары 0,01 моль/л и 0,0001 моль/л ерітінділерін қандай көлемдік қатынаста араластыру керек? (Бастапқы және соңғы ерітінділердің тығыздықтары бірдей деп есептеңіздер)

 

№11-5-2009ауд.  9 балл.

Бір қаныққан спиртті (С4Н10О) концентрлі күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда бір біріне құрылымдық изомер болатын екі алкан 1:6 қатынасындай массалық қатынаста түзілген.

1. Белгісіз спирттің құрылымдық форсуласын жазып, атын атаңыздар (ИЮПАК бойынша).

2. Белгісіз спирттің оптикалық изомерлері бар ма?

3. Алынған алкендердің геометриялық изомерлері бар ма? Егер бар болса, онда олардың құрылымдық формулаларын келтіріңіздер.

Есептің шартында келтірілген реакция жағдайында қай алкен негізгі өнім ретінде түзіледі? Спирттің 92,5 мл (тығыздығы 0,8 г/мл) мөлшеріне түзілген осы алкеннің көлемін (қ.ж.) анықтаңыздар.

 

8 – сынып

№8-1-2010ауд.7 балл.

Бутан (С4Н10) мен көмір қышқыл газынан (СО2) тұратын қоспада көміртектің үш атомына оттектің бір атомы сәйкес келеді. Газдар қоспасының азот (N2) бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңіздер.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.