|
|||||||
ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 баллов.. ауд. 7 балл.№10-4-2010ауд. 7 балл. Бензол мен толуолдың бірдей мөлшерлерінен тұратын қоспаны тотықтырғанда 9,76 г бір негізді қышқыл түзілген. Түзілген қышқыл натрий гидрокарбонатымен әрекеттескенде көлемі бастапқы қоспаны жағуға кеткен оттектің көлемінен 24 есе кем газ түзілген. Бастапқы қоспадағы бензолдың массалық үлесін процентпен есептеңіздер.
11 – сынып
№11-1-2010ауд. 7 балл. Құрамында 9,4 г мыс (II) нитраты және 9,75 г сынап (II) нитраты бар ерітіндіге массасы 50 г кадмий пластинкасы батырылған. Кадмий мыс пен сынапты толық ығыстырып және олар түгелінен пластинканың үстінде қалған болса, онда пластинканың массасы қанша процентке өсер еді?
№11-2-2010ауд. 7 балл. Элементтік анализ нәтижелері бойынша белгісіз Х қосылысының құрамындағы көміртектің массалық үлесі 96,43% құрайды. Бұл көмірсутек әлсіз қышқылдық қасиеттер көрсетеді және құрамындағы металдың массалық үлесі 70,17% болатын Y тұзын түзеді. Х және Y заттарының молекулалық және құрылым формулаларын анықтаңыздар. Х затының Y затына айналу реакциясының және Х затының толық гидрлену реакциясының теңдеулерін жазыңыздар. №11-3-2010ауд. 7 балл. Қаныққан амин мен көміртек (II) оксиді қоспасының белгілі бір көлемін оттектің қажетті мөлшерінде жаққан. Ол мөлшер амин мен көміртек (II) оксиді мөлшерлерінің қосындысына тең болған. Қоспадағы аминнің көлемдік үлесі 28,57% деп алып, аминнің формуласын анықтаңыздар. №11-4-2010ауд. 7 баллов. Келесі тұздар ерітінділерінің гидролиздену дәрежесін және сутектік көрсеткішін есептеңіздер: а) 0,5 М Na2SO3 және б) 0,25 М Na3PO4 ерітінділері. №11-5-2010ауд. 7 балл. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 15 болатын пропен мен сутектің 1 моль қоспасын жабық ыдыста 3200С кезінде платина катализаторы қатысында қыздырғанда ыдыстың ішіндегі қысым 25% кеміген. Реакцияның теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын есептеңіздер. Егер тура осындай жағдайда тәжірибе жасау үшін сол газдардың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 16 болатын 1 моль қоспасын алған болсақ, онда ыдыстың ішіндегі қысым қанша процентке кемуі мүмкін?
|
|||||||
|