|
|||
ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.№9-4-2010ауд. 7 балл. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 13 болатын СО, СН4 және С2Н6 қоспасын оттектің артық мөлшерінде жағып, ішінде күйдіргіш калий және сусыз мыс сульфаты бар түтікшелер арқылы өткізгенде бірінші түтікшенің массасы 66 г, ал екіншісінікі 36 г артқан. Бастапқы қоспадағы газдардың массаларын анықтаңыздар. №9-5-2010ауд. 7 балл. Құрамы дивинил және цис- және транс изомерлері бар этилен қатарының көмірсутегінен тұратын көлемі 16,8 л газдар қоспасын гидрлеу үшін сутектің қандай көлемі қажет? Этилен көмірсутегі 5,6 л хлор қосып алып 31,75 г дихлорид түзетіні белгілі. Алкеннің құрылысын анықтаңыздар.
10 – сынып
№10-1-2010ауд. 7 балл. Темір және мырыш пластинкалары мыс (II) сульфаты ерітіндісіне батырылған. Біраз уақыттан кейін пластинканың жалпы массасы 0,3 г артқаны белгілі болған. Егер ерітіндіде 23,7 г мыс және темір (II) сульфаттары түзілген болса, онда әр пластинкада бөлінген мыстың массалары қандай болғаны?
№10-2-2010ауд. 7 балл. Құрамы MeS (металл қосылыстарда +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді) формуласымен сипатталатын 1,76 г сульфидті оттектің артық мөлшерінде өртеген. Түзілген қатты қалдықты 29,4 %-тік күкірт қышқылының дәл қажетті мөлшерінде еріткенде түзілген тұздың ерітіндідегі массалық үлесі 34,5% болған. Осы ерітіндіні суытқанда 2,9 г кристаллогидрат тұнбаға түскен, ал тұздың массалық үлесі 23,0% дейін кеміген. Кристаллогидраттың формуласын анықтаңыздар. Жауап: Fe2(SO4)3 ∙ 10H2O.
№10-3-2010ауд. 7 балл. Қоспаның құрамындағы күкірт пен алюминий бір-бірімен әрекеттескен. Түзілген өнімді ыстық сумен өңдеген. Бөлінген газдың бір бөлігін хлор суы арқылы өткізген бөлінген тұнбаны бөліп алып, үстіндегі ерітіндіге күміс нитратының артық мөлшерін қосқанда 8,61 г ақ ірімшік тәрізді тұнба түзілген. Газдың қалған бөлігін мыс сульфатының 145 мл 10%-тік ерітіндісі (тығыздығы 1,10 г/мл) өткізгенде тұздың массалық үлесі 6,09% дейін кеміген. Барлық реакция теңдеулерін жазыңыздар. Реакцияға түскен күкірттің массасын есептеңіздер. Жауабы: 2,24 г.
|
|||
|