Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





аудандық химиялық олимпиада есептері



        2011 аудандық химиялық олимпиада есептері

№8-1-2011ауд. 7 балл.

А затының қара түсті қыздырылған ұнтағы арқылы түссіз В газы жіберілген. Бұл жағдайда қызыл түсті қарапайым С заты және кең қолданылатын Д сұйықтығы түзіледі. В газы Д сұйықтығының электролизі арқылы да алынады. А-Д заттарын анықтаңдар.

№8-2-2011ауд. 7 балл.

СО және СО2 оксидтерінің қоспасының массасы 44г, ал көлемі қ.ж 28л. Қоспадағы СО-ның бір молекуласына СО2-нің неше молекуласы сәйкес келеді.

№8-3-2011ауд. 7 балл.

200мл белгісіз газ 500мл оттекте жағылған. Реакция аяқталған соң және газдар қ.ж келтірілгеннен кейін олардың көлемі 400мл болған. Газдың құрамына көміртек және сутек кіретінін ескеріп, алғашқы заттар толық әрекеттескен болса қандай газ жағылғанын анықтаңдар.

№8-4-2011ауд. 7 балл.

Массасы 100г 10%-тік күміс нитраты ерітіндісіне 10г мырыш пластинкасы батырылған. Белгілі бір уақыттан кейін пластинканы ерітіндіден шығарып кептіріп өлшегенде массасы 10,5г болған. Қанша грамм мырыш ерітіндіге ауысқан?

№8-5-2011ауд. 7 балл.

Нәтижесінде ерітіндіден келесі заттар бөлінетін реакция теңдеулерін жазыңдар: а) екі тұнба б) екі газ в) тұнба және газ

№9-1-2011ауд. 7 балл.

А затына күкірт қышқылымен әсер еткенде түссіз өткір иісті Б газы бөлінген. Б газы қарапайым сұйық В затының боялған сулы ерітіндісі арқылы өткізгенде ерітінді бояуы жойылған. Алынған ерітіндіге барий тұзын қосқанда қышқылдарда ерімейтін ақ тұнба түзілген. Ал алынған түссіз ерітінді арқылы сары жасыл түсті Г газын жібергенде б+ояу қайтадан пайда болады және В заты түзіледі. А заты жалынды сары түске бояйды. Аталған бастапқы заттарды анықтаңдар.

№9-2-2011ауд. 7 балл.

Әрқайсысы 0,1 моль мөлшерінде алынған аммонийдің үш тұзы – дихромат, нитрат, карбонат – бір-біріне тәуелсіз термиялық ыдырауға ұшыратылған. Түзілген газ тәріздес өнімдер алдымен ізбес суы арқылы, содан соң күкірт қышқылы және ең соңында қыздырылған кальций оксидімен толтырылған түтікше арқылы өткізілген. Жүретін реакция теңғдеулерін жазып, қалған газды қоспаның 400С-де және 2атм қысымда көлемін есептеңдер.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.