Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд.7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.



№8-2-2010ауд. 7 балл.

Оттек пен озон қоспасының сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 20. Қоспадағы оттектің массалық, көлемдік және молярлық үлестерін есептеңіздер.

 

№8-3-2010ауд. 7 балл.

Барий сульфаты мен аммоний сульфатының қоспасындағы әр үшінші атом – оттек атомы. Осы қоспадағы барий сульфатының массалық үлесін есептеңіздер.

 

№8-4-2010ауд.7 балл.

Ауамен толтырылған колбаны тығынымен бірге таразыға тартқанда оның массасы 152,34 г болды. Сол колбаны көмір қышқыл газымен толтырып өлшегенде, оның массасы 153,73 г, ал өткір иісі бар Х газымен толтырып өлшегенде, оның массасы 151,23 г болады. X затын табыңыз.

№8-5-2010ауд. 7 балл.

Көлемі 12,32 л сутек, күкіртсутек және көмір қышқыл газдарының қоспасы берілген. Осы қоспадағы көмір қышқыл газының қоспасы сутек пен күкіртсутек массаларының қосындысынан 4 г артық, ал күкіртсутектің массасы 34 есе артық. Газдар қоспасының орташа молярлық массасын анықтаңыздар.

 

9 – сынып

№9-1-2010ауд.

 

Келесі өзгерістерді іске асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар:

Н2O → H2 → HCl → ZnCl2 → Zn(NO3)2 → ZnO

          ↓

        Cu→ CuCl2→Cu(OH)2 → K2[Cu(OH)2]

 

№9-2-2010ауд. 7 балл.

Металдық мыс кристалдарының элементар ұяшығында ішінде 4 мыс атомдары орналасқан куб тәрізді болады. Рентген әдістерінің көмегімен элементар ұяшықтың қабырғасының ұзындығы 3,610 А (1А0 = 10–10 м) екені анықталған. Мыстың тығыздығы 8,920 г/см3, оның салыстырмалы атомдық массасы – 63,54. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Авогадро санын есептеңіздер.

 

№9-3-2010ауд. 7 балл.

Массасы 13,2 г мырыш пластинкасы массасы 300 г 11,34%-тік темір (III) нитраты ерітіндісіне батырылған. Пластинканы ерітіндіде біраз уақыт ұстап, шығарып алып өлшегенде темір (III) нитратының массалық үлесі түзілген мырыш тұзының массалық үлесіне тең болған. Ерітіндіден шығарып алған кездегі пластинканың массасын анықтаңыздар.

     Жауабы: 10,5 г.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.