Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. Көмірсутектің формуласын анықтау. 9 балл.



№10-5-2008ауд. Көмірсутектің формуласын анықтау. 9 балл.

1520С температура мен қалыпты қысым кезіндегі тығыздығы 3,270 г/л 100 г белгісіз көмірсутекті хрома (III) оксиді қатысында қыздырғанда бензолдың екі изомерлік гомологтары алынған. Бұл қоспаны одан әрі калий перманганатының бейтарап ерітіндісімен тотықтырғанда жалпы массасы 153 г болатын карбон қышқылдарының тұздары түзілген. Тұздар қоспасының құрамындағы калийдің массалық үлесі 30,59%. Бастапқы көмірсутектің формуласын табыңыздар және тотығу процесі толық жүрді деп алып оның ароматты көмірсутектерге айналу процесінің шығымын есептеңіздер.

 

11 – сынып

№11-1-2008ауд. Ерігіштік. 5 балл.

Алдымен CoCl2×6H2O кристаллогидраты мен суды белгілі массаларын араластыру арқылы кобальт хлоридінің 00С кезінде қаныққан ерітіндісі алынған. Сосын оны кобальт хлоридінің 800С кезінде қаныққан көлемі100 мл (r=1,48 г/мл) ерітіндісімен араластырып, алынған үшінші ерітіндіні 500С дейін суытқанда 20,0 г CoCl2×4H2O кристаллогидраты тұнбаға түскен. Алғашқы ерітіндіні алу үшін қажетті CoCl2×6H2O кристаллогидраты мен судың массаларын есептеңіздер. (Кобальт хлоридінің қаныққан ерітінділердегі сусыз тұздың массалық үлестері: 00С кезінде 29,53%, 500С кезінде 46,5%, 800С кезінде 50,0%)

№11-2-2008ауд. Электролиз. 6 балл.

Белгісіз бинарлық бейорганикалық қосылыстың (оның құрамындағы элементтердің массаларының қатынасы 1:0,145) балқымасының электролизі кезінде электродтардың бірінде 1,034 г металл, екіншісінде – 1800 мл газ (760 мл сынап бағанасы, 210С) жиналған. Электролиз күші 2А тоқпен 2 сағат бойы жүргізілген.

А. Электролизге ұшыраған қосылысты анықтаңыздар.

Б. Электролиз кезіндегі жүрген химиялық процесстердің теңдеулерін жазыңыздар.

 

№11-3-2008ауд. Химиялық тепе-теңдік. 7 балл.

Жабық ыдыста келесі тепе-теңдік орнаған: СО2(г) + Н2 (г) « СО (г) + Н2О (г); Тепе-теңдік константасы К=1. Анықтаңыздар: а) Егер 1 моль СО2 мен 5 моль Н2 араластырсақ, онда берілген температурада СО2 газының қанша проценті СО газына айналады? б) Егер тепе-теңдік орнағанға дейін сутектің бастапқы мөлшерінің 90%-і реакцияға түскен болса, онда бастапқы сәтте СО2 и Н2 газдары қандай көлемдік қатынаста араластырылған?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.