Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. 8 балл.. ауд. 9 балл.. ауд. 5 балл.. ауд. 6 балл.. ауд. 7 балл.



№9-4-2009ауд. 8 балл.

200С кезінде қаныққан магний хлоридінің ерітіндісін қыздырып, оған қосымша 3,5 г тұз ерітілген. Ерітіндіні бастапқы температураға дейін суытқанда 16,88 г MgCl2∙6Н2О кристалдары тұнбаға түскен. Бастапқы қаныққан ерітіндідегі сусыз тұздың массалық үлесін анықтаңыздар.

№9-5-2009ауд. 9 балл.

А заты құрамында 17,65% сутек бар бинарлық қосылыс. Газ тәрізді күйінде А заты құрамында 2,74% сутек бар Б газымен әрекеттесіп В тұзын түзеді. Сұйық күйінде А заты натрийді ерітеді және онымен Г тұзын түзе баяу әрекеттеседі. А-Г заттарын анықтаңыздар. А затын В затынан және Г затынан қалай алуға болады? В және Г заттары өзара әрекеттесе ме? А затының оттекпен реакциясы нәтижесінде қандай өнімдер алуға болады? А затын өнеркәсіпте қалай алатынын және оны қайда қолданатынын сіздер білесіздер ме? Химиялық реакция теңдеулерін жазып, оларды жүзеге асыру шарттарын көрсетіңіздер.

 

 

10 – сынып

№10-1-2009ауд. 5 балл.

H2 + I2 ↔ 2HI реакциясының тепе-теңдігі орнаған сәтте, оған қатысатын заттардың концентрациясы мынадай болды: [H2] = 0.4 моль/л, [I2] = 0,5 моль/л, [HI] = 0,9 моль/л. Иод пен сутектің бастапқы концентрацияларын және тепе-теңдік константасын анықтаңыздар.

 

№10-2-2009ауд. 6 балл.

Бутана, бутадиен және бутиннен тұратын қоспаны жағуға қажетті оттектің көлемі тура сондай жағдайда өлшенген қоспаның көлемінен 6 есе артық. Қоспада көміртектің бір атомына сутектің қанша атомы келеді?

 

 

№10-3-2009ауд. 7 балл.

Құрамы С8Н10 жалпы формуласымен өрнектелетін бензолдың қандай гомологтарын білесіздер. Олардың құрылым формулаларын келтріңіздер және атауларын жазыңыздар. Олардың калий перманганатымен қышқыл ортада қыздырғанда тотығу реакциясының теңдеуін жазыңыздар. Стехиометриялық коэффициенттерді электрондық баланс және жартылай реакциялар әдісімен таңдаңыздар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.