|
|||
АудХО-2009. ауд. 5 балл.. ауд. 6 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 8 балл.. ауд. 9 балл.. ауд. 5 балл.. ауд. 6 балл.. ауд. 7 балл.АудХО-2009 (Орындауға берілетін уақыт 180 минут)
8 – сынып №8-1-2009ауд. 5 балл. Иіс газы(СО) мен көмір қышқыл газының (СО2) қоспасындағы оттек атомдрының саны көміртек атомдарының санынан 1,75 есе көп. Осындай қоспаның 1 л (қ.ж.) көлемінің массасын есептеңіздер. Қоспаға келесі газдарды қосқанды оның тығыздығы қалай өзгереді; а) аргонды; б) криптонды. Жауаптарыңызды дәлелденіңіздер.
№8-2-2009ауд. 6 балл. Метан (СН4), аммиака (NH3) және сутек (H2) газдарының қоспасы берілген. Қоспадағы метанның молярлық үлесі 0,2, ал массалық үлесі - 50,79%. Қоспадағы газдардың молярлық үлестерін есептеңіздер.
№8-3-2009ауд. 7 балл. Натрий гидроксиді (NaOH) мен күкірт қышқылының (H2SO4) сулы ерітінділері араластыру арқылы құрамында 9,017% сутек және 79,733% оттек бар 100 г ерітінді алынған. Түзілген ерітіндідегі заттардың проценттік концентрацияларын анықтаңыздар. №8-4-2009ауд. 8 балл. Бутан (С4Н10) мен көмір қышқыл газынан (СО2) тұратын қоспада көміртектің үш атомына оттектің бір атомы сәйкес келеді. Газдар қоспасының азот бойынша тығыздығын есептеңіздер. №8-5—2009ауд. 9 балл. Магний мен литийдің қоспасы толық тотыққанда қатты фазаның массасы 2 есе өсті. Бастапқы қоспадағы әр металдың массалық үлесі қандай?
9 – сынып
№9-1-2009ауд. 5 балл. Үш газдан тұратын қоспадағы азот (IV) оксидінің молярлық үлесі 45%, көміртек (IV) оксидінікі -35%. Осы қоспадағы азот (IV) оксидінің массалық үлесі 49,6%. Үшінші газдың молярлық массасын анықтаңыздар. №9-2-2009ауд. 6 балл. Гелий бойынша салыстырмалы тығыздығы 3 болатын азот пен сутектің 1 моль қоспасына катализатор қосып жабық ыдыста қыздырғанда ыдыстың ішіндегі қысым 20 % азайған. Реакцияның шығымын есептеңіздер. №9-3-2009ауд. 7 балл. Келесі химиялық өзгерістерді жүзеге асырыыңыздар: FeS → SO2→ NaHSO3→ Na2SO4→NaNO3→ О2→ SO2→Ca(HSO3)2. Реакция теңдеулерін жазыңыздар. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін электрондық баланс әдісімен таңдап алыңыздар.
|
|||
|