Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. Газдар қоспасы. 8 балл.



№11-4-2008ауд. Газдар қоспасы. 8 балл.

Көлемі 44,8 мл (қ.ж.) метан мен оттектің қоспасын жағып, реакция өнімдерін қалыпты жағдайға келтіргенде алынған газ тәрізді қоспаның құрамындағы көміртектің массалық үлесі 54,55% болды. Бастапқы қоспаның массасын есептеңіздер.

 

№11-5-2008ауд. Жұмбақталған қосылыстар. 9 балл.

А қосылысы жарықта хлордың артық мөлшерімен әрекеттескенде Б қосылысы түзілген. Б қосылысы өз кезегінде В қосылысын активтелген көмірмен қосып қыздырғанда түзілген. В қосылысы ауадан сәл жеңіл және оны күміс оксидінің аммиактағы комплексінің ерітіндісі арқылы өткізгенде кептіргенде жарылғыш қаупі бар тұнба түседі. А, Б, В қосылыстарын атап, әңгіме болған барлық реакция теңдеулерін жазыңыздар. Тек анорганикалық реактивтерді пайдаланып, В қосылысын көмірден екі сатыда алудың әдісін ұсыныңыздар.

 

 

Ауд ХО -2008

 тәжірибелік тур тапсырмалары

(Орындауға берілетін уақыт – 2 сағат)

 

№8эксп-2008(ауд).Бес нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: бария хлориді, натрий хлориді, алюминий нитраты, калий карбонаты және күкірт қышқылы. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітінідісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.

 

№9эксп-2008(ауд).Алты нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: азот қышқылы, күкірт қышқылы, алюминий хлориді, калий карбонаты, барий нитраты және алюминий сульфаты. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітінідісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.

 

№10эксп-2008(ауд). Жеті нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: барий хлориді, натрий сульфаты, барий гидроксиді, натрий карбонаты, магний нитраты және күкірт қышқылы. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітінідісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.

№11эксп-2008(ауд).Сегіз нөмірленген сынауыққа келесі заттардың 0,1 М ерітінділері құйылған: HCl, NaOH, Na2SO4, Na2CO3, NH4Cl, Pb(NO3)2, BaCl2, AgNO3. Тек осы ерітінділер мен индикатор қағазын ғана пайдаланып, қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыздар. Анализ жасау жоспарын жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.