![]()
|
|||||||
ауд. Гомологтар. 9 балл.. ауд. Ерігіштік. 5 балл.. ауд. Аммиак синтезі. 6 балл. балл.. ауд. Белгісіз көмірсутектер. 7 балл.. ауд. Сұйытылған ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. 8 балл.№9-5-2008ауд. Гомологтар. 9 балл. А және Б көмірсутектері бір гомологиялық қатарға жатады. Б ауадан жеңіл. А көмірсутегінің Б бойынша салыстырмалы тығыздығы 2,75. А және Б заттарының мүмкін болатын формулаларын анықтаңыздар.
10 – сынып №10-1-2008ауд. Ерігіштік. 5 балл. Алдымен Na2S2O3×5H2O кристаллогидраты мен судың белгілі массаларын араластыру арқылы натрий тиосульфатының 00С кезінде қаныққан ерітіндісі алынған. Сосын оны натрий тиосульфатының 700С кезінде қаныққан көлемі 100 мл (r =1,65 г/мл) ерітіндісімен араластырып, алынған үшінші ерітіндіні 500С дейін суытқанда 30,0 г кристаллогидраты Na2S2O3×2H2O тұнбаға түскен. Алғашқы ерітіндіні алу үшін қажетті Na2S2O3×5H2O кристаллогидраты мен судың массаларын есептеңіздер. (натрий тиосульфатының қаныққан ерітінділердегі сусыз тұздың массалық үлестері: 00С кезінде 34,43%, 500С кезінде 62,92%, 700С кезінде 70,0%)
№10-2-2008ауд. Аммиак синтезі. 6 балл. балл. Аммиак синтезі процесі кезінде реактордағы қысым 10% кеміген. Бастапқы қоспадағы азот пен сутектің мөлшерлері стехиометриялық қатынасқа сәйкес деп алып, реакциядан кейінгі алынған қоспадағы газдардың көлемдік үлестерін анықтаңыздар. №10-3-2008ауд. Белгісіз көмірсутектер. 7 балл. А, Б және В көмірсутектерінің элементтік құрамы бірдей. Соңғы екеуінің изомерлері жоқ. А көмірсутегі толық жанғанда Б және В көмірсутектеріның қоспасына (моль сандары бойынша Б:В = 1:1) жанғанға қарағанда көлемі екі есе көп көмірқышқыл газы түзіледі. А қосылысын бромдағанда тек бір монобромтуындысы түзіледі. А,Б және В қосылыстарының мүмкін болатын құрылым формулаларын анықтап, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыздар. №10-4-2008ауд. Сұйытылған ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. 8 балл. Массасы 100 г суға 4,57 г сахароза С12Н22О11 ерітілген. Табыңыздар: а) 293 К кезіндегі ерітіндінің осмос қысымын; б) ерітіндінің кристалдану тeмпературасын; в) ерітіндінің қайнау температурасы; г) 293 К кезіндегі ерітіндінің бетіндегі қаныққан бу қысымын. 293 К кезіндегі су бетіндегі қаныққан бу қысымы 2,337 кПа (17,53 мм. сынап.бағ.). Ерітіндінің тығыздығы судың тығыздығымен бірдей деп санаңыздар. Судың эбуллиоскопиялық және криоскопиялық константалары сәйкесінше Е = 0,52 жіне К =1,86.
|
|||||||
|