Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. Қоспа. 8 балл.. рн. Ауаның тығыздығы. 9 балл.. ауд. Химиялық өзгерістер тізбегі. 5 балл.. ауд. Кристаллогидрат. 6 балл.. ауд. Қоспа. 7 балл.



№8-4-2008ауд. Қоспа. 8 балл.

Жалпы массасы 29,8 г кремний, мырыш және темір қоспасын натрий гидроксидімен өңдегенде көлемі 13,44 л (қ.ж.) газ бөлінген. Мөлшері тура осындай қоспаға тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 8,96 л газ бөлінген. Қоспаның құрамындағы заттардың массаларын анықтаңыздар.

 

№8-5-2008рн. Ауаның тығыздығы. 9 балл.

Ауа құрамы (массасы бойынша): азот- 75,6%, оттек – 23,1%, аргон – 1,3%. Ауаның орташа салыстырмалы молекулалық массасын, оның 2 атм және 300 К кезіндегі тығыздығын есептеңіздер.

 

 

9 - сынып

№9-1-2008ауд. Химиялық өзгерістер тізбегі. 5 балл.

Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар: СаСО3 ® СаО ® СаС2 ® СО2 ® С ® Са(НСО3)2 ® СаСО3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін электрондық баланс әдісімен тенестіріңіздер. Иондық реакциялардың молекулалық және қысқаша иондық теңдеулерін жазыңыздар.

        

№9-2-2008ауд. Кристаллогидрат. 6 балл.

Белгісіз металл сульфатының судағы ерітіндісін суытқанда мөлшері 0,5 моль кристаллогидрат алынды. Кристаллогидраттың құрамындағы сусыз тұздың массалық үлесі 51,351%, ал кристалдық судың массасы сусыз тұздың массасынан 9 г кем. Кристаллогидраттың формуласын анықтаңыздар және оның молекулалық массасын есептеңіздер.

 

№9-3-2008ауд. Қоспа. 7 балл.

Белгісіз екі валентті металдың гидриді мен нитридінің қоспасын сумен өңдегенде сутек бойынша тығыздығы 2,658 болатын газдар қоспасы алынды. Қоспаның құрамындағы гидрид пен нитридтің массалық үлестері бірдей екенін ескере отырып, металды анықтаңыздар.

 

№9-4-2008ауд. Асыл металдардың ерітіндісі. 8 балл.

Күмісті 57%- тік азот қышқылында еріткенде оның массалық үлесі 45%.-ке дейін азайды. Бұдан кейін осы ерітіндіде мысты еріткенде қышқылдың массалық үлесі 39%-ке дейін азайды. Соңғы ерітіндідегі заттардың массалық үлестерін есептеңіздер.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.