Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Полимерлену реакциясының кинетикасы. 10 балл.



№11-7-2007обл. Полимерлену реакциясының кинетикасы. 10 балл.

Винилацетаттың блоктық полимерлену (еріткіш жоқ жағдайда) процесін зерттеу кезінде полимерлену әсерінен реакциялық массаның көлемінің салыстырмалы кемуі анықталған. Тәжірибе кезінде келесі нәтижелер алынған:

 

t, с
DV/V0% 0,67 1,44 2,21 2,98 3,55 5,52 6,71 8,39 10,36

 

Белгілі мәліметтер: мономердің бастапқы көлемі (V0) 100 см3; толық полимерленуге сәйкес өнімнің көлемі (Vp)73,2 см3; көлемнің өзгеруі реакцияға түскен мономердің мөлшеріне пропорционал. А) Винилацетаттың полимерлену процесі бірінші ретті кинетикалық теңдеумен сипаталатынын дәлелдеп көрсетіңіздер. Есептеу нәтижесінде алынған аралық нәтижелерді жүйелеп, кесте түрінде келтіріңіздер. Б) Қанша уақыттан кейін мономердің бастапқы мөлшерінің жартысы қалатынын есептеңіздер.

 

№11-8-2007обл. Фотохимия. 12 балл.

Қараңыз: №10-7-2007обл. Фотохимия.

 

Аудандық химия олимпиада есептері (2008 ж)

 (Орындау уақыты – 3 астрономиялық сағат)

 

8 – сынып

№8-1-2008ауд. Химиялық өзгерістер тізбегі. 5 балл.

Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар: Сl2 ® KCl® KClO3 ® KCl ® KNO3 ® O2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэфициенттерін электрондық баланс әдісімен тенестіріңіздер. Иондық реакциялардың молекулалық және қысқаша иондық теңдеулерін жазыңыздар.

 

№8-2-2008ауд. Ерітінділерді араластыру. 6 балл.

Бір кәсіпорнында натрий гидроксидінің 800 кг 42,1%-тік, 12500 кг 40,7 %-тік және 7200 кг 29,2%-тік ерітінділерін араалыстыру арқылы қажетті ерітінді дайындалды.

А. Алынған ерітіндідегі еріген заттың концентрациясы қандай?

Б. Осы ерітіндіден натрий гидроксидінің 32%-тік ерітіндісінің қанша килограмын дайындауға болады?

 

№8-3-2008рн. Ерігіштік. 7 балл.

Калий нитратының 600С және 200С кезіндегі 1л судағы ерігіштігі сәйкесінше 1101 г және 315 г. 600С кезінде қаныққан ерітіндінің 40 грамын 200С дейін суытқанда қанша грамм тұз бөлініп тұнбаға түседі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.