Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Атом құрылысы және периодтық кесте. 4 балл.



№11-1-2007обл. Атом құрылысы және периодтық кесте. 4 балл.

А) Клечковский ережесін тұжырымдап, көп электронды атомдардың орбитальдарының электрондармен толу тәртібін түсіндіріңіздер. Атомда 4р деңгейшесінен кейін қай орбиталь электрондармен тола бастайды? (2 балл)

Б) Орбиталь квант саны l = 3 болатын энергетикалық деңгейшенің электрондары үшін магнит квант санының қандай мәндері болуы мүмкін? (1 балл)

В) Атомның бас квант саны n = 4 болатын қабатындағы электрондардың максималь саны қандай болуы мүмкін? (1 балл)

 

№11-2-2007обл. Өнеркәсіптік процесстер. 6 балл.

Келесі заттарды өнеркәсіптік жолмен алудың негізінде жатқан химиялық реакциялардың теңдеулерін келтіріңіздер: H2SO4, NH3, Na2CO3, Cl2, NaOH, HNO3? Әр реакцияны жүргізудің оптималь жағдайын атап көрсетіңіздер. Химиялық тепе-теңдікті өнім түзілетін жаққа қарай ығыстыру үшін Ле Шателье принципіне сәйкес температура мен қысымды қай жағдайда және қалай өзгерту керек?

№11-3-2007обл. Электронның қасиеттері. 8 балл.

а) Жылдамдығы 2×106 м/с электронның толқын ұзындығын анықтаңыздар.(2 балл)

б) Негізгі күйде тұрған сутек атом электронының қозғалу жылдамдығын есептеңіздер (2 балл)

в) Сутек атомының иондану энергиясын есептеңіздер. (2 балл)

г) Сутек атомындағы бірінші Бор орбитасында электрон қозғалысы жылдамдығының анықтылмағыштығын есептеңіздер. (2 балл)

№11-4-2007обл. Аминқышқылының құрылымын анықтау. 8 балл.

Сірке және қаныққан синтетикалық дикарбон аминқышқылының қоспасын натрий гидрокарбонаты ерітіндісінің артық мөлшерімен өңдегенде 6,72 л газ (қ.ж.) түзілген. Бастапқы қоспаның тура осындай мөлшерін оттектің артық мөлшерінде жаққанда түзілген 20,16 л (қ.ж.) газ қоспасы NaOH ерітіндісінің артық мөлшері арқылы өткізілген. Қалған газ қоспасының көлемі 88,89 % кеміген және оның сутек бойынша тығыздығы 15 болған. Амин қышқылының мүмкін болатын құрылым формуласын келтіріңіздер. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.