Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Жұмбақталған заттар. 12 балл.



№10-6-2007обл. Жұмбақталған заттар. 12 балл.

Массасы 0,500 г құрғақ А тұзын қақтау массасы 0,194 г қатты Б тұзының түзілуіне және 155 мл (қ.ж.) Г1 газының түзілуіне әкелді. Б затына концентрлі күкірт қышқылымен әсер етсе, В тұзы, Г2 газы және су түзіледі. Б затының сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесуі Д тұзы мен жанғыш Г3 газының түзілуіне әкеледі. А затының сонымен қатар концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесуге қабілеті бар. Оның нәтижесінде В заты, Г1, Г2, Г4 газдарының қоспасы және су түзіледі. Барлық заттарды атап, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыздар. Өздеріңіздің жорамалдарыңызды есептеулер арқылы дәлелдеңіздер.

№10-7-2007обл. Фотохимия. 12 балл.

А) Молекула күйіндегі хлордың ыдырауы эндотермиялық процесс: DН = 243,6 кДж/моль. Ыдырау, мысалы, фотолиз нәтижесінде болуы мүмкін. Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер: а) Молекулалардың ыдырауы жұтылатын жарық сәулелерінің толқын ұзындығының қай мәнінде басталуы мүмкін? б) Қай сәулеледің белсенділігі жоғары: толқындарының ұзындығы есептеу нәтижесінде табылған шекаралық мәннен үлкен сәулелердікі ме, әлде толқындарының ұзындығы есептеу нәтижесінде табылған шекаралық мәннен кіші сәулелердікі ме? в) Толқын ұзындығы шекаралық мәнге сәйкес фотондардың энергиясы қандай? г) Хлор мен сутектің қоспасына хлор молекулаларын ыдыратуға шамасы келетін сәулелермен әсер еткенде НСl түзіледі. Сиымдылығы 10 л ыдыстағы хлор мен сутек қоспасына қуаты 10 Вт ультракүлгін сәулелер шығаратын сынап шамымен әсер еткенде газдар қоспасы бағытталған энергияның 2 % бөлігі жұтылған. Тәжірибе басталғаннан кйінгі 2,5 с ішінде 65 ммоль НСl түзілген. Реакцияның кванттық шығымы қандай? д) осының алдындағы г пунктіндегі алынған нәтижелерге сапалық сипаттама беріңіздер.

Б) Н2 мен Сl2, H2 мен Br2 арасындағы реакциялар бірдей тізбектік механизм арқылы жүреді. Химиялық өзгерістер тізбегі бастауға қабілетті жарық сәулесі ұзындығының максимал (мейлінше жоғары) мәні осы реакциялардың қайсысы үшін жоғары?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.