Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Қанайналымның жеткіліксіздігі.



5.Тақырып: Қанайналымның жеткіліксіздігі.

 

2. Мақсаты: Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің эпидемиологиясы мен жіктемесі бойынша білімдерін тереңдету. Қанайналым жеткіліксіздігінің амбулаториялық жағдайдағы диагностикасы, амбулаториялық жағдайдағы жүргізу тәсілдері, стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіштері, динамикалық бақылау, дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелері және алдын алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

    Әлеуметтік – мәнді жүрек ауруларымен науқастарды жүргізуде кардиологиялық мектептер ұйымдастыру принциптерін үйрету.

 

 Оқыту мақсаты:

- Студент білуі тиіс:

1. Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясын және патогенезі;

2. Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің жіктемесі, клиникасы, ағымы, асқынулары және болжамы;

3. Амбулаториялық жағдайдағы диагностикасы;

4. Амбулаториялық жағдайдағы жүргізу тәсілдері;

5. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіштері;

6. Динамикалық бақылау жүргізу;

7. Дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелері және алдын алу.

8. Жүрек ауруларымен науқастарды жүргізуде кардиологиялық мектептер ұйымдастыру принциптері.

 9. Реабилитациялық бағдарламасы мәселелері;

10. Санаториялық – курорттық ем тағайындауын. Алдын алуын.

 

Студент жасай алуы тиіс:

· амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;

· амбулаторлық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;

· басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;

· еңбекке жарамсыздығын сараптау;

· науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;

· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату.

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Науқасты қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;

· Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

· ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы, стенокардиядағы және миокард инфарктының ЭКГ белгілерін талдауды;

 Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

а) базистік білімі бойынша:

4. Қан айналым жүйесінің қалыпты физиологиясы.

5. Ишемияның патофизиялық механизмдері.

6. Пропедевтика курсынан: жүрек қан тамыр жүйесі ауруларын зерттеу тәсілдері.

б) сабақ тақырыбы бойынша:     

1. Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы туралы түсінік.

2. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктының анықтамасы.

3. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктының этиологиясы, қауіпті факторлары.

4. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктының клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері.

5. Стенокардияның және миокард инфарктының ЭКГ – белгілері.

6. Миокард инфарктының сатылары, ЭКГ-белгілері.

7. Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету шаралары.Ұстамадан тыс уақытта медикаментозды емдеу принциптері.

8. МИ кезінде шұғыл көмек.

9. Хирургиялық емдеу тәсілдері (аортокоронарлы шунтылау).

10. Амбулаториялық жағдайдадағы негізгі және қосымша диагностикалық шаралар.

11. Амбулаториялық жағдайда науқасты ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптері.

12. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші.

13. Динамикалық бақылау.

14. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері.

15. Миокард инфарктісінің реабилитациясы. 

16. Санаториялық – курорттық ем тағайындау. Алдын алу.

    

 Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық,  проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар).

 

Қолданылатын әдебиеттер:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.