Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Миокард инфаркты бар науқаста 15-20 күн қызба, артралгия, кеуде клеткасының ауырсынуы тыныс алумен байланысты болса, не жайында ойлау қажет?



2 - вариант

1. Стенокардияның ЭКГ-лік белгісі көрінеді:

А) QT интервалының ұзаруы

B) PQ интервалының ұзаруы

C) Q тісшесінің амплитудасы R тісшесінің үштен біріне тең және ұзақтығы 0,03 сек.тан артық
D) ST сегментінің изосызықтан 1мм биіктеуі және Т тісшесінің инверсиясы
E) QRS комплексінің кеңеюі                                               

2. Стабильді емес стенокардияның қолайсыз болжамы:

А) миокард инфарктінің дамуы

B) ми тамырларында тромбоэмболия

C) өкпелік гипертензияның пайда болуы
D) венозды жетіспеушіліктің қалыптасу
E) ісінудің пайда болуы

3. Науқасқа миокард инфаркт кезінде ацетилсалицил қышқылының әсері жеткіліксіз болса, қандай антиагрегантты тағайындаймыз:

А) дипиридамол (курантил)

В) клопидогрель (плавикс)   

С) тромбо АСС

D) абсиксимаб

Е) аминофиллин

4. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің I функциональді класында ентігу пайда болады:

А) тыныштықта

В) горизонтальды жағдайда

С) ауыр физикалық күш түскенде

D) жеңіл физикалық күш түскенде

Е) күнделікті физикалық күш түскенде

5. Созылмалы жүрек жетпіспеушілігінің белгілері:

A) ентігу мен тахикардия

B) әлсіздік пен жүрек тұсындағы ауыру сезімі

C) құрғақ жөтел және ентігу

D) жүрек тұсындағы ауыру сезімі мен тахикардия

E) жүрек ырғағының бұзылыстары мен әлсіздік

6. Жүрек жеткіліксіздігімен негізделген тахикардияны жоюға арналған таңдау препараты:

A) верапамил

B) допутамил

C) дигоксин

D) пропранолол

E) дилтиазем

7. Диастолалық жүрек жетіспеушілігінің тиімді тексеру әдісі:

А) ЭКГ

В) рентгендік тәсілдер

С) Эхокардиография допплер режимінде

D) велоэргометрия

Е) Эхокардиография

8. 42 - жастағы ер адам, таң алдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң мәнді. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) ЖИA. Вазоспастикалық стенокардия

B) ЖИA. Үдемелі стенокардия

C) ЖИA. Күштемелі стенокардия ФК II

D) ЖИA. Күштемелі стенокардия ФК III

E) ЖИA. Күштемелі стенокардия ФК IV

9. Жиі кездесетін миокард инфарктының түрі:

А) аритмиялық

В) ангиноздық

С) абдоменальдік

D) церебральдік

Е) астмалық

10. Миокард инфаркты бар науқаста 15-20 күн қызба, артралгия, кеуде клеткасының ауырсынуы тыныс алумен байланысты болса, не жайында ойлау қажет?

А) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

В) миокарт инфарктының қайталануы

С) Дресслер синдромы

D) эпистенокардиялық тромбоэндокардит

E) жүрек аневризмасы

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.