Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ситуациалық есеп №1. Ситуациалық есеп № 2



Ситуациалық есеп №1

    55 жастағы әйел ауруханаға түсті. Шағымдары: басының шүйде аймағы аурады, басы айналады, қулақтары шулайды, жүрек тұсы шаншып ауырады, жүрегі айниды, бір рет құсқан.

     Анамнезінде: 10 жыл бойы аурады, АҚ жоғары екені бірінші рет медициналық қарау кезінде анықталған. Содан бастап диспансерлік бақылауда тұрады, кей кездерде энат, атенолол, тромбокард ішіп жүреді. Үш рет стационарда емделген, бірақ шыққаннан кейін тағайындалған емді толық және тұрақты қолданбаған. Себебі: басы ауырмағанда дәрілерін ішпеген. Соңғы 2 жыл ішінде АҚ 170/100 мм.с.б. көтерілді, кейде 220/120 мм.с.б. жоғарылайды. Кеше жұмысындағы жағымсыз жағдайға байланысты, көңіл-күйі нашарлады: басы қатты ауырып айналды, жүрегі шаншыды, жүрегі айнып бір рет құсты. Гипотензивті дәріні ішкеніне қарамастан «Жедел жәрдем» машинасымен ауруханаға жеткізілді.

  Қарау: жағдайы орташа ауырлықта, бет-қабақтары аздап ісінген, бозғылт. Сана сезімі айқын, патологиялық рефлекстері жоқ. Бетінің сол жағында тактильдык және ауырсыну сезімталдығы төмендеген. Перкуссияда жүректің шала тұйық шекарасы солға 2 см ығысқан, тыңдағанда 2-ші нуктеде ІІ тонның акценті естіледі. АҚ 230/120 мм.с.б. Пульсі 60 рет минутына, ырғақты. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясының белгілері анықталады.

1. Диагнозды қойыңыз. Науқаста қандай асқыну дамыған?

2. Жедел жәрдем көрсетіңіз.

3. Тексеру жоспарын жазыңыз.

4. Емді тағайындаңыз.

Ситуациалық есеп № 2

Науқас Т., 19 жаста, стационарға: жүрек соғуының жиiлеуi, қалтырау, терлеу, терісінің қуқылдануы, басының айналуы, жүрек айнуы, құсу, басының қатты ауруымен сипатталатын ұстамаға шағымданып келді.

    Өзiн 3 жылдан берi ауру деп санайды. Алғашқыда ұстама 10-20 минуттарға созылған, кейiнгi кездерi 2-3 сағат және одан ұзақ уақытқа созылатын болды. Ұстама кезiнде артериялық қысымы өте жоғарылайды және ұстама аралық уақытында да жоғарылаған күйiнде қалады.

    Науқас емханада тексерiлген, нейроциркуляциялық дистония қойылған. Жарты жылдан кейiн “Гипертонялық ауру II сатысы, бас миының зақымдалуымен” деген диагноз қойылған. Клофелин, допегит, капотенмен ем – нәтижесiз болған.

    Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары қалыпты түсті. Жүрек ұшында әлсiз систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi бар. АҚ 150/100 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасына сәйкес келедi. Бүйректі пальпациялау кезiнде науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, қорқыныш сезiмi туды, терiсі бозғылттанды, аяқ-қолдарының салқындауы және треморы, жүрек айнуы, тершеңдік дамыды. Артериялық қысымы 250/140 мм сын. бағ. дейін көтерілді. Пульс кернеуі жоғарылады, минутына 120 рет болды.

Ұстама кезiнде түсірілген ЭКГ-да тахикардия, қарыншалық экстрасистолия тіркелді. Қанда лейкоцитоз – 11,2х109/л.

1. Алғашқы диагнозды қойыңыз.

2. Тексеру жоспарын жазыңыз.

3. Дифференциялық диагноз схемасын құрастырыңыз.

4. Айығу және еңбекке қабiлеттiлік болжамын анықтаңыз.

5. Дәрiгердiң тактикасы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.