|
|||
Ситуациалық есеп № 4Ситуациалық есеп № 4 52 жастағы науқас, ер кiсi, II топ мүгедегi, келесi шағымдармен келдi: тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек жұмысының шалыстығын сезу, аяқ бастарының iсiнуi, оң қабырға астындағы ауырлық сезiмi. Екі жыл бұрын миокардтың инфарктiсiмен ауырғаннан берi болмашы физикалық күштенулерге жүрек қағып кетуi, жүрек тұсының ауыруы, инспирациялық ентiгу мазалайды. Жағдайы бiр ай бұрын төмендеген: ентiгуі күшейген, аяқ басы мен балтырларының iсiнуi, жүрек жұмысының шалыстығы, оң қабырға астының ауыр тартуы дамыған. Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, акроцианоз. Аяқтары балтырына дейiн iсiнген. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi аймақтарында тынысы әлсiреген, сол жерлерде үнсiз ылғалды сырылдар естiледi, тыныс жиiлiгi 26 әр минутта. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, ж.с.с. 118 минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульсi 102 рет минутына, ырғақсыз, кернеуi мен толуы әртүрлi, пульс тапшылығы бір минутта – 16. Пальпацияда iшi жұмсақ, оң қабырға астының ауырсынуы бар, бауыры 4 см-ге шығыңқы, пальпацияда ауырады, қатты эластик консистенциялы, талағы үлкеймеген. ЭКГ-де: RR интервалы 0,48-0,65 сек, Р тiсшесi жоқ, III, aVF тiркемелерiнде кеңіген, терең Q тiсшесi. 1. Болжам диагнозы. 2. Негiзгi синдромына байланысты (ЭКГ-ны шешiңiз) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспары. 3. Дифференциялық диагнозы. 4. Емi.
4.Тақырып: «Ырғақтың бұзылу синдромы.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Экстрасистолиямен жыбыр аритмиясының клиникалық және ЭКГлық белгілері. Өткізгіштіктің бұзылуы. Амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі. Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосанжарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші. Дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелері. Реабилитациялық бағдарлама. Динамикалық бақылау». Сабақтың мақсаты:Аритмиялардың амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі, амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы, стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші, дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелері, реабилитациялық бағдарламасы, динамикалық бақылау және алдын-алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру. Оқыту мақсаты: - Cтудент білуге тиіс: 29. Аритмиялардың этиологиясын және патогенезін; 30. Аритмиялардың жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын; 31. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін; 32. Аритмиялардың заманауи емдеу принциптерін; 33. Аритмиялардың амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмін; 34. Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасын; 35. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткішін; 36. Дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелерін; 37. Реабилитациялық бағдарламасын; 38. Динамикалық бақылауды және алдын-алуын Студент жасай алуы тиіс: · амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау; · амбулаторлық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою; · басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу; · еңбекке жарамсыздығын сараптау; · науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру; · науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату; Дағдыларды игерген болуы тиіс: · Аритмиясы бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді; · Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды; · ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы және ырғық бұзылысы бар науқастардағы ЭКГ-ны талдауды. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар: а) базистік білімі бойынша: 1. Жүрек-тамыр жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі. 2. Жүректің өткізгіштік жүйесінің схемасы б) сабақ тақырыбы бойынша: 1. Ырғақ және өткізгіштік бұзылысының жіктемесі. 2. Аритмияның негізгі этиологиялық факторлары. 3. Аритмияның патогенетикалық даму механизмі. 4. Жүрекшелер жыбыры, даму себептері, механизмдері. 5. Жүрекшелер дірілі, даму себептері мен механизмі. 6. Синус түйіні әлсіздік синдромының даму себептері мен механизмі, классификациясы. 7. АВ блокадаларының даму себептері мен механизмі, классификациясы. 8. Жүрек ырғағы және өткізгіштігі бұзылыстарының ЭКГ диагностикасы; 9. Миокард зақымдануына және аритмияға байланысты ем ерекшеліктері; 10. Антиаритмиялық препараттардың жіктемесі. 11. Антиаритмиялық дәрілердің аритмогенді әсері. 12. Антиаритмиялық дәрілердің бір-бірімен әсері. 13. Антиаритмиялық препараттарды бірлестіріп қолдану. 14. Аритмиялардың амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі. 15. Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы. 16. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші. 17. Дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелері. 18. Реабилитациялық бағдарламасы. 19. Динамикалық бақылау және алдын-алу. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар). Тест сұрақтары:
|
|||
|