Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Синустық аритмияның ЭКГ-лық көрінісі



1-вариант

1. ЭКГ-да QRS комплесінің біркелкі деформациясы тіркелінген. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін?

A) қарыншалық экстрасистолия

B) пароксизмальды суправентикулярлы тахикардия

C) синустық тахикардия

D) пароксизмальды қарыншалық тахикардия

E) пароксзмальды қарыншалар фибрилляциясы

2. С. атты 42 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?

A) Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағым

B) Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)

C) Ишемиялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ І (ФК І)

D) Рестриктивті кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

E) Дилатациялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

3. 62 жастағы науқаста орташа дәрежелі ауырлықтағы бронх демікпесінің өршу фонында инфаркттан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистолия. Науқасқа мүмкіндігінше қандай базисті ем қолданасыз?

A) теотард + симвастатин

B) атровент+ атенолол

C) сальметерол+ тромбоасс

D) флютиказон+ верапамил

E) преднизолон

4. QRS кешенінің кеңеюімен тахикардия кезінде Р тісшелерінің болмауы тән:

A) Жүрекшелік пароксизмальды тахикардия

B) Атриовентрикулярлы пароксизмальды тахикардия

C) Лаун – Генонг – Ливайн синдромында жүрекшелік пароксизмальды тахикардия

D) Қарыншалық пароксизмальды тахикардия

E) Синусты аритмия

5. 58 жастағы науқаста - ЖИА, атеросклерозды кардиосклероз СЖЖ ФК 11, синусты ырғақ. Анамнезінде стенокардия ұстамалары болған. ЭХОКС – та сол жақ қарыншаның диастололық дисфункциясы анықталған. Жүректің қызметтік жағдайын жақсарту үшін, қандай препаратты қолдану керектігін көрсетіңіз:

A) Селективті бета-блокаторларды

B) Жүрек гликозидтерін

C) Шумақты диуретиктер

D) Альдостерон антагонисттері

E) Оң инотропты нәтижемен гликозидті емес препараттарды

6. Жүрекше жыбырын ЭКГ да көрсетеді:

А) Ретсіз F толқынының әртүрлі формасы мен амплитудасы

Б) QRS комплексінің  0,12c ұлғаюы

В) ST сегментінің изолиниядан төмендеуі

Г) биік, үшкір,P тісшесі.

7. Жүрек соғу санына қарай жыбыр аритмияны мына төмендегі түрлерге бөледі:

А) нормосистолиялық, тахисистолиялық., брадисистолиялық

В) нормосистолиялық, пароксизмдік, брадисистолиялық

С) нормосистолиялық, тахисистолиялық., пароксизмдік

D) пароксизмдік, тахисистолиялық., брадисистолиялық

Е) өтпелі, пароксизмдік, брадисистолиялық

8. Атриовентрикулалық блокада – дегеніміз, бұл:

A) импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулануы немесе үзілуі

B) синус түйінінен шыққан импульстің жүркешелерге өтуінің бұзылысы

C) синус түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуі

D) синус түйінінің тоқтауы

E) номотоптық бұзылыстар

9. Тахикардия кезінде QRS кешенінің кеңеюімен қатар Р тісшелерінің болмауы - тән:

А) жүрекшелік пароксизмальды тахикардияға

В) атриовентрикулярлы пароксизмальды тахикардияға

С) қарыншалық пароксизмальды тахикардияға

D) синусты аритмияға

Е) синусты тахикардияға

10. Идиопатиялық қарыншалық тахикардияда нәтижелі:

А) обзидан

В) верапамил

С) новокаинамид

D) кордарон

Е) лидокаин

2-вариант

1. Жүрекшелер жыбырының ЭКГ-белгілері:

А) Р-тісшесінің жоқтығы, Р-тісшенің қос өркештенуі, РQ аралығының ұзаруы

В) Q -тісшесінің пайда болуы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі

С) Р-тісшесінің жоқтығы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі

D) QRS комплексінің деформациясы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі

Е) Р-тісшесінің жоқтығы, РQ аралығының ұзаруы, R-R аралықтарының әртүрлілігі

2. Атриовентрикулалық блокада – дегеніміз, бұл:

A) импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулануы немесе үзілуі

B) синус түйінінен шыққан импульстің жүркешелерге өтуінің бұзылысы

C) синус түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуі

D) синус түйінінің тоқтауы

E) номотоптық бұзылыстар

3. Синустық аритмияның ЭКГ-лық көрінісі

А) R-R аралықтар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық

В) тыныстық аритмияда R-R-аралықтары тыныс фазасына сәйкес: дәмді алу кезінде қысқарады,шығару кезінде ұзарады

С) Р – тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған

D) R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық

Е) тұрақты түрде QRST кешендерінің түсіп қалуы

4.  І дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың жүрекшелік түріндегі ЭКГ көрінісі:

А) QRS комплексінің деформациялануы

В) S-T сегментінің биіктеуі

С) PQ аралығының 0,20с артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі

D) барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі

Е) R-R аралықтарының қысқаруы

5. Синустық тахикардияның ЭКГ-лық сипаттамалары:

А) Р – тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған РQ аралығы 0,12-0,22 С шамасында

В) тыныстық аритмияда R-R-аралықтары тыныс фазасына сәйкес: дәмді алу кезінде қысқарады,

шығару кезінде ұзарады

С) Р – тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған

D) R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық

Е) R-R аралықтар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық.

6. ІІ дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың ІІ типіндегі (Мобитц ІІ тип) ЭКГ көрінісі:

А) PQ аралығының 0,20с артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі

В) PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің деформацияланып, бірқатарының түсіп қалуы

С) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің пішінінің бұзылмауы

D) QRS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі

Е) QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі

7. Синустық түйiннiң әлсiреу синдромында, жүректiң жиырылу жиiлiгiн күшейту үшiн қолданылады:

A) атропин

B) анаприлин

C) верапамил

D) дигоксин

E) конкор

8. Атриовентрикулалық блокаданың басты белгісі:

А) f толқындарының пайда болуы

В) РQ аралығының ұзаруы

С) QRS комплексінің деформациясы

D) R-R аралықтарының қысқаруы

Е) барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі

9. Морганьи – Адамс – Стокс синдромы дамиды:    

А) жүрекшенің жыбырында

В) қарынша үстілік тахикардияда

С) үдемелі түйінді ырғақта

D) толық атриовентрикулярлы блокадада

Е) қарыншалық экстрасистолияда



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.