Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тест сұрақтары. вариант. жастағы ер адам, жедел жәрдем бригадасымен жалпы әлсіздікке шағымданып, ауыр жағдайда жеткізілді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды, сұрғылт цианоз, ая&



6. Тест сұрақтары

1- вариант

1. Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының трансмуральды миокард инфарктысы бар науқастың, 3 аптасында ЭКГ-да V1-V4 тіркемесінде ST сегментінің элевациясы, жүрек тропониннің деңгейінің жоғарлауы сақталған. Осы жағдайды қалай дұрыс бағалау қажет?                                

A) Қайтадан миокард инфарктысы     

B) Миокардтың қалыпты тыртықтану үрдісі

C) Эпистенокардиялық перикардит                                  

 D) Дресслер синдром                                

 E) Жүрек аневризмасы

2. 58 жастағы науқаста - ЖИА, атеросклерозды кардиосклероз СЖЖ ФК 11, синусты ырғақ. Анамнезінде стенокардия ұстамалары болған. ЭХОКС – та сол жақ қарыншаның диастололық дисфункциясы анықталған. Жүректің қызметтік жағдайын жақсарту үшін, қандай препаратты қолдану керектігін көрсетіңіз:

A) Селективті бета-блокаторларды

B) Жүрек гликозидтерін

C) Шумақты диуретиктер

D) Альдостерон антагонисттері

E) Оң инотропты нәтижемен гликозидті емес препараттарды

3. Коронароангиографияны тағайындау төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысында  БАРЫНША тиімді:

A)СЖШ декомпенсациясы

B) ЖИА үдемелілігі

C) жүрек ырғағының бұзылысы

D) тұрақты стенокардияның I - II ФК

E)тұрақты стенокардияның III—IV ФК

4. 46 - жастағы ер адам, жедел жәрдем бригадасымен жалпы әлсіздікке шағымданып, ауыр жағдайда жеткізілді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды, сұрғылт цианоз, аяқ-қолдары суық. Жүрек үндері тұйықталған, бөдене ырғағы, ЖЖЖ- 110 рет мин. АҚ - 85/55 мм.с.б.б. Олигурия - 20 мл/сағ аз. ЭКГ: синустық тахикардия, QS V1-V6, осы шықпаларда ST сегменті изосызықтан жоғары монофазды қисық түрінде.

Төмендегі көрсетілген жағдайлардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

A) гиповолемия

B) кардиогенді шок

C) жедел қан кету

D) варианттық стенокардия

E) жедел бүйрек жетіспеушілігі

5. 73 жастағы ер адам, реанимация бөліміне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауыру сезімі ауруханаға дейінгі кезеңде жойылды. Объективті: тері жамылғылары сұрғылт, суық жабысқақ термен жабылған. Өкпеде- іркілісті сырылдар. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: V2-V6 шықпаларында ST сегментінің депрессиясы.

Жедел жүрек жетіспеушілігінің белгілерін жою үшін мынаны БІРІНШІ кезекте енгізу барынша тиімді:

A) лазиксті

B) изокетті

C) допаминді

D) промедолды

E) тромбофлюксті

6. Тұрақты стенокардия кезінде ауырсынудың ұзақтығы құрайды:

А) 15мин

B) 30мин

C) 30мин.дан көп
D) 40-45мин
E) 3мин

7. Миокардтың ауырсынусыз ишемиясында негізгі әдіс болып табылады:

А) тыныш жағдайындағы ЭКГ

B) эхокардиография

C) ЭКГ-ін тәуліктік мониторлау

D) күштемелік сынама
E) велоэргометрия

8. Стабильді стенокардияда I функциональды классында ұстамалардың пайда болуы анықталады:

А) тыныш жағдайда

B) тегіс жермен 100 метр жаяу жүргенде

C) ұстамалар үйреншіктіден артық күш салынғанда пайда болады
D) орташа жылдамдықта тегіс жермен 100-500 метр жаяу жүргенде
E) тегіс жермен 200 метр жаяу жүргенде

9. Бета-адреностимуляторы изадрин сынамасы келесі мақсатта қолданылады:

А) атрио-вентрикулярлық өткізгіштік бұзылысының жасырын диагностикасы үшін

B) қанның реологиялық қасиетінің бұзылысын анықтау үшін

C) жасырын коронарлық жетіспеушілікті анықтау үшін

D) синус түйінінің әлсіздік синдромының диагностикасы үшін
E) жасырын жүрек шамасыздығын анықтау үшін

10. Трансмуральды миокард инфарктына мына белгілердің қайсысы тән:

А) төмен вольтты ЭКГ

В) жоғары ассиметриялы Т тісшесі

С) Т тішесінің теріс болуы

D) qR және ST сегментінің депрессиясы

Е) QS және ST сегментінің элевациясының жоғарлауы

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.