Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ситуациалық есеп № 3. Ситуациалық есеп № 4.



Ситуациалық есеп № 3

Науқас М., 26 жастағы даяшы әйел, стационарға басының ауруы, бұлшық еттерінің әлсiздiгi, еңбекке қабiлеттілігiнiң төмендiгi, шөлдеу, несеп бөлуінiң жиiлеуi, ұйқысының бұзылуы шағымдарымен келiп түстi. Өзiн кейiнгi бір жылда ауру санайды. Дәрiгерге салмағының артуы мен жалпы әлсiздiк мазалаған соң қаралған, артериялық гипертензия анықталған (АҚ 150/100 мм сын. бағ.) гипотензиялық дәрмектермен емделген. Бiртiндеп аузының құрғауы, шөлдеу дамып, терiсiнде безеулер, қолтық асты шұңқырының түктерінiң жоғалуы, салмақ қосу және жалпы әлсiздiк үдеген. Анамнезiнде жиi салқындаулар, 2 рет бүйректік шаншуы болған, етеккірдiң бұзылысы бар.

Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бетіне, мойнына, төс аймағына, ішіне, сандарына май жиналған, iшi және сан терiлерiнде ашық-қызыл жолақтар бар, салмағы 96 кг, бойы 160 см. Бетi қошқыл-қызыл, кеңейген майда қан тамырлары көзге айқын көрiнедi. Бетiнде, кеудесiнде, арқасында гипертрихоз. Жүрек шегі сол жағына шамалы ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. АҚ 200/100 мм сын. бағ.

Қан анализiнде: эрит. 5,8х1012/л, лейк. 10,0х109/л, қандағы глюкоза – 7,0 ммоль/л.

1. Болжам диагнозы.

2. Жетекші синдромдар, күдікті аурулар, тексеру жоспары.

3. Дифференциялық диагнозы.

4. Клиникалық диагнозы.

5. Емі, әрі қарайғы тактика.

        

Ситуациалық есеп № 4.

20 жасар студент клиникаға келесі шағымдармен түсті: басының ауыруы, айналуы, шулауы, әсіресе физикалық күштен соң, жүрек аймағының мезгіл-мезгіл ауыруы, жүрек қағуы, аяқтарындағы әлсіздік.

Анамнезінде: бала шағында дәрігерлер туа біткен ақаудан күдіктенген, себебі жүрегінде шу естілген. 17 жасынан бастап басы ауырып, айналып, басында, жүрегінде тамыр соғысын сезу мазалайды. Гипертониялық ауру қойылып‚ АҚ 170/100-180/100‚ гипотензиялық дәрмектермен емдеген, нәтиже болмаған. Кейін келе аяқтарында әлсіздік пайда болып, жүргенде

күшейетін болған.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Буындары өзгермеген, иық белдеуі мен қолдарының бұлшықеттері жақсы дамыған. Ұйқы артерияларының пульсациясы көрінеді. Өкпесінде патологиялық өзгеріс жоқ. ІІ-ІІІ қ/а сол жағынан систолалық діріл сезіледі. Жүректің сол шегі бұғана орта сызығынан 4 см-ге ығысқан. ІІ-ІІІ қ/а дөрекі систолалық шу естіледі, шу жауырын аралығына, жүрек ұшында, мойын тамырларына тарайды. Пульс кернеуі мен толуы жоғары, ырғақты, минутына 72 рет. АҚ 180/120 мм сын.бағ.

1. Алғашқы диагнозды негіздеңіз.

2. Басқа клиникалық белгілерін атаңыз.

3. Тексеру жоспарын құрыңыз, рентгендік өзгерістерін атаңыз.

4. Дифференциялыє диагноз жүргізіңіз.

5. Емін айтыңыз.

 

 

Тақырып: «Жедел коронарлық синдром.Атеросклероз. Стенокардия. Миокард инфаркті. Эпидемиологиясы. Жіктемесі. Скрининг. Қауіп факторлары. Амбулаториялық жағдайдадағы негізгі және қосымша диагностикалық шаралар. Амбулаториялық жағдайда науқасты ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптері. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері. Миокард инфарктінен кейінгі болжам. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші. Санаториялық – курорттық ем. Реабилитациялық бағдарлама. Алдын алу».

        

 1. Тақырып: Жедел коронарлық синдром.Атеросклероз. Стенокардия. Миокард инфаркті. Эпидемиологиясы. Жіктемесі. Скрининг. Қауіп факторлары. Амбулаториялық жағдайдадағы негізгі және қосымша диагностикалық шаралар. Амбулаториялық жағдайда науқасты ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптері. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері. Миокард инфарктінен кейінгі болжам. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші. Санаториялық – курорттық ем. Реабилитациялық бағдарлама. Алдын алу.

2. Сабақтың мақсаты: Атеросклероздың, стенокардияның, миокард инфарктінің эпидемиологиясы, жіктемесі және қауіп факторлары бойынша білімдерін тереңдету. Амбулаториялық жағдайдадағы негізгі және қосымша диагностикалық шаралары, амбулаториялық жағдайда науқасты ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптері, динамикалық бақылау, дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері, миокард инфарктінен кейінгі болжам, стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші, санаториялық – курорттық емі, реабилитациялық бағдарламасы және алдын алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

- Студент білуі тиіс:

19. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктінің  этиологиясын және патогенезін;

20. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктінің  жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;

21. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;

22. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктінің  заманауи емдеу принциптерін;

23. Амбулаториялық жағдайдадағы негізгі және қосымша диагностикалық

24. шараларын;

25. Амбулаториялық жағдайда науқасты ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптерін;

26. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткішін;

27. Динамикалық бақылауды;

28. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері;

10.Миокард инфарктінен кейінгі болжамды;

11. Реабилитациялық бағдарламасы мәселелері;

12. Санаториялық – курорттық ем тағайындауын. Алдын алуын.

 

Студент жасай алуы тиіс:

· амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;

· амбулаторлық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;

· басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;

· еңбекке жарамсыздығын сараптау;

· науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;

· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату.

 

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Науқасты қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;

· Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

· ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы, стенокардиядағы және миокард инфарктының ЭКГ белгілерін талдауды;

·

4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

а) базистік білімі бойынша:

1. Қан айналым жүйесінің қалыпты физиологиясы.

2. Ишемияның патофизиялық механизмдері.

3. Пропедевтика курсынан: жүрек қан тамыр жүйесі ауруларын зерттеу тәсілдері.

б) сабақ тақырыбы бойынша:     

1. Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы туралы түсінік.

2. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктының анықтамасы.

3. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктының этиологиясы, қауіпті факторлары.

4. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктының клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері.

5. Стенокардияның және миокард инфарктының ЭКГ – белгілері.

6. Миокард инфарктының сатылары, ЭКГ-белгілері.

7. Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету шаралары.Ұстамадан тыс уақытта медикаментозды емдеу принциптері.

8. МИ кезінде шұғыл көмек.

9. Хирургиялық емдеу тәсілдері (аортокоронарлы шунтылау).

10. Амбулаториялық жағдайдадағы негізгі және қосымша диагностикалық шаралар.

11. Амбулаториялық жағдайда науқасты ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптері.

12.Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші.

13. Динамикалық бақылау.

14. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері.

15. Миокард инфарктісінің реабилитациясы. 

16. Санаториялық – курорттық ем тағайындау. Алдын алу.

    

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық,  проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.