Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖИА, күш түсу стенокардиясы ФК 4 бар науқаста жүрек қағу ұстамасы дамыған. ЭКГ -да: R-R – 0.4; QRS-0.14. Науқаста қандай ырғақтың бұзылыстары байқалады?. Ситуациялы&



10. ЖИА, күш түсу стенокардиясы ФК 4 бар науқаста жүрек қағу ұстамасы дамыған. ЭКГ -да: R-R – 0.4; QRS-0.14. Науқаста қандай ырғақтың бұзылыстары байқалады?

А) суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия

В) синусты тахикардия

С) вентрикулярлы пароксизмальды тахикардия

D) дұрыс пішінді жүрекшенің жыбыры

Е) қарынша үстілік экстрасистолиясы

Ситуациялық есеп № 1

    75 жастағы науқас әйел ықшам ауданның дәрiгерiн үйiне шақырды: қалыпты, тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек аймағында шалыс соғулар мен ауырсыну сезiну, аяқ бастарының тұрақты iсiнуi.

    Анамнезiнен: 5 жыл бұрын физикалық күштемелерге ентiгу мен аяқ бастарының iсiнуi пайда болған. Мезгiл-мезгiл диуретиктер мен жүрек гликозидтерiн (дигоксин, целанид) қабылдағанда ентiгуi мен аяқ бастарының iсiнуi кемiген. Жағдайының ауырлауы – соңғы екi айда.

    Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, салмағы артық, акроцианоз. Ентiгуi тыныш жағдайда байқалды, төсекке горизонталь қалыпта жатудан бас тартты. Перифериялық iсiну аяқ басынан тiзесiне дейiн. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi бөлiктерiнiң үстiнде үнсiз, ылғалды сырылдар. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң сол жағы сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi, ж.с.с. 96, пульсi 84 рет минутына, ырғақсыз, толуы мен кернеуi әртүрлi. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-дей төмен, тығыз эластик консистенциялы.

1. Болжам диагнозы.

2. Негiзгi синдромына байланысты күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспары.

3. Дифференциялық диагнозы.

4. Емi. Әрi қарайғы дәрiгерлiк тактика.

 

Ситуациялық есеп № 2

     52 жастағы науқас, ер кiсi, II топ мүгедегi, келесi шағымдармен келдi: тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек жұмысының шалыстығын сезу, аяқ бастарының iсiнуi, оң қабырға астындағы ауырлық сезiмi.

      Екі жыл бұрын миокардтың инфарктiсiмен ауырғаннан берi болмашы физикалық күштенулерге жүрек қағып кетуi, жүрек тұсының ауыруы, инспирациялық ентiгу мазалайды. Жағдайы бiр ай бұрын төмендеген: ентiгуі күшейген, аяқ басы мен балтырларының iсiнуi, жүрек жұмысының шалыстығы, оң қабырға астының ауыр тартуы дамыған.

     Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, акроцианоз. Аяқтары балтырына дейiн iсiнген. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi аймақтарында тынысы әлсiреген, сол жерлерде үнсiз ылғалды сырылдар естiледi, тыныс жиiлiгi 26 әр минутта. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, ж.с.с. 118 минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульсi 102 рет минутына, ырғақсыз, кернеуi мен толуы әртүрлi, пульс тапшылығы бір минутта – 16. Пальпацияда iшi жұмсақ, оң қабырға астының ауырсынуы бар, бауыры 4 см-ге шығыңқы, пальпацияда ауырады, қатты эластик консистенциялы, талағы үлкеймеген.

     ЭКГ-де: RR интервалы 0,48-0,65 сек, Р тiсшесi жоқ, III, aVF тiркемелерiнде кеңіген, терең Q тiсшесi.

1. Болжам диагнозы.

2. Негiзгi синдромына байланысты (ЭКГ-ны шешiңiз) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспары. 

3. Дифференциялық диагнозы.

4. Емi.

 

 

                                                                                



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.