Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АГ- мен қай ауру қосарланса В блокаторлар тағайындауға болады?



15. 16 - жастағы қыз, семіздіктен зардап шегеді. Салмағы – 116 кг, бойы – 172 см. Егер пациентте үшінші дәрежелі семіздік болса, артық дене салмағы қанша пайызды құрайды?

A) < 10 %

B) 10-29 %

C) 30-49 %

D) 50-99 %

E) 100 % және >

 

 

Тақырып: «Артериялық гипертензия (АГ).Эпидемиологиясы. Жіктемесі. Жүрек – қантамыр қаупінің жалпы стратификациясы. Скрининг. Амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі. Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосанжарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші. Артериялық қысымды өлшеу (АҚ). Пациентті үйретудін негізгі принциптері. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері. Реабилитациялық бағдарлама. Санаториялық – курорттық ем. Алдын алу.»

Сабақтың мақсаты:Артериялық гипертензияның эпидемиологиясы, жіктемесі және жүрек – қантамыр қаупінің жалпы стратификациясы бойынша білімдерін тереңдету.  Артериялық гипертензияның амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі, амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы, стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші, артериялық қысымды өлшеу, пациентті үйретудің негізгі принциптері, динамикалық бақылау, дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері, реабилитациялық бағдарламасы, санаториялық – курорттық емі және алдын алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

Оқыту мақсаты:

 Cтудент білуге тиіс:

1. Артериялық гипертензияның этиологиясын және патогенезін;

2. Артериялық гипертензияның жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;

3. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;

4. Артериялық гипертензияның заманауи емдеу принциптерін;

5. Артериялық гипертензияның амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмін;

6. Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасын;

7. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткішін;

8. Артериялық қысымды өлшеу, пациентті үйретудің негізгі принциптерін;

9. Динамикалық бақылауды;

10. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелерін;

11. Реабилитациялық бағдарламасын;

12. Санаториялық – курорттық емін және алдын алуын.

 Студент жасай алуы тиіс:

· амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;

· амбулаторлық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;

· басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;

· еңбекке жарамсыздығын сараптау;

· науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;

· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Артериялық гипертензиясы бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;

· Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

· ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы және артериялық гипертензиясы бар науқастардағы ЭКГ-ны талдауды.

Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

 а) базистік білімі бойынша:

1. АҚ-ның қалыпты көрсеткіштерін (систолалық, диастолалық, пульстік).

2. РААС, САС, су-электролиттік бұзылыстар, эндокриндік жүйе, ОНЖ-нің АҚ-н реттеудегі орнын.

3. Жүрек тамыр жүйесінің қалыпты құрылысы.

б) сабақ тақырыбы бойынша:     

1. АГ анықтамасы, біріншілікті және екіншілікті артериялық гипертензия туралы түсінік.

2. АГ таралуы, этиологиясы, патогенезі.

3. Клиникалық көрінісі, нысана мүшелердің зақымдалуы.

4. АГ дәрежелерінің жіктелуі: І-ші, ІІ-ші, ІІІ–ші дәрежелері.

5. Гипертониялық криздер. Диагностикасы, АГ-мен науқастарды 3 кезеңдік тексеру әдістері.

6. Қауіп факторлары: АҚ мөлшері, гиперлипидемия, гиподинамия, 60 жастан асқан адамдар, қант диабеті, жынысы (еркек немесе әйел), менопауза,  жанұялық анамнезінде кардиологиялық аурулардың болуы, глюкозаға толеранттігінің төмендеуі, семіру ж.т.б.

7. Жоғарыдағы факторлардың бар немесе жоғына байланысты қауіп факторларының стратификациясы. Қауіп топтары туралы түсінік.

8. Симптомдық АГ-дың жіктемесі.

- Нефрогендік АГ-лар:

- Вазорендік АГ

- Эндокриндік АГ-лар:

- Гемодинамикалық АГ:

- Нейрогенездік АГ-лар:

- Дәрілік АГ:

9. Негізгі лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістері.

10. Емдеу тактикасы, гипотензивті терапияның тиімділігі.

11.Артериялық гипертензияның амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі.

12.Амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы.

13. Стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші.

14. Артериялық қысымды өлшеу, пациентті үйретудің негізгі принциптері.

15. Динамикалық бақылау.

16. Дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері.

17. Реабилитациялық бағдарламасы.

18. Санаториялық – курорттық емі және алдын алу.

Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық,  проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар).

 

Тест сұрақтары:

1-вариант

1.  Науқас Н., 67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:

A. АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

B. АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3

C. АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

D. АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4

E. АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4

 

2. Артериальды гипертонияның қауып дәрежесін бағалаңыз: Артериальды қысым, 1 дәрежесі; қауып факторлары, нысана-мүшелер зақымдануы мен ассоцирленген аурулар жоқ.

А) төмен қауып

В) орташа қауып

С) жоғары қауып

D) өте жоғары қауып

Е) асқынулардың даму қаупы болмайды

 

3. Артериялық гипертонияның қатер тобын бағалаңыз: Артериялық қысым, 3 дәрежесі; қатер факторы 1-2; нысана-мүшелердің зақымдалуы, ассоциирленген аурулар жоқ.

А) төмен қатер

В) орта қатер

С) үлкен қатер

D) өте жоғары қатер

Е) асқынулардың даму қатері жоқ                                                                 

                                                                                        

4. Ұзақ артериалды гипертензиямен ауыратын 67 жастағы науқаста, гипертониялық криздің есебінен субарахноидальды қан құйылу дамыған. Гипотензивті емді қандай препаратты тағайындаудан бастау қажет?

А) номодипиннен

В) бисопрололдан 

С) лазикстен

D) клофелиннен

Е) нитроглициринді к/т

 

5. Климакс кезеңіндегі остеопороз белгілерімен қатар АГ-сы бар науқас әйелге мына төмендегі антигипертензивті дәрмектердің қайсысын тағайындау тиімді:

А) ААФ ингибиторларын

В) тиазидті диуретиктерін

С) b-блокаторларды

D) a-адреноблокаторларды

Е) орталық әсері бар препараттар

 

6. Емханаға 67 жастағы науқас АҚҚ150/110 түсті. Қатты бас ауруына, құлақ шуылына шағымданады. Бронхтық астмамен ауырады. Қайсы топ препараттарын беруге болады?

А) В блокаторлар           

B) Са антогенистері    

C) ААФ ингибиторлары     

D) нитраттар

E) диуретиктер

 

7. АГ- мен қай ауру қосарланса В блокаторлар тағайындауға болады?

А) ЖИА

B) Қант диабеті

C) Бронх демікпесі

D) Жүктілікте

Е) ДЦП

 

8. Артериялық қан қысымы 140/90 мм.с.б. және қант диабетімен ауыратын науқастың қауіп тобы:

А) жоғары қауіп тобы

В) өте жоғары қауіп тобы

С) орташа қауіп тобы

D) төмен қауіп тобы

Е) қауіп тобына жатпайды

 

9. Артериялық гипертония кезінде ЭКГ-да кездеседі:

A) Гисс шоғырының блокадасы

B) U тісшесінің амплитудасы жоғарлайды

C) жүрекше мен қарынша аралығындағы өткізгіштіктің нашарлауы

D) сол қарыншаның гипертрофиясы

E) Р тісшесінің амплитудасы жоғарлайды

 

10. Артериялық гипертензияның криздік барысы ең жиі байқалады:

А) гипертиреозда

В) туа біткен адреногенитальді синдромда

С) Иценко-Кушинг синдромында

D) біріншілік гиперальдостеронизмде

Е) феохромоцитомада

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.