Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы практикалық дәрігер жұмысындағы ішкі аурулар»



 

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

«Арнайы клиникалық пәндер » КАФЕДРАСЫ

 

 

«Жалпы практикалық дәрігер жұмысындағы ішкі аурулар»

пәні бойынша тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеуі

 

Курс 5

05130100 – Жалпы медицина

 

 

                                

                                             

 

 

 

Құрастырушы: 

оқытушы Сарсенбаева А.Б.

 

 

                                                       

                                                   Кафедра мәжілісінде талқыланды

                                                                      №___ «____»__________2015ж

Кафедра меңгерушісімен бекітілді

      м.ғ.к.

__________________ Г.О.Нұсқабаева

 

 

 

 

 

1. Тақырып: «Метаболизмдік синдром.Метаболизмдік синдром, анықтамасы. Қауіп факторлары. Диагностикасы. Амбулаториялық жағдайда дәрімен және дәрісіз түзету принциптері. Алдын алу».

Сабақтың мақсаты: Метаболизмдік синдромның анықтамасы, қауіп факторлары және диагностикасы бойынша білімдерін тереңдету. Метаболизмдік синдромы бар науқастарды амбулаториялық жағдайда дәрімен және дәрісіз түзету принциптері және алдын алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

Оқыту мақсаты:

- Студент білуі тиіс:

1. Метаболизмдік синдромның анықтамасын;

2. Метаболизмдік синдромның қауіп факторларын;

3. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;

4. Метаболизмдік синдромның заманауи емдеу принциптерін;

5. Амбулаториялық жағдайдадағы дәрімен және дәрісіз түзету принциптерін;

6. Метаболизмдік синдромның алдын алуын.

Студент жасай алуы тиіс:

· амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;

· амбулаторлық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;

· басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;

· еңбекке жарамсыздығын сараптау;

· науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;

· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;

 

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· Науқасты қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;

· Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

· ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы және артериялық гипертензиясы бар науқастардағы ЭКГ-ны талдауды;

· дене салмағының индексін анықтауды;

· қандағы глюкозаның құрамын анықтауды.

 Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

а) базистік білімі бойынша:

1.Қан айналым жүйесінің қалыпты физиологиясы.

2.Ишемияның патофизиялық механизмдері.

3.Пропедевтика курсынан: жүрек қан тамыр жүйесі ауруларын зерттеу тәсілдері.

б) сабақ тақырыбы бойынша:     

a. Метаболизмдік синдромның анықтамасы;

b. Метаболизмдік синдромның қауіп факторлары;

c. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістері;

d. Метаболизмдік синдромның заманауи емдеу принциптері;

e. Амбулаториялық жағдайдадағы дәрімен және дәрісіз түзету принциптері;

           Метаболизмдік синдромның алдын алуы.

    

 Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық,  проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар) ауызша сұрастыру, тестілеу, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, қайта байланыс.

1. Тест сұрақтары:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.