Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы токсикалық және қызба синдромымен жүретін жұқпалы аурулардың ерте диагностикасы. 19 страница



Тілменің қандай формасы орын алған

* Қайталамалы эритематозды

* Біріншілік, эритематозды

*+Біріншілік, буллезді-геморрагиялық

* Қайталамалы, буллезді-геморрагиялық

* Рецидивті, эритематозды- буллезді

! 40 жастағы ер адам, шопан, ауруының екінші күні келген. Жедел ауырған, дене температурасы 39,50С дейін көтеріліп, басы ауырған, әлсіздік дамып, жүрегі айныған, бір рет құсқан. Бір тәуліктен кейін оң жақ балтырында қызару, ісіну, ауру сезімі анықталады. Анеамнезінде созылмалы тонзиллит, жиі өршиді. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлақта. Т – 390С. Терісі қалыпты, құрғақ. Оң жақ балтырында «От тілдері» тәрізді айқын шекаралары бар гиперемия ошағы, ұстағанда ыстық, перифериялық валигі бар, ісінген. Жергілікті лимфа түйіндері үлкеймеген. Ішкі ағзаларда өзгерістер жоқ.

Қандай ауру орын алған?

* Сібір жарасы, карбункулезді формасы

*+Біріншілік тілме, эритематозды формасы

* Қайталамалы тілме, эритематозды-геморрагиялақ формасы

* Оба, бубонды формасы

* Туляремия, терілік-бубонды формасы

! 55 жастағы ер адамда оң жақ балтырында айқын гиперемия, анық шекарасы бар, аурады және кернейді, регионарлы лимфаденит. Ауырғанына 2 күн болған, дене температурасы көтеріліп, әлсіздік дамыған.

Тілменің қандай формасы орын алған?

* Жылжымалы

*+Эритематозды

* Эритематозды-буллезді

* Буллезді- геморрагиялық

* Эритематозды-геморрагиялық

! 62-жастағы әйел емханаға келген. Екі күн бойы қалтырап, басы ауырған, ал бүгін сол жақ балтыры ауырып, қызарған. 5 күн бұрын іріңді отиттен емделген. Температурасы 39°С, солжақ балтыры мен аяғының ұшы айқын гиперемияланған, шекаралары анық, терісі үстап көргенде ыстық және аурады.

Қандай зат ЕҢ тиімді?

* Амикацин

* Доксициклин

* Азитромицин

*+ Пенициллин

* Ципрофлоксацин

! 40-жастағы ер адам, емханаға келген. 3 күн бойы қалтырап, басы ауырған, оң жақ балтырында ісіну, қызару және ауру сезімі мазалаған. 30 жасында бет тілмесі болған. Температурасы 39,6°С, пульсі минутына 130 рет, АҚҚ 110/70 мм.с.б. Оң жақ балтырында айқын гиперемия, үлкен геморрагиялар, қызарудың шекаралары айқын, тегіс емес, перифериялық валигі бар, ішкі және сыртқа бетінде бірнеше көпіршіктер қосылған, ішіндегі сұйықтығы сары түсті.

Қандай диагноз ЕҢ дұрыс?

* Біріншілік тілме, эритематозды-буллезді форма

* Қайталамалы тілме, эритематозды-буллезді форма

* Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық форма

*+Қайталамала тілме, буллезды-геморрагиялық форма

* Рецидивті тілме, эритематозды-буллезді форма

! 65 жастағы әйел, емхенеғе келген. Екі күн бойы 39,50С дейін көтерілген, басы ауырып, әлсіздік сезінген, оң жақ балтырында ісіну, қызару және ауру сезімі мазалаған. Анамнезінде артериалды гипертензи, қант диабеті. Жалпы жағдайы ауыр, температурасы 36,00С, пульсі минутына 130 рет., АҚҚ90/50 мм.с.б., кешеден бері кіші дәретке бармаған. Оң жақ балтырында айқын қызару, шекаралары анық, перифириялық валигі бар қатты ісінген, ұстағанда ыстық.

Науқасқа қандай дәрілік затты ЕҢ бірінші мезетте тағайындау керек?

* Супрастин

*+Преднизолон

* Пенициллин

* Парацетамол

* Диклофенак

! 60-жастағы әйел, емханаға келген. Екі күн бойы дене температурасы 39,50С дейін көтерілген, басы ауырып, әлсіздік сезінген, оң жақ балтырында ісіну, қызару және ауру сезімі мазалаған. Анамнезінде артериалды гипертензи, қант диабеті. Жалпы жағдайы ауыр, температурасы 35,90С, пульсі минутына 130 рет., АҚҚ80/40 мм.с.б., кешеден бері кіші дәретке бармаған. Оң жақ балтырында айқын қызару, шекаралары анық, перифириялық валигі бар қатты ісінген, ұстағанда ыстық.

Науқасты қандай бөлімшеге жатқызған ЕҢ тиімді?

*+ Жансақтау бөлімшесіне

* Кардиологияға

* Жұқпалы аурулар бөлімшесіне

* Хирургиялық бөлімшеге

* Эндокринологиға

! 40 жастағы шабан, жедел ауырған.Ауруының үшінші күні жағдай ауыр, сол жақ білегінде (сона шаққан жерде)  жалпақ, құрғақ түбін қара струп басқан жара анықталады, ауырмайды, айналасы қатты ісінген. Диагнозы «Сібір жарасы»

Сібір жарасына не тән?

 * Терісінің боздығы

* Жұмсақ тіндердің ісінуінің болмауы

* Докалді ауру сезімі

*+Ауырмайтын карбункул

* Іріңді жара

! 40 жастағы шабан, жедел ауырған.Ауруының үшінші күні жағдай ауыр, сол жақ білегінде (сона шаққан жерде)  жалпақ, құрғақ түбін қара струп басқан жара анықталады, ауырмайды, айналасы қатты ісінген. Диагнозы «Сібір жарасы»

Лимфаденит қандай ауруға тән?

*+Сібір жарасы

* Кенелік энцефалит

* Бөртпе сүзегі

* Орнитоз

* Гриппа

! 40 жастағы шабан, жедел ауырған.Ауруының үшінші күні жағдай ауыр, сол жақ білегінде (сона шаққан жерде)  жалпақ, құрғақ түбін қара струп басқан жара анықталады, ауырмайды, айналасы қатты ісінген. Диагнозы «Сібір жарасы»

Қандай дәрілік зат ЕҢ тиімді?

* Гормондар

* Сульфаниламидтер

* Интерферондар

* Хирургиялық ем

*+Цефалоспориндер

! 40 жастағы шабан, жедел ауырған.Ауруының үшінші күні жағдай ауыр, сол жақ білегінде (сона шаққан жерде)  жалпақ, құрғақ түбін қара струп басқан жара анықталады, ауырмайды, айналасы қатты ісінген. Диагнозы «Сібір жарасы».

Сібір жарасының түрлік аты қандай?

*+Bacillus

* Pasteurella

* Yersinia

* Francisella

* Borrelia

! 43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен жатқан. Ауруханада жатқанына 10 күн болғанда, әлсіздігі айқын, тәбеті жоқ, жүрегі айнып, кеше және бүгін тәулігіне 5 ретке дейін құсқан, түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы күшейген, бауыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен, бұрыңғы көлемінде. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 94 рет, АҚҚ 130/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық. Саусақтары ұштарының треморы анықталады. Науқасты шұғыл түрде жансақтау бөлімшесіне Вирусты гепатит «В», ауыр ағамы. Прекома I деген диагнозбен ауыстырды.

Прекома белгілері қандай?

* Брадикардия

* Гепатоспленомегалия

*+Тахикардия, саусақ ұштарының треморы

* Тәбетінің жоқтығы, жүрегі айну, құсуының жиілеуі

* Зәрінің қоңыр түсті болуы, сарғаюының артуы

! 43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен жатқан. Ауруханада жатқанына 10 күн болғанда, әлсіздігі айқын, тәбеті жоқ, жүрегі айнып, кеше және бүгін тәулігіне 5 ретке дейін құсқан, түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы күшейген, бауыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен, бұрыңғы көлемінде. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 94 рет, АҚҚ 130/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық. Саусақтары ұштарының треморы анықталады. Бауырдың жедел жетіспеушілігінің белгісі қандай?

* Сарғаюының күшеюі

* Гипотония

* Зәр түсінің өзгеріу

*+Энцефалопатия дамуы

* Гепатоспленомегалия

! 43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен жатқан. Ауруханада жатқанына 10 күн болғанда, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шыдамай ыңырсып жатыр, әлсіздігі айқын, тәбеті жоқ, жүрегі айнып, кеше және бүгін тәулігіне 5 ретке дейін құсқан, енжар, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде дұрыс емес,түнде нашар ұйықтаған. Аузынан «бауырлық иіс шығады». Сарғаюы күшейген, бауыр көлемі кішірейген. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 94 рет, АҚҚ 130/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық.

Вирусты гепатиттің өршу кезеңінде бауыр көлемдерінің кішіреюі мен ауру сезімі қандай асқынудың дамығанын көрсетеді?

* Холангит

* Май гепатозы

* Бауыр циррозы

* Өт жолдарының дискинезиясы

*+Бауырдың жедел жетіспеушілігі

! *  Әйел адам , 37 жаста, жүктіліктің 25-26 аптасы, инфекциялық ауруханаға ессіз жағдайда айқын сарғаю белгілерімен жеткізілді. аузынан «бауырлық» иіс сезіледі. Жүрек тоны әлсіреген. Пульс ритмді толуы әлсіз, 120 рет минутына. АҚҚ – 110/70 мм.рт.ст. Перкуссияда бауыры қабырға доғасынан 2 см жоғары анықталады. Сарғаюы стационарға түсуге дейін бір күн бұрын пайда болды, ал бір апта бұрын науқаста әлсіздік, буындардың сырқырап ауру сезімі және тәбеттің төмендеуі байқалды.

Науқаста қандай асқыну дамыды?

* Тыныстың жедел жетіспеушілігі

* Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі

*+Бауырлық жедел энцефалопатия

* Жүрек-қан-тамыр жүйесінің жедел жетіспеушілігі

* Инфекция токсикалық шок

! 18 жастағы инсулинге тәуелді қант диабеті бар қызда апта бойы әлсіздік, жүрек айну, құсу, асқазан аймағындағы ауру сезімі байқалды. Аурудың 8 күні теріде және склерада сарғаю, терінің қышуы, мұрыннан және қызыл иектен қан ағулар байқалды. Науқас әлеуметтік жағдайы төмен жанұядан.Жұқпалы аурулар клиникасына айқын сарғаюмен ессіз жағдайда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыды?                                                                                 

* Диабеттік кома                                  

*+Бауырлық кома

* Бауыр циррозы  

* Инфекция токсикалық шок

* Жедел менингит

! 43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен жатқан. Ауруханада жатқанына 10 күн болғанда эмоционалды лябилді, енжар, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде дұрыс емес,түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы күшейген, бауыр көлемі бұрыңғыдай қабырға доғасынан 2,0 см төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 94 рет, АҚҚ 130/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық. ИФА˗да HBsAg+, anti HDV+,anti HB corе total+

Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

* Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

*+БЖЭ, прекома I

*  БЖЭ, прекома II

*  БЖЭ, кома I

*  БЖЭ, кома II

! 43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен жатқан. Ауруханада жатқанына 8 күн болғанда көп реттік құсу пайда болып, «құлау» сезімі дамиды, ұйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көреді. Қарап тексергенде: есі анық емес, түнде наша ұйықтаған, қозулы, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Сарғаюы күшейіп, байыр көлемі кішірейген. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, минутына 100 рет, АҚҚ 100/70 мм. с.б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық.

Қандай асқыну дамыды?

* Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

* БЖЭ, прекома I

*+ БЖЭ, прекома II

*  БЖЭ, кома I

*  БЖЭ, кома II

! 43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен жатқан. Ауруханада жатқанына 8 күн болғанда көп реттік құсу пайда болып, «құлау» сезімі дамиды, ұйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көреді. Қарап тексергенде: есі анық емес, түнде наша ұйықтаған, қозулы, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Сарғаюы күшейіп, байыр көлемі кішірейген. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, минутына 100 рет, АҚҚ 100/70 мм. с.б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық

Емдеу үшін қанадай гепатопротектор тағайындаған ЕҢ тиімді?

* Гепадиф

*+Гепамерц

* Гепабене

* Эссенциале

* Годекс

! 42 жастағы ер адам, аймақтық дәрігерге келген. Ауырғанына 2 апта болған, әлсіздік мазалап, зәрі қоңыр түске боялған, сарғайған. Соңғы жылдары терісі қатты қыши бастаған. Қарап тексергенде терісі мен склералары сарғайған, қасыған іздері бар. Бауыры үлкейген, қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Көк бауыры перкуторлы үлкейген. Тәбеті төмен. Зәрі қоңыр, нәжісі ағарған. Басқа органдар жағынан өзгерістері жоқ. Адекватты, бірақ терісінің қатты қышуына байланысты мазасыз, түнде ұйықтамайды. Билирубин бос 46. байланысқан – 120 ммоль/л, АсАТ –10N, АлАТ –8N, сілтілі фосфатаза –3N, тимол сынамасы – 30 ед., сулема сынамасы – 1,5 мл.

ЕҢ ықтимал диагноз?

*+Вирусты гепатит холестатикалық компоненті бар

* Ұйқы безі басының ісігі

* Лептоспироз, сарғаюлық түрі

* Иерсиниоз, гепатитті түрі

* Өт тас ауруы

! 45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. 2 апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, буындардың ауыру сезімі. Анамнезде: 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр қолмен сипап тексергенде сезілмейді. Перкуссия: бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Диурезі адекватты, зәрі қоңыр.

Қандай асқыну дамыған?

* Бүйректің жедел жетіспеушілігі

*+Бауырлық жедел энцефалопатия

* Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі

* Бауырдың созылмалы жетіспеушілігі

* Тамыр ішінде қанның шашыранды ұйюы синдромы

! 25 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Бір апта бойы ауырады. Аурудың басталуынан 2 апта бұрын 10 жастағы інісі балалар жұқпалы ауруханасына ұқсас клиникалық көріністермен түскен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабыра доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бауыр консистенциясы тығыз-эластикалық. Зәрі қоңыр түсті.

Қандай ем шара ең тиімді болып табылады?

* Ферменттер

*+Дезинтоксикация

* Иммунокорректорлар

* Өт айдағыштар

* Вирусқа қарсы

! 19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс».

Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай?

* Анатоксин енгізу

* Гамма-глобулин енгізу

* Қорғаныс бетпердесін қолдану

*+Арнайы вакцинация

* Тек қана қайнаған су қолдану

! 40 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, бірнеше рет құсуына, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған. 3 ай бұрын жатыр миомасы бойынша операция жасалынып, қан құйылған. Жағдайы ауыр, айқын интоксикация, ұйқышылдық мазалайды. Тері жабындысы мен көз склералары айқын сарғайған. Бауыры ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті. Нәжісі түссізденген.

Қандай лабораторлы көрсеткіштер аурудың ауырлығын көрсетеді?

* АЛТ-ң қалыпты деңгейі

* Тимол сынамасының жоғарылауы

* Билирубин деңгейінің жоғарылауы

*+Протромбин индексінің төмендеуі

* Сілтілі фосфатазаның жоғарылауы

! 46 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 2 апта бойы ем қабылдап жатыр. Қыжылға, жүрек айнуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, терінің айқын қышынуына, қорқынышты түстер көруіне шағымданады. 20 күн бойы үйінде ауырып жатқан. Жүрегі айнып, құсқан, буындары ауырған. Сарғаю пайда болғаннан кейін аймақтық дәрігерге қаралған. 2 ай бұрын тіс дәрігерінде тісін емдеткен. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған, тырнақ іздері байқалады. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-640 Ед/л; АСТ-240 Ед/л; жалпы билирубин-250 ммоль/л; тікелей билирубин-185 ммоль/л; тікелей емес билирубин-65 ммоль/л.

Клиникалық көріністердің қайсысы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

* Қыжыл

* Сарғаю

*+Қорқынышты түстер

* Терінің айқын қышуы

* Эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі

! 17 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуға, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті.

Диагнозды дәлелдеуге қай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?

* Сулема сынамасы

* Тимол сынамасы

* Трансаминазалардың деңгейін

* Билирубин және оның фракциялары

*+ Вирусты гепатиттердің маркері

! 28 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына. шағымданып түсті Ауырғанына он күн болды. 2 ай бүрын кесар тілігі арқылы босанған. Қан кету болған, жаңа тоңазытылған плазма құйылған. Қарап тексергенде: терісінің және склераларының айқын сарғаюы, терісіндегі трнақ іздері байқалады. Бауыры 1,0-1,5 см-ге ұлғайған. Іш қатуы мазалайды. Зәрі қоңыр, өт пигментіне «оң».

Қай белгі аурудың ауырлық ағымын көрсетеді?

* Сарғаю

* Терінің қышуы

* Гепатомегалия

* Іш қатуға бейім

*+Интоксикация симтомдары

! 21 жастағы бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрегінің айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына, мұрыннан қан кетуіне, буындарының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған, 3 ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Қарап тексергенде: терісінің және склерасының айқын сарғаюы, терісінде тырнақ іздері байқалды. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, өт пигментіне «оң». 

Қандай синдром вирусты гепатиттің ауыр ағымын сипаттайды?

* Артралгиялық

* Диспепсиялық

* Холестатикалық

*+Геморрагиялық

* Астеновегетативті

!  Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының жоғарлауына, тәбетінің төмендеуне, құсуға, жүрек айнуына шағымданып түсті. 10 күн бойы ауырады. Ауру басталғаннан кейін бір аптадан соң терісінің және склерасының сарғаюын байқаған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа аурлықта, тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз, зәрі қоңыр түсті. Анализінде: АЛТ-440 ммоль/л, АСТ 264 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.

Қай лабораторлы көрсеткіш диагнозды дәлелдейді?

* HbsAg                                                                                           

* аnti-HbeAg

*+anti-HAVIgM

* anti-HAVIgG

* anti-HDVIgM

! Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 41 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Лептоспироз

* Бауыр абсцесі

* Жедел холецистит

* Өт тас ауруы

*+Жедел вирусный гепатит

!  Әйел адам, 32 жаста, ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Ауруының бірінші күнінен бастап тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауру сезімі мазалаған. Аурудың 7-ші күнінде склерасының сарғаюын, зәр түсінің өзгеруін байқаған, ал екі күннен кейін сарғаю айқын көріне бастады. Жүктілік 16-17 апта. Объктивті: жағдайы қанағаттанарлық. Бауырлық улану белгілері жоқ. Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыш түсті. Бауыры 1,5-2 см-ге ұлғайған, әлсіз ауырсыну сезімді. Нәжісі түссіз, холурия.

Қайндай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Иерсиниоз

* Жүктілік гепатозы

* Өт тас ауруы

*+ Жедел вирусты гепатит

* Созылмалы вирусты гепатит

!  Ер адам 37 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына психомоторлы қозу жағдайында жеткізілді. Ауызынан «бауырлық» иіс сезіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Тахикардия - 120 рет минутына. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см­-ге жоғары анықталады. Терісінің және шырышты қабатының сарғаюы кеше байқалды. Бірнеше күн бұрын жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, ұйқысының бұзылуы мазалаған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

*  Инфекциялық-токсическалық шок

*+Жедел бауырлық энцефалопатия

* Тыныстың жедел жетіспеушілігі

* Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі

* Жүрек-қантамырлардың жедел жетіспеушілігі

! Қай аурумен ауырған науқастарға ҚР ДСМ-ң №92 бұйрығы бойынша (12 ақпан 2012 жылы) науқасқа вирусқа қарсы терапия үрдістің белсенділігіне және вирусты жүктемесіне байланыссыз міндетті түрде тағайындалады:

* Жедел вирусты гепатит В

* Созылмалы вирусты гепатит В

*+Созылмалы вирусты гепатит С

* Созылмалы вирусты  гепатит Д

* Созылмалы вирусты гепатит В+Д

! 42  жастағы ер адам, вирусты гепатитке тексерілгеннен кейін емханаға қаралды. Шағымдары жоқ. Объективті: ішкі мүшелері мен жүйелері жағынан өзгерістері жоқ. Донор болғысы келген. Сол себепті вирусты гепатиттер мен АИВ инфекциясына тексерілген. Тексеру нәтижесінде анықталды: ИФА- аnti-НСV (+), ПЦР–HCVRNА (+), вирусты жүктеме 2600000 МЕ/мл, вирус генотипі 1.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.