Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы токсикалық және қызба синдромымен жүретін жұқпалы аурулардың ерте диагностикасы. 20 страница



Қандай тактика ЕҢ ықтимал?

* Глюкокортикостероидтар тағайындау

* Бақылау және 6 айдан кейін анализдерді қайталау

* 48 апта ішінде нуклеозидтер аналогтарын тағайындау

* Гепатопротекторлар мен өт айдағыштарды тағайындау

*+48 апта бойы пег-интерферон мен рибавирин тағайындау

! 75- жастағы әйел адам стационарға жатқызылды. 2 күн бойы қалтырауға, бас ауруға, сол жақ балтыр аймағының ісінуіне,қызаруына шағымданады. 5 күн бұрын іріңді отитке байланысты ем қабылдаған. Дене қызуы 39°С, сол жақ балтыры мен табан аймағында айқын гиперемия, шектелген, айқын шекарасы бар, пальпация кезінде ауру сезімді, терісі күйіп тұр.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

*+Тілме

* Пастереллез

* Эризипелоид

* Сібір жарасы

* Аллергиялық дерматит

! 50- жастағы ер адам стационарға түсті.2 күн аралығында қалтырау, басының ауруы, оң жақ балтыр мен табан аймағындағы ісіну, ауру сезімі, қызару анықталды. 50 жасында бет тілмесі болған. Дене қызуы 39,6°С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 110/70 мм.сб. Оң жақ балтыр мен табан аймағында айқын гиперемия, жайылмалы геморрагия, қызару шеттері тегіс емес, шекарасы периферялық валикпен айқындалған. Алдыңғы және артқы аймақтарында бірнеше жайылмалы сарғыш және қоңыр түсті көпіршіктер бар.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі

* Қайталанған тілме, эритематозды-буллезды түрі

* Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі

*+Қайталанған тілме, буллезді-геморрагиялық түрі

* Рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі

! 65- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 38,50С дейін көтерілген, басы ауруған, әлсіздік, қызару, сол жақ балтырда ауру сезімі және ісіну мазалаған. Анамнезінде артериалды гипертония, қант диабеті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 36,00С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб.,кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, сол жақ балтырында айқын шекарасы бар тері гиперемиясы, ұстағанда ыстық, переферялық валик, балтырдың ісінуі байқалады.

Науқасқа бірінші кезекте не тағайындау керек?

* Пенициллин

*+Преднизолон

* Супрастин

* Парацетамол

* Диклофенак

! 70- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 38,50С дейін көтерілген, басы ауруған, әлсіздік, оң  жақ балтырда қызару, керінелген ауру сезімі және ісіну мазалайды. Анамнезінде  артериалды  гипертония, қант диабеті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 36,0С, пульс 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб.,кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, оң жақ балтырында айқын шекарасы бар тері гиперемиясы, ұстағанда ыстық сезімі, переферялық валик, балтырдың ісінуі байқалады.

 Дәрігердің қандай іс – әрекеті жасайды?

* Инфекциялық ауруханаға жатқызу

* Хирургия бөлімшесіне жатқызу

*+Реанимация бөлімшесіне жатқызу

* Эндокринология бөлімшесіне жатқызу

* Кардиология бөлімшесіне жатқызу

! 46- жастағы ер адам стационарға жатқызылды. 9 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған. Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген,сұрақтарға бір бағытта жауп қайтарады. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақ, қабырғасында күлгін түсті жағынды бар, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, бауыр +1,0 см.

Бірінші кезектегі дәрігердің іс-әрекеті?

* Ошақтың дезинфекциясы

*+Жедел түрде хабарлама жіберу

* Қарым-қатынаста болған адамдарды зерттеу

* Серологиялық зерттеу

* Бактериологиялық зерттеу

! 36- жастағы әйел адам стационарға жатқызылды. 8 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған. Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны.Жағдайы ауыр,дене қызуы 39,00С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақ,қабырғасын күлгін түсті жағынды басқан, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбысы тұйықталған, бауыры +1,0 см.

Қандай дәріні тағайындаған ЕҢ тиімді?

*+Левомицетин

* Гентамицин

* Тетрациклин

* Цефазолин

* Амикацин

! 42- жастағы әйел адам стационарға түсті. 5 күн бойы басы ауырған, әлсіздік, қызба болған. Тұрғылықты тұратын жері жоқ. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас қозғыш, көп сөлейді. Бет терісі гиперемияланған, склерит, конъюнктивит, конъюктивасында гемморагия, аңқасында гиперемия, тілінің түбірінде қан құйылулар байқалады. Іші, кеуде, аяқ- қол терісінде көптеген папулезді-петехиалды бөртпе. Жгут симптомы оң. Іші жұмсақ ауру сезімсіз, бауыры +1,0 см.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

* ККГҚ

* Иерсиниоз

* Іш сүзегі

*+Бөртпе сүзегі

* Менингококкцемия

! 36-жастағы әйел қаңтардың 26 стационарға түсті. 2- күн аралығында әлсіздік, іштегі ауру сезімі, 5 реттік сұйық нәжіс байқалған. Базарда жұмыс істейді, сол жерде тамақтанады, жиі көкөністерден жасалған салаттар қолданады. Дене қызуы 38,50С. Бет терісі гиперемияланған, конъюнктивит, аңқасында гиперемия, фарингит байқалған. Мойын, қолтық лимфа түйіндері пальпацияланады. Кеуде аяқ- қол терісінде шектелген папулезді бөртпе. Іші жұмсақ оң жақ мықын аймағы ауырады, құрылдау естіледі, бауыры +1,0 см.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Листериоз

*+Иерсиниоз

* Бөртпе сүзегі

* Іш сүзегі

* Менингококкцемия 

! 25- жастағы жас қыз 30 қаңтарда стационарға түсті. 2 күн бойы әлсіздік, іштегі ауру сезімі, 5 ретке дейінгі сұйық нәжіс мазалаған. Базарда жұмыс істейді, сол жерде тамақтанады, жиі көкөністерден жасалған салаттар қолданады. Дене қызуы 38,50С. Бет терісі гиперемияланған, конъюнктивит, аңқасында гиперемия, фарингит анықталады. Мойын, қолтық лимфа түйіндері пальпацияланады. Кеуде аяқ - қол терісінде шектелген папулезді бөртпе. Іші жұмсақ оң жақ мықын аймағы ауырады, құрылдау естіледі, бауыры +1,0 см.

Диагонозды дәлелдеу үшін қандай биосубстрат алу қажетті? 

 Жұлын сұйықтығы

*+Аңқадан жағынды

* Лимфа түйінінен пунктат

* Сүйек кемігінен пунктат

* Бөртпелерден қырынды                                                                                                                                          

! 38- жастағы әйел адам 15 мамырда стационарға келіп түсті. 4 күн бойы дене қызуының көтерлуіне, әлсіздікке, бас ауруына, денесінің ауру сезіміне шағымданған. Бүгін шектелген, мұрынан қан кету болған. Қызылорда обылысының шиелі ауданының тұрғыны. Дене қызуы 39,00С.бет терісі, мойны гиперемияланған, конъюнктивит, аңқасында гиперемия. Оң жақ қолтық асты шұнқырында гемморагиялық бөртпелер анықталады.Іші жұмасақ, ауру сезімсіз, бауыры +1,0 см.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

*+ККГҚ

* Иерсиниоз

* Бөртпе сүзегі

* Іш сүзегі

* Менингококкцемия

! 38- жастағы ер адам шопан, 14 шілдеде стационарға жатқызылды.2 күн бойы дене қызуы көтерілген, әлсіздік, бас ауруы, оң шап аймағында ауру сезімді түзіліс мазалаған. Қызылорда обылысы арал ауданының тұрғыны. Дене қызуы 40,00С. Оң жақ шап аймағында лимфа түйіндері ұлғайған, қатты аурырады, айналасындағы тіндермен жабысып, қозғалмайды, айқан шекарасы жоқ, терісі қызарған. Оң жақ балтырдың беткей жағында ішінде қоңыр қанды сұйықтығы бар ауыратын пустула анықталады.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Иерсиниоз

* Туляремия

* Листериоз

*+Оба

* Сібір жарасы

! 35- жастағы ер адам стационарға ес түссіз әкелінді. Жақындарынан анықтағанда, науқас 3 күнен бері: әлсіздікке, бас ауруға, дене қызуының көтерлуіне шағымданған. Бүгін тежелген, денесі, аяқ- қолыдарында құрысулар пайда болған. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің +4 см ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 580 жасуша мл3, лимфоцит 80%, нейтрофил 20%. Анамнезінде: неврологта үшкіл нервтің невритіне байланысты емделген. 

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Туберкулез

* Бруцеллез

*+Герпестік инфекция

* Менингококтық  инфекция

* Цитомегаловирусты инфекция

! 40- жастағы әйел ес түссіз жағдайда стационарға түсті. Жақындарынан анықтағанда, науқас 3 күнен бері: әлсіздікке, бас ауруға, дене қызуының көтерлуіне шағымданған. Бүгін тежелген, денесі, аяқ- қолыдарында құрысулар пайда болған. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің +4 см ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 580 жасуша мл3, лимфоцит 80%, нейтрофил 20%

Қандай этитропты дәріні тағайындаған дұрыс?

* Ремантадин

*+Ацикловир

* Ганцикловир

* Циклоферон

* Рибавирин

! Ер адам, 20 лет, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, құсқан, әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Сол күні табанында, балтырында, санында геморрагиялық бөртпе пайда болған. Тері жамылғысы бозғылт. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі байқалады. ҚҚ: 90/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейкоциттер – 20х109/л., лейкоформула: миелоциттер – 2, т/я – 14, с/я- 78, моноциттер -2, лимфоциттер - 4, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Өкпенің рентгенографиясында пневмония. Жұлын-ми сұйықтығы: «лайлы» түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз: 1 мкл 1500 жасушалар нейтрофилдер (95%) есебінен.

Науқаста менингококкты инфекцияның қай түрі дамыған?

* Менингит

* Менингоэнцефалит

*+ Менингококкцемия

*Пневмония

* Менингококковый назофарингит

! Бойжеткен, 16 жасар, лицей оқушысы, ауруының 1-ші күні түскен. Жедел ауырған: кенеттен температурасы 40°С дейін жоғарылап, қатты басы ауырған, құсу жеңілдік әкелмеген. Жалпы жағдайы ауыр, айқын гиперестезия. Көз қарашығы кеңейген, жарыққа сезімтал. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі өте айқын, Керниг симптомы екі жақты оң мәнді. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 130 рет, ҚҚ – 100/50 мм.сын.бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 18х109 /л., т/я –12, с/я- 82, моноциттер-2, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығы: лайлы түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз: 1 мкл 900 жасушалар нейтрофилдер (83%) есебінен.

Менингококты инфекцияның қай түрі туралы ойлауға болады?

*+Менингит

* Менингококкцемия

* Менингоэнцефалит

* Менингококкцемия+ менингит

* Менингококкцемия + менингоэнцефалит

! Бозбала, 17 жасар, ауырғанына 7 сағат болғанда қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Айқын қалшылдауға, бас ауруға, құсуға, дене температурасының 390С дейін жоғарылауына шағымданады. 4 сағаттан кейін денесі мен аяқ-қолдарында дұрыс емес жұлдызша тәрізді көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Түскен кезде: жағдайы ауыр, есі-сопор, температурасы-36,50С, ентікпе-1минутта 25 рет, цианоз, қозғалмалы қозғыштық, пульсі жіпше тәрізді, ҚҚ: 60/40 мм. сын. бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 24х109 /л., т/я –10, с/я- 80, моноциттер-4, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 42 мм/сағ.

Науқаста қандай асқыну болуы ықтимал?

* ТШҚҰ-синдром

*+Инфекционды-токсикалық шок

* Бас миының ісінуі

* Жедел бүйрек жетіспеушілігі

* Жедел жүрек –қантамыр жетіспеушілігі

! Ер адам, 25 жасар, жедел ауырған: температурасы 39-40°С дейін жоғарылаған, басы қатты ауырған, тәбеті төмендеген, әлсіздік пен денесінің қақсап сынуы мазалаған. Қарағанда: есі анық, аңқасында –жеңіл гиперемия, бадамша бездері ұлғаймаған, жабынды жоқ. Табан терісінде бірлі–жарым геморрагиялық бөртпе бар. ҚҚ: 100/60 мм.сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Терапевт-дәрігер «ЖРВИ» деген диагноз қойып, емханалық ем тағайындап, үйінде қалдырған.

Менингококцемияның ықтималдығын көрсететін қай симптом дәрігерді секемдендіруі керек еді?

* Әлсіздік

* Бас ауру

* Тәбеттің төмендеуі

*+Бірлі–жарым геморрагиялық бөртпе

* Температурасының 39-40°С дейін жоғарылауы

! Әйел адам, 39 жасар, мал дәрігері, бел тұсының ауыруына, басының үнемі ауыруына, тершеңдікке, қызбаға (бірақ температурасы 37,3оС аспаған) шағымданып түскен. Ұзақ уақыт невропатолог пен терапевтте емделген емінің тиімділігі болмаған. Ципрофлоксацин мен доксициклинмен жүргізілген ем кезінде қатты бас ауру мен қайтара құсу сақталды. Жылағыш, мазасыз. Менингеалді симптомдар теріс мәнді, белін қозғалту шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100.

Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізу керек?

* Бас қаңқасының рентгенографиясы

* Электроэнцефалография

*+Жұлын сұйықтығын алу

* Компьютерлік томография

* Магниттік-резонансты томография

! Ер адам, 40 жасар, қойшы, әлсіздік пен сілекей ағуға шағымданып түсті. Жедел ауырған: жұтынуы қиындап, басы айналған. Жалпы жағдайы орташа, температурасы 37,2 °С, беті қызарған, қозғыш, көп сөйлейді, өлімнен қорқады. ҚҚ: 120/80 мм.сын.бағ., пульсі минутына 120 рет. Ауырардан 2 ай бұрын атып өлтірген қасқырдың терісін алған. Жанұясында барлығы сау.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Сіреспе

* Ботулизм

*+Құтыру

* Нейробруцеллез

* Менингококты инфекция

! Ер адам, 19 жасар, ауруының 3 күні сілекей бездері тұсындағы екі жақты ісінуге, басының қатты ауыруына, қайтара құсуға шағымданып түскен. Пальпация кезінде сілекей бездері қамыр тәріздес тығыздықта, біріңғай ауырады, Мурсу симптомы оң мәнді, дене температурасы 39ºС, менингеалді симптомдар оң мәнді. Қандағы лейкоциттер саны - 5,4 х 10 9/л, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда - лимфоцитарлы цитоз. 

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Сіреспе

* ЭБВ- инфекция

*+Паротитті инфекция

* Менингококты менингит

* Жедел іріңді сиалоаденит

! Студент, 19 жасар, субфебрилді температураға, әлсіздікке, тамағының жыбырлауына шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғысы таза, мұрын қуысынан аз мөлшерде серозды-іріңді бөлінді ағады, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты қызарған, гипертрофирленген фолликулалар бар. Қойылған диагнозы: ЖРВИ. Гемограммада: лейкоциттер – 12х109 /л., лейкоцитарлы формула солға ығысқан, ЭТЖ - 30 мм/сағ.

Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізу керек?

* Ларингоскопия

* Люмбалді пункция

* Қанды бактериологиялық тексеру

*+Мұрын жұтқыншақ шырышын бактериологиялық тексеру

* Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы

! Студент, 23 жасар, жедел ауырған: температурасы 40°С жоғарылаған, басы ауырған, құсқан, әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 2-ші күні жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне жеткізілген. Тексергенде: тері жамылғысы бозғылт. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі 5 к/с және Керниг симтомы екі жақты айқын оң мәнді. Гемограммада: лейкоциттер – 20х109 /л., лейкоформула: миелоциттер – 2, т/я – 14, с/я- 78, моноциттер -2, лимфоциттер - 4, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығы: «лайлы» түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз: 1 мкл 1500 жасушалар нейтрофилдер (95%) есебінен.

Науқасқа қандай этиотропты препарат тағайындаған дұрыс (қолданыстағы № 566 бұйрыққа сәйкес)?

* Левомицетин – сукцинат натрий

*+Пенициллин-натрийлік тұз

* Ципрофлоксацин

* Доксициклин

* Азитромицин

! Бойжеткен, 17 жасар, ауырғаннан кейін 7 сағаттан соң ауыр жағдайда түсті. Ауруы айқын қалшылдаудан, бас аурудан, құсудан, дене температурасының 390С жоғарылаудан басталған. 4 сағаттан кейін денесі мен аяқ-қолдарында дұрыс емес жұлдызша тәрізді көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Түскен кезде: жағдайы ауыр, есі-сопор, температурасы -36,50С, ентікпе, цианоз, қозғалмалы қозғыштық, пульсі жіпше тәрізді, ҚҚ: 60/40 мм. сын. бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 24х109 /л., т/я –14, с/я- 78, моноциттер-4, лимфоциттер- 4, ЭТЖ - 45 мм/сағ.

Қолданыстағы № 566 бұйрыққа сәйкес науқасқа қандай этиотропты препарат тағайындаған дұрыс?

*+Левомицетин – сукцинат натрий 50-100 мг/ кг 

* Пенициллин-натрийлік тұз 500000 бірлік/кг

* Ципрофлоксацин 500мг х күніне 2 рет

* Ампиокс 0,5 мг х тәулігіне 4 рет

* Эритромицин 0,25х күніне 4 рет

! Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. ҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейкоциттер – 20х109/л., лейкоформула миелоциттерге дейін солға жылжыған, анэозинофилия, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады.

Дәрігердің тағайындаған емінде қандай қателік жіберілді:

* Баралгин 5,0 б/е

*+Пенициллин 18 млн/тәулігіне б/е

* Трисоль 500 мл т/і тамшылатып

* Глюкоза 5%-500 мл т/і тамшылатып

* Аскорбин қышқылы 5%-10,0 т/і

! Ер адам, 20 лет, жедел ауырған: температурасы 39°С дейін жоғарылап, басы қатты ауырған, құсқан, әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Тері жамылғысы бозғылт. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі, екі жақты айқын оң мәнді Керниг симтомы байқалады. ҚҚ: 90/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейкоциттер – 20х109/л., лейкоформула: миелоциттер – 2, т/я – 14, с/я- 78, моноциттер -2, лимфоциттер - 4, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығы: лайлы түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз: 1 мкл 1500 жасушалар нейтрофилдер (95%) есебінен. Кешенді емдеу барысында науқастың жағдайы жақсарды, шығарылуға дайындалуда, кеңестер берілді.

Қолданыстағы №566 бұйрыққа сәйкес науқастың невропатологтағы диспансерлік бақылауының ұзақтығы?

* Жарты жыл

* 1 жыл

*+2 жыл

* 3 жыл

* 5 жыл

! Әйел адам, 29 жасар, балабақша тәрбиешісі, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, әлсіздік мазалаған. Тері жамылғысы бозғылт. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі және екі жақты айқын оң мәнді Керниг симтомы байқалады. ҚҚ: 90/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Ауруының 2-ші күні жұқпалы ауруханаға жіберілген, сол жерде жұлын-милық пункция жасалынған: ликвор лайлы түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз; 1 мкл-де 1200 жасуша (нейтрофилдер -98%, лимфоциттер-2%). Шұғыл хабарлама берілді.

Қолданыстағы №566 бұйрыққа сәйкес балабақшадағы карантиннің мерзімі қанша:

* 3 күн

* 5 күн

* 7 күн

*+10 күн  

* 15 күн

! Бозбала, 16 жасар, үйінде терапевт-дәрігер қарады. Бүгін таңертең ауырған. Ауруы айқын қалшылдаудан, бас аурудан, дене температурасының 390С дейін жоғарылауынан басталған. 4 сағаттан кейін денесі мен аяқ-қолдарында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Қарағанда: температурасы -36,50С, ентікпе, цианоз, пульсі жіпше тәрізді, ҚҚ: 60/40 мм. сын. бағ. Жедел жәрдем бригадасы шақырылды.

Госпитализацияға дейінгі кезеңде науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс? 

* Ампиокс

* Маннитол

* Диклофенак

*+Преднизолон 

* Бензилпенициллин натриевая соль

! Ер адам, 19 жасар, ауруының 3-ші күні сілекей бездері тұсындағы екі жақты ісінуге, басының қатты ауыруына, қайтара құсуға шағымданып түскен. Пальпация кезінде сілекей бездері «қамыр тәріздес» тығыздықта, біріңғай ауырады, Мурсу симптомы оң мәнді, дене температурасы 39ºС, менингеалді симптомдар оң мәнді. Қандағы лейкоциттер саны - 5,4 х 10 9/л, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда - лимфоцитарлы цитоз. 

Науқасқа қандай тексеруді бірінші кезекте жүргізу керек?

* Бас қаңқасының рентгенографиясы

* Электроэнцефалография

*+Жұлын сұйықтығын алу

* Бас миының компьютерлік томографиясы

* Бас миының магниттік -резонансты томографиясы

! Бозбала, 16 жасар, үйінде терапевт-дәрігер қарады. Бүгін таңертең ауырған. Ауруы айқын қалшылдаудан, бас аурудан, дене температурасының 390С дейін жоғарылауынан басталған. 4 сағаттан кейін денесі мен аяқ-қолдарында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Қарағанда: температурасы -36,50С, ентікпе, цианоз, пульсі жіпше тәрізді, ҚҚ: 60/40 мм. сын. бағ. Ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем бригадасы шақырылды.

Госпитализацияға дейінгі кезеңде науқасқа преднизолонның қандай мөлшерін тағайындаған дұрыс? 

* 1 мг/кг

*+2 мг/кг

* 3 мг/кг

* 4 мг/кг

* 5 мг/кг

! Ер адам, 20 жасар, жедел ауырған: температурасы 40°С жоғарылаған, басы ауырған, тәбеті төмендеген, әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Облыстық аурухананың қабылдау бөлімінде қарағанда: жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозғылт, желке бұлшық еттерінің кернеулігі 3 к/с және Керниг симтомы екі жақты айқын оң мәнді. ҚҚ: 90/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейкоциттер – 20х109 /л., лейкоформула солға жылжыған: анэозинофилия,, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Жұлын-милық пункция жасалынды.

Науқаста ликвордың сипаты қандай болуы мүмкін?

* Аралас плеоцитоз

*+Нейтрофилді плеоцитоз

* Лимфоцитарлы плеоцитоз

* Өзгермеген эритроциттердің болуы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.