Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы токсикалық және қызба синдромымен жүретін жұқпалы аурулардың ерте диагностикасы. 23 страница



Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мумкін?

* Энцефалит

* Нейротоксикоз

*+Менингоэнцефалит

* Эпилептикалық статус

* Инфекционно-токсический шок

! 32 жастағы әйел Африка тұрғыны. Аудандық ауруханаға ес-түссіз ауыр жағдайда жеткізілді. Жеткізген адамның сөзіне қарағанда ауырғанына 3-4 күн болған. Ыстықтау, қалтырау, тершеңдік, бас ауыруы, іштің ауыру сезімі байқалып, аспирин, левомицетин қабылдаған. Объективті қарап тексергенде: гипертермия, ернінде герпесті бөртпелер, тері жабындылары сарғайған. Іші жұмсақ, ішектердің спазмы жоқ, бауыры және көкбауыры ұлғайған. ҚҚ – 60/40 мм с.б., зәрі кешеден бері болмаған.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау қате болады?

* Дофамин 5,0 т/і

* Полиглюкин т/і

* Преднизолон 120 мг в/і

*+Адреналин 0,5 + физ.еріт. т/і

* Глюкоза 5%-500,0 + витамин С 10,0 т/і

! 20 жастағы ер адам тыныс алудың қиындауына, ауа жетпеу сезіміне, қысылу, қатты жөтел, қиын бөлінетін қақырыққа, кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 380 С –қа көтерілуіне, ентігу шағымдарымен ауруханаға келіп түсті. Анамнезінен: ауырғанына 3 күн болған, ауру катаральді белгілермен басталған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ жағдайында, тынысы шулы. Мазасыз, акроцианоз, ентігу, тыныс алу жиілігі-32 рет минутына, өлімнен қорқу сезімі мазалайды. Аускультативті тыңдағанда өкпенің екі жағында да орташа және үлкен көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысының тұйықталған. ҚҚ 130/90мм сын.бағ.Тамыр соғысы минутына120 рет.

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?

* Өкпе туберкулезі. Өкпе ісінуі

* Ошақты пневмония. Өкпе ісінуі

*+Вирусты пневмония. Өкпе ісінуі

* Грипп, ауыр ағымды. Өкпе ісінуі.

* Крупозды пневмония, ауыр ағымда

! 18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімшесінің дәрігері Менингококкты инфекция, менингококцемия диагнозын қойған. Бөлімшеде пенициллинді тәулігіне 12 млн б/е, ыстық түсіруші препаратын енгізген. Бүгін науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, психомоторлық қозу пайда болған, тыныс алу жиілігі - 25 рет мин., тамыр соғысы 130 с/мин, жіптәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б., дене температурасы 36,20С. Таңертеңнен бері кіші дәретке шықпаған.

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?

* Ми ісінуі мен домбығуы

*+Инфекциялық-токсикалық шок

* Жедел бауырлық энцефалопатия

* Жедел бүйрекүсті жетіспеушілік

* Жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігі

! Ауруханаға 18 жастағы жас қыз дене қызуының көтерілуіне, қатты бас ауыруына, 2 рет құсу шағымдарымен келіп түсті. Үйінде кіші інісі ЖРВИ – мен ауырып жазылған. Ауруханада пенициллин тәулігіне 12 млн, ыстық түсіруші препарат, осельтамивир (тамифлю) препаратын тәулігіне 75г, көп сұйықтық ішу, аскорбин қышқылын тағайындаған. Бүгін науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, психомоторлық қозу, денесінің барлық жерінде геморрагиялық бөртпелер пайда болған, тыныс алу жиілігі – 25 рет мин., тамыр соғысы 130 рет/мин, жіптәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б., дене температурасы 36,20С. Таңертеңнен бері кіші дәретке шықпаған.

Науқастың жағдайы қай препараттан кейін нашарлаған болуы мүмкін?

* Көп сұйықтық ішу

* Осельтамивир тағайындау

* Аскорбин қышқылын тағайындау

* Ыстық түсіруші препаратты тағайындау

*+Бактерицидтік антибиотик тағайындау

! 26 жастағы әйел ауруханаға ауыр жағдайда келіп түсті. Туыстарының айтуы бойынша кеше кешкі сағат шамамен 22.00 де қалтырау, дене қызуы 400С – қа көтерілуімен, басының қатты ауыруымен басталған. Парацетомол ішіп сосын ұйықтауға жатқан. Таңертең әйел төсектен тұрмайды, денесінің барлық жерінде бөртпе пайда болған, дене қызуы 39,80С жоғарылап ыстық түсіруші препараттар көмектеспеген. Жағдайы ауыр, есі анық. Менингеальді симптомдар жоқ. Кеудесінде және аяқ-қолдарында геморрагиялық «жұлдызша тәрізді» бөртпелер пайда болған. ҚҚ – 90/60 мм сын.бағ., ЖСЖ 120 рет мин., пульсі әлсіз толымды, таңертеңнен бастап кіші дәрет болмаған.

Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін?

* Кардиогенді шок

* Анафилактикалық  шок

* Гиповолемиялық  шок

*+Инфекциялық- токсикалық  шок

* Ми қанайналымының жедел бұзылысы

! 36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің жиі өтуі шағымыдармен ауылдық ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 80/60 мм сын.бағ. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші ауру сезімсіз. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.

Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?

* Гормонотерапия

* Десенсибилизация

* Антибиотиктер қабылдау

*+Тамыр ішіне тұзды ерітінділер құю

* Осмотикалық диуретиктер салу

! 26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 5-6 ретке дейін сұйық нәжіс шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезі: таңертең қуырылған тауық жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, сасық иісті, жасыл түсті. Клинико-эпидимиологиялық мәліметтеріне негізінде отырып «Сальмонеллез, гастроинтестинальді түрі, ауыр ағымды. Асқынуы Гиповолемиялық шок» диагнозы қойылған.

Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?

* Гормонотерапия

* Десенсибилизация

* Антибиотиктер қабылдау

* Осмотикалық диуретиктер қабылдау

*+Асқазанды жуу, т/і және оральді тұзды ерітінділерді енгізу



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.