Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы токсикалық және қызба синдромымен жүретін жұқпалы аурулардың ерте диагностикасы. 21 страница



* Сілтіленген эритроциттердің болуы

! 25 жастағы ер адам, дәрігерді үйіне 10 наурызда ауырғанына 6 күн болғанда шақырыды. Жедел ауырған, дене қызуы көтеріліп, қалтыраған. Басының ауруы мазалап, жүрегі айнып, құсқан, іші бүріп ауырып, тәулігіне 2˗3 рет іші өтті, тамағындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел, артралгия мазалауда. Жер үйде тұрады, үйінде кеміргіштердің іздері байқалған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы жоғары. Денесі мен аяқ˗қолдарында дақты˗папулезді бөртпе анықталады, тілі өңезделген, тамағы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, сол жақ бадамша безінде іріңді˗некроздық жабынды анықталады. Барлық топтағы лимфа түйіндер 1,0x1,0 см. Бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады. Оң жақ мықын аймағында ішектінің шұрылы бар. Нәжісі сұйық.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:

*+Иерсиниоз

* Ку қызбасы

* Іш сүзегі

* Сальмонеллез

* Инфекциялық мононуклеоз

! 25 жастағы ер адам, дәрігерді үйіне 10 наурызда ауырғанына 6 күн болғанда шақырыды. Жедел ауырған, дене қызуы көтеріліп, қалтыраған. Басының ауруы мазалап, жүрегі айнып, құсқан, іші бүріп ауырып, тәулігіне 2˗3 рет іші өтткен, тамағындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел, артралгия мазалауда. Жер үйде тұрады, үйінде кеміргіштердің іздері байқалған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы жоғары. Денесі мен аяқ˗қолдарында дақты˗папулезді бөртпе анықталады, тілі өңезделген, тамағы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, сол жақ бадамша безінде іріңді˗некроздық жабынды анықталады. Барлық топтағы лимфа түйіндер 1,0x1,0 см. Бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады. Оң жақ мықын аймағында ішектінің шұрылы бар. Нәжісі сұйық.

Қандай дәрі ЕҢ тиімді?

* Макропен

* Цефозолин

* Гентамицин

* Пенициллин

*+Ципрофлоксацин

! 25 жастағы ер адам 10 наурызда, ауырғанына 6 күн болғанда ауруханаға түскен. Ауруы жедел қызбадан, басының ауруы мен жүрегі айнып, құсудан басталған. Шағымдары: ішінің ауруы, тәулігіне 2˗3 ретке дейін ішінің өтуі, тамағының ауруы, құрғақ жөтел, артралгия. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,90С.. Денесі мен аяқ˗қолдарында дақты˗папулезді бөртпе, тілі өңезделген, тамағы қызарған, іріңді˗некрозды баспасы бар. Барлық топтағы лимфа түйіндер 1,0x1,0 см. Бауырының төмеңгі шеті қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады. Оң жақ мықын аймағында шұрыл анықталады. Нәжісі сұйық. Қанды және аңқадан алынған жағындыны бактериологиялық зерттегенде Iersinia enterocolytica бөлінді.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Иерсиниоз, гепатитті түрі

* Иерсиниоз, баспалық түрі

* Иерсиниоз, абдоминалды түрі

* Иерсиниоз, асқазан˗ішектік түрі

*+Иерсиниоз, біріншілік генерализацияланған түрі

! 19 жастағы ер адам ауруханаға келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39°С˗ға дейін көтеріліп, қалтыраған, буындары мен бұлшықеттері сырқырайды. Қарап тексергенде: ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ІІ дәрежеге дейін ұлғайған, оң және сол бадамша бездерде іріңді˗некроздық жабынды, мойын,жақ астық лимфаденит байқалады. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен пальпацияланады. Эпидемиологиялық анамнезінде шикі көкөністерден (сәбіз, қырыққабат) жасалған салаттарды жиі қолданады.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:

*+Листериоз, баспалық түрі 

* Іріңді˗некроздық баспа

* Иерсиниоз, жайылмалы түрі

* Вирусты гепатит, сарғаю алды кезеңі                                                                                

* Созылмалы тонзиллит декомпенсация кезеңі

! 26 жастағы әйел, ауруханада жатқанына 5 күн болған. Жүктілігі 20-21 апта, акушерлік анамнезі күрделі (2-рет жүктілігі өздігінен үзілген). Кольпит, сукөптілік анықталуда. ЖҚА – эритроциттері – 4,5х1012\л, гемоглобині – 123г\л, лейкоциттері – 5,6х109\л, ЭТЖ – 17 мм\сағ. Қынаптан жағындыда – лейкоциттер 15-16 к\а. ИФА - листериозді а\г IgG оң. ТГАР – листериозға қарсы антиденелер титрі 1:100. Қынаптан алынған шырышты бактериологиялық тәсілмен зерттегенде –L.monocytogenes бөлінді.  Дәрігер листериоз деген диагноз қойды.

Диагноз қоюға ықпал еткен ЕҢ негізгі мәліметтер қандай?

* Акушерлік анамнез мәліметтері

* ИФА листериозді а\г IgG оң болуы

*+L.monocytogenes қынап шырышынан анықтау

* Қынап жағындысында қабынуға тән өзгерістердін болуы                        

* ТГАР листериозға қарсы антиденелер титрінің 1:100 болуы  

! 28 жастағы әйел,  5 күн бұрын ауырған, дене қызуы 39°С көтеріліп, қалтыраған. Буындары қақсап, денесі сырқырап ауырған. Қарап тексергенде: жағдайы улану белгілері салдарынан орташа ауырлақта, ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ІІ дәрежеге дейін ұлғайған, оң және сол бадамша бездерде іріңді˗некроздық жабынды, мойын, жақасты лимфатүйіндері ұлғайған, бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5 см.төмен. Эпидемиологиялық анамнезінде жиі көкөністерден (қырққабат, сәбіз) жасалған салаттарды қолданатыны анықталды.

Қандай дәріні этиотропты ем ретінде қолданған ЕҢ тиімді?

* Гентамицин

* Ампициллин

* Рифампицин

* Доксициклин

*+Ципрофлоксацин

! 32 жастағы әйел, айырғанына 8 күн болғанда ауруханаға келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С.дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С.. Барлық топтағы лимфа түйіндері бұршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты˗папулезді бөртпе анықталады. Бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:

*+Иерсиниоз                                                                                                           

* Лептоспироз                                                                                                       

* Жедел вирусты гепатит                                                                                                                               

* Инфекциялық мононуклеоз                                                                                                                                   

* Созылмалы вирусты гепатит

! 32 жастағы әйел, айырғанына 8 күн болғанда ауруханаға келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С.дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоңырланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С.. Барлық топтағы лимфа түйіндері бұршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты˗папулезді бөртпе анықталады. Бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.

Қандай дәрі этиотропты ем ретінде ЕҢ тиімді:

* Гентамицин                                                                                                                   

* Ампициллин                                                                                                                             

* Рифампицин                                                                                                                                   

* Доксициклин                                                                                                                             

*+Ципрофлоксацин

! 32 жастағы әйел, айырғанына 8 күн болғанда ауруханаға келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С.дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С.. Барлық топтағы лимфа түйіндері бұршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты˗папулезді бөртпе анықталады. Бауырының төмңгі қыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.

Қандай зерттеу әдісі ЕҢ нәтижелі болады:

* Ультра дыбыстық зерттеу

* Қанның биохимиялық анализі

* ИФА әдісімен ВГ маркерлерін анықтау

*+Зооноздарды бактериологиялық әдіспен анықтау

* Қызбамен жүретін ауруларға серологиялық зерттеу

! 15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түседі. Дене қызуының 38.80С.дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, барлық топтағы лимфа түйіндері 1,0 x 1,0 см көлемді, мойынарты лимфа түйіндері ауырады. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі қырықабырға доғасынан 2,0 см төмен пальпацияланады, ауырмайды, көк бауыры 1,0 см үлкейген. Ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы, таңдай доғалары аздап қызарған, бадамша бездері III дәрежеге дейін ұлғайған, іріңді жабындылары анықталады, шпателмен оңай алынады

Қандай клиникалық белгі осы ауруға ЕҢ тән? 

* Сарғаю

* Спленомегалия

* Паратонзиллярлы абсцесс

* Тұрақты қызба

*+Генерализацияланған лимфоаденопатия

! 15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түседі. Дене қызуының 38.80С.дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, барлық топтағы лимфа түйіндері 1,0 x 1,0 см көлемді, мойынарты лимфа түйіндері ауырады. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен пальпацияланады, ауырмайды, көк бауыры 1,0 см үлкейген. Ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы, таңдай доғалары аздап қызарған, бадамша бездері III дәрежеге дейін ұлғайған, іріңді жабындылары анықталады, шпателмен оңай алынады

Қанның жалпы анализіндегі қандай өзгерістер диагноз қоюға көмектеседі?

* Лейкопения

* Нейтрофилез

* Эозинофилия

* ЭТЖ 30-50 мм/сағ

*+Атипті мононуклеарлар

! 16 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Дене қызуының 38.80С.дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, барлық топтағы лимфа түйіндері 1,0 x 1,0 см көлемді, мойынарты лимфа түйіндері ауырады. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен пальпацияланады, ауырмайды. Ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы, таңдай доғалары аздап қызарған, бадамша бездері III дәрежеге дейін ұлғайған, іріңді жабындылары анықталады, шпателмен оңай алынады. Гемограммада: аздаған лейкоцитоз, нейтропения, моноцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар, ЭТЖ 10 мм/сағ.

Қандай аурулардан ажырату керек?

* Грипп

* Сальмонеллез

* Брюшной тиф

* Жедел бруцеллез

*+Иерсинеоз

! 15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда ауруханаға келді. Дене қызуының 38.80С.дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, барлық топтағы лимфа түйіндері 1,0 x 1,0 см көлемді, мойынарты лимфа түйіндері ауырады. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен пальпацияланады, ауырмайды. Ауызжұтқыншақта жұтқыншақтың артқы қабырғасы, таңдай доғалары аздап қызарған, бадамша бездері III дәрежеге дейін ұлғайған, іріңді жабындылары анықталады, шпателмен оңай алынады. Гемограммада: аздаған лейкоцитоз, нейтропения, моноцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар, ЭТЖ 10 мм/сағ.

Қандай зерттеу әдісі осы ауруда ЕҢ тиімді?

*+ИФА

* Бюрне сынамасы

* Райт реакциясы

* Видаль реакциясы

* Провачек риккетсияларымен КБР

! 17 жастағы студент, ауырғанына 7-күн болғанда тамағының ауруына, ауру сезімінің жұтынғанда күшеетіндігіне, басының ауруына, жүрегінің айнуына, әлсіздікке, зәрінің қоюлануына шағымданып ауруханаға келді. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген, терісі мен шырышты қабаттары аздап сарғайған, ірі бұршақ көлеміне дейін ұлғайған мойынның және жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады, тамағында – некрозды баспа белгілері айқын. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см. төмен анықталады.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады:

* Иерсиниоз

* Лептоспироз

* Вирусты гепатит

* Жедел тонзиллит

* Инфекциялық мононуклеоз

! 17 жастағы студент, ауырғанына 7-күн болғанда тамағының ауруына, ауру сезімінің жұтынғанда күшеетіндігіне, басының ауруына, жүрегінің айнуына, әлсіздікке, зәрінің қоюлануына шағымданып ауруханаға түскен. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген, терісі мен шырышты қабаттары аздап сарғайған, ірі бұршақ көлеміне дейін ұлғайған мойынның және жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады, тамағында – некрозды баспа белгілері айқын. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауырының төмеңгі шеті қабырға доғасынан 2,0 см. төмен анықталады.

Диагнозы дәлелдеу үшін қандай анализ тағайындау керек?

*+ИФА

* Видаль реакциясы

* Хеддльсон реакциясы

* Микроагглютинация реакциясы

* Провачек риккетсияларымен КБР

! 23 жастағы әйел адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, дене қызуының 37,3°С-қа дейін 20 күн бойы жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспес ауырған. пассивный гомосексуалист, год назад поменял полового партнера. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясын күдіктенді.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):

* I (бірінші) 

* II (екінші)

*+III (үшінші)

* IV (төртінші)

* Терминальді

! 29 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасында «Жедел В вирусты гепатит, орташа ауырлықта (HbsAg+, HbeAg+, aHBcorIgM+)» диагнозымен ем қабылдап жатыр. Эпид.анамнезден: 2 ай бұрын әйел босанған. Босану ауыр өтіп, қан құйылған. Қанды АИВ- инфекциясына зертеу кезінде ИФА қорытындысы екі рет «күдікті» болды.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?

* Комплементті байданыстыру реакциясы

* Иммунофлюоресцентті әдіс

* Иммуноферментті анализ

*+Иммундық блоттинг

* Иммунограмма

! 20 жастағы әйел адам 2 жыл бойы «еркін» өмір сүреді. Бірнеше шетел адамдармен жыныстық қатынаста болған. Шағымдары жоқ. Клиникалық көріністер жоқ. АИВ-инфекциясына тексерілу барысында АИВ-вирусына қарсы антиденелер анықталған.

Қандай шара науқасты жүргізудегі ЕҢ тиімді болып табылады?

* Ауруханаға жатқызу

*+Динамикасын бақылау

* Жұмыс орнына хабарлау

* Жанұя құруға және бала табуға тиым салу

* Арнайы ем тағайындау

! 23 жастағы ер адам зертханаға анонимді түрде АИВ-инфекциясына тест тапсырған. 1 ай бұрын таныс емес әйел адаммен жыныстық қатынаста болған, кейін ол әйелдің көк тамыр арқылы есірткі қолданатыны анықталған. Өткізілген зерттеу әдісі «теріс» нәтиже берген. Дәрігер пациентке АИВ-инфекциясына қайта тексерлуді тағайындады.

Қандай уақыт аралығында пациент АИВ-инфекциясына қайта тексерілуге тиісті? 

*+3 ай

* 6 ай

* 9 ай

* 1 жыл

* 5 жыл

! 24 жастағы ер адам 12 күн бұрын ауыра бастаған: дене қызуы 38,2°С-қа дейін жоғарылаған, тамағында қышу сезімі, әлсіздік пайда болған. Ауруханада ауруының 7-ші күні қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 37,4°С. Ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаты аздап қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындылар жоқ. Полилимфаденопатия. Бауыр мен көк бауыр ұлғаймаған. Басқа ағзаларында өзгерістер жоқ. Анамнезде: жыныстық серіктесі 2 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайтыны анықталған. Жалпы қан анализінде: Hb – 140 г/л, лейкоциттер – 4,5х109/л, т/я нейтр.– 4%, с/я нейтр. – 22%, лимфоциттер – 68%, моноциттер – 6%, ЭТЖ – 10 мм/сағ. Лимфоциттер арасында 12 жасушаның кең ашық түсті протоплазмасы анықталған. Пауль-Буннель реакциясы – теріс, RW – теріс.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

* Баспа

* Лимфома

*+АИВ-инфекцисы

* Аденовирусты инфекция

* Инфекциялық мононуклеоз

! 24 жастағы ер адам 12 күн бұрын ауырып бастаған: дене қызуы 38,2°С-қа дейін жоғарылаған, тамағында қышу сезімі, әлсіздік пайда болған. Ауруханада ауруының 7-ші күні қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 37,4°С. Ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаты аздап қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындылар жоқ. Полилимфаденопатия. Бауыр мен көк бауыр ұлғаймаған. Басқа ағзаларында өзгерістер жоқ. Анамнезде: жыныстық серіктесі 2 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайтыны анықталған. Жалпы қан анализінде: Hb – 140 г/л, лейкоциттер – 4,5х109/л, т/я нейтр.– 4%, с/я нейтр. – 22%, лимфоциттер – 68%, моноциттер – 6%, ЭТЖ – 10 мм/сағ. Лимфоциттер арасында 12 жасушаның кең ашық түсті протоплазмасы анықталған. Пауль-Буннель реакциясы – теріс, RW – теріс.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?

*+Иммунды блоттинг

* Компьютерлік томография

* Микробиологиялық зерттеу

* Иммунофлюоресценттік микроскопия

* Сүйек кемігінің пунктатын зерттеу

! Ер адам 32 жаста, жақындарының сөздері бойынша бір апта бойы аурады: дене қызуы 37,5-38°С-қа дейін жоғарылаған, бірте-бірте бас ауруы күшейе түскен, соңғы екі күнде – жиі құсу мазалаған: Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы байқалады, дене қызуы 38°С, есі шатасқан (кірерлі-шығарлы), құсу қайталанып жатыр, құрысулар байқалады. Науқас невропотолог кеңесінен кейін жедел түрде неврология бөлімшесіне жатқызылды. Патогенетикалық терапияға қарамастан 2 күн бойы науқастың жағдайы нашарлауда. ИФА және иммунды блотинг әдісімен АИВ-ке қарсы антиденелер анықталған. Компьютерлік томографияда мидың оң жақ жарты шарының қыртысты қабатында ошақты тығыздалулар мен қоршаған тін аймағының ісінуі анықталған.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатысын болжамдауға болады (ДДҰ жіктелуі бойынша)?:

* I (бірінші) 

* II (екінші)

* III (үшінші)

*+IV (төртінші)

* Терминалды

! Ер адам 32 жаста, жақындарының сөздері бойынша бір апта бойы аурады: дене қызуы 37,5-38°С-қа дейін жоғарылаған, бірте-бірте бас ауруы күшейе түскен, соңғы екі күнде – жиі құсу мазалаған. Қарап тексергенде: тері жабындыларыбозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы байқалады, дене қызуы 38°С, есі шатасқан (кірерлі-шығарлы), құсу қайталанып жатыр, құрысулар байқалады. Науқас невропотолог кеңесінен кейін жедел түрде неврология бөлімшесіне жатқызылды. Патогенетикалық терапияға қарамастан 2 күн бойы науқастың жағдайы нашарлауда. ИФА және иммунды блотинг әдісімен АИВ-ке қарсы антиденелер анықталған. Компьютерлік томографияда мидың оң жақ жарты шарының қыртысты қабатында ошақты тығыздалулар мен қоршаған тін аймағының ісінуі анықталған.

Осы жағдайға қандай екіншілік ауру тән ?       

* Миеломдық ауру 

* Ходжкиндік емес лимфома 

* Бас миының ісігі

*+Церебралды токсоплазмоз

* Бас миының эхинококты кистасы 

! 35 жастағы ер адам емханаға дене қызуының 37,0-37,8°С-қа дейін жоғарылауына (көбінесе, кешкі уақытта), бір ай бойы мазалаған тершеңдікке, әлсіздікке, қақырық пен жөтелге шағымданып келген. Бір жыл бұрыс бас бостандығынан айырылған. Қазіргі кезде құрылыста әр түрлі жұмыс орындайды. Рентгенологиялық зерттеу арқылы өкпенің сол жақ бөлігінде ыдырай бастаған ошақты инфильтраттар анықталды. Қанда ИФА әдісімен АИВ-ке қарсы антиденелер анықталған. Науқас ЖҚТҚ-мен (ЖИТС) күресу орталығына жіберілді. Зертеуге дейін науқаста өкпе туберкулезі анықталған.

Науқасқа қай дәрі-дәрмек тағайындау біріншілік шара болып табылады?

* Антиретровирусты препараттар

* Цитостатиктер

* Иммуномодуляторлар

* Антибактериалды дәрілер

*+Туберкулезге қарсы препараттар

! 25 жастағы жүкті әйелді жүктіліктің 30-32 аптасында иммунды-ферментті анализ арқылы тексергенде АИВ-вирусына қарсы антиденелер анықталып, иммунды блотинг әдісімен дәлелденген. Нәрестенің қай жасында (қанша айдан, жылдан кейі) АИВ-инфекциясының диагностикасы ересектерге арналған стандарттар бойынша жүзеге асырылады (ҚР ДСМ-ң «Қазақстан Республикасындағы анадан нәрестеге АИВ-инфекциясының берілуін алдын алу туралы») № 272 бұйрығы (18.04.12ж.):

* 12 ай

*+18 ай

* 24 ай

* 36 ай

* 5 жыл

! 30 жастағы ер адам 10 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайды. Соңғы 2 ай бойы ауызында тағам қабылдау кезінде күйдіру сезімі, дене салмағының төмендеуі, кейде қоймалжың нәжіс, әлсіздік, ұйқының бұзылуы мазалаған. Науқас 2 жыл бойы ЖИТС-пен күресу орталығында диспансерлік есепте тұрады, антиретровирусты ем қабылдайды. Ауыз қуысын қарап тексергенде қызыл иегі, ұрты, қатты таңдай шырышты қабаты қызарған, ақ түсті ірімшік тәрізді жабындымен жабылған ошақтар байқалады. Тілі жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Мойынның артындағы және алдындағы, қолтық лимфа түйіндері ұсақ, ауыру сезімсіз. Іші аздап кепкен, барлық аймақтарда аздаған ауыру сезімі анықталады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.