Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы токсикалық және қызба синдромымен жүретін жұқпалы аурулардың ерте диагностикасы. 22 страница



Науқаста аурудың қандай клиникалық сатысы ЕҢ ықтимал болып табылады (ДДҰ жіктелуі бойынша)?

* I (бірінші) 

* II (екінші)

*+III (үшінші)

* IV (төртінші)

* Терминальная

! 30 жастағы ер адам 10 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайды. Соңғы 2 ай бойы ауызында тағам қабылдау кезінде күйдіру сезімі, дене салмағының төмендеуі, кейде қоймалжың нәжіс, әлсіздік, ұйқының бұзылуы мазалаған. Науқас 2 жыл бойы ЖИТС-пен күресу орталығында «АИВ-инфекциясы, III (үшінші) клиникалық сатысы» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады, антиретровирусты ем қабылдайды. Ауыз қуысын қарап тексергенде қызыл иегі, ұрттың, қатты таңдай шырышты қабаты қызарған, ақ түсті ірімшік тәрізді жабындымен жабылған ошақтар байқалады. Тілі жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Мойынның артындағы және алдындағы, қолтық лимфа түйіндері ұсақ, ауыру сезімсіз. Іші аздап кепкен, барлық аймақтарда аздаған ауыру сезімі анықталады.

Қандай ем шарасы ЕҢ тиімді болып табылады?

* Дисбиозды коррекциялау

*+Саңырауқұлақтарға қарсы терапия

* Антибактериальді терапия 

* Иммунитет жоғарылататын терапия

* Ауыз қусын антисептиктермен шаю

! 35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. Құрылыста жұмыс істейді. Рентгенографияда өкпесінде ыдырау белгілері бар инфильтративті көлеңкелер анықталады. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң.

Қандай шараны бірінші ретте жүргізу керек?

* Фтизиатр кеңесі 

*+ЖИТС орталығына жолдау

* Иммуннды статусты анықтау

* АИВ инфекциясына қайта қан тапсыру

* Антиретровирусты терапия тағайындау

! 28 жастағы ер адамның балтыр мен қолдарында патологиялық элементтер анықталды (суретке қараңыз).

 Осы науқасты қандай ауруға зертеу керек?

             

* Лимфома

* Меланома

* Иерсиниоз 

*+АИВ-инфекциясы

* Жүйелі склеродермия

! АИВ-инфекциясымен ауырған 30 жастағы ер адамда объективті зертеу кезінді ауыз қуысында шырышты қабатының өзгерістері анықталды (суретті қараңыз).

Кандай патология ең ықтимал болып табылады?

* Капоши саркомасы

* Афтозды стоматит

* Ауыз қуысының кандидозы

*+Түкті лейкоплакия

* Сквамозды-жасушалық карцинома

! 22 жастағы ер адам, дәрігерге мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюын анақтағанына шағымданып келді. Дене температурасы қалыпты. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Мойынның алдынғы және артқы лимфа түйіндері 1,0 см дейін, қолтық лимфа түйіндері  1,5 см дейін, шап лимфатүйіндері 1,0 см дейін үлкейген, эластикалық, ауырмайды. Білегінде инъекция іздері бар.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Саркоидоз

* Хламидиоз

*+АИВ-инфекциясы

* Лимфогрануломатоз

* Инфекциялық мононуклеоз

! 29 жастағы ер адам, бір жыл бұрын Нигериядан келген. Әлсіздік сезініп, дене температурасы 37,5ºС дейін көтерілген, денесінде кейде бөртпелер шығады, күнде іші 2-3 ретке дейін өтеді. Дене салмағы 10 кг көпке азайған. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Бруцеллез

* Листериоз

* Бөртпе сүзегі

*+АИВ ˗инфекциясы

* Лимфогранулематоз

! 35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. Рентгенографияда өкпесінде ыдырау белгілері бар инфильтративті көлеңкелер анықталады. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң..

Бірінші ретте қандай шара жүргізген жөн?

* Фтизиатр кеңесі  

* ЖИТС орталығына жіберу

* Иммунды статусты анықтау

* Антиретровирусты терапия тағайындау

*+ ИФА әдісімен АИВ инфекциясына қайта тексеру

! 23 жастағы ер адам, емханаға әлсіздікке, арықтауға, дене температурасының 37,3°С 20 дейін күн бойы көтерілуіне шағымданған. Қарағанда: ауыз қуысының кандидозы, полилимфаденопатия. Анамнезінде: соңғы бір жыл ішінде екі рет белдемелі герпеспен ауырған; пассивті гомосексуалист, бір жыл бұрын жыныстық партнерін ауыстырған. Дәрігер АИВ инфекциясына күманданған. Науқаста қандай клиникалық саты ЕҢ ықтимал?

* I (бірінші) 

* II (екінші)

*+III (үшінші)

* IV (төртінші)

* Терминальды

! 22 жастағы әйел адам, 1 ай бұрын жұқпалы аурулар ауруханасынан шыққан. Онда Жедел вирусты гепатит В, орташа ауырлықта (HbsAg+, HbeAg+, aHBcorIgM+) деген диагнозбен ауырған. Эпиданамнезінде: 2 ай бұрын ауыр босанған, қан құйылған. АИВ инфекциясына ИФА әдісімен тексергенде екі рет күманды болған.

Қандай тексеру әдісін жүргізген ЕҢ тиімді?

* Комплемент байланыстыру реакциясы

* Иммунофлюоресцентті әдіс

* Иммуноферментті анализ

*+Иммунды блоттинг

* Иммунограмма

! 23 жастағы ер адам, АИВ инфекциясы бойынша жасырын кеңес алу лабораториясына келген, 2 апта бұрын көк тамырға есіркі қабылдайтын әйелмен жыныстық қатынаста болған. Текерілген анализінің нәтижесі теріс болған. Дәрігер науқасты тағы бір рет АИВ инфекциясына тексеруді ұйғарды.

Қандай уақыттан кейін тексеруді қайталаған жөн (қанша ай, жыл өткеннен кейін)?

* 5 жыл

* 1 жыл

* 9 ай

* 6 ай

*+3 ай

! 27 жастағы ер адам, ауырғанына 4 апта болған, дене температурасы 38,5°С дейін көтеріліп, тамағы жыбырлаған, әлсіздік дамыған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта.  Температурасы – 37,4°С. Мұрынжұтқыншақ қызарған, бадамша бездері ұлғайған. Қолтық, жақасты, мойнының, шаптың лимфа түйіндері 1,5 см ұлғайған, аздап ауырады. Анамнезінде: жанастық партнері көктамырға есірткілерді еңгізеді.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Тонзиллит

* Лимфома

*+АИВ-инфекциясы

* Аденовирусты инфекция

* Инфекциялық мононуклеоз

! 29 жастағы ер адам, бір жыл бұрын Нигериядан келген. Әлсіздік сезініп, дене температурасы 37,5ºС дейін көтерілген, денесінде кейде бөртпелер шығады, күнде іші 2-3 ретке дейін өтеді. Дене салмағы 10 кг көпке азайған. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған. Науқасты АИВ инфекциясы деген диагнозбен ауруханаға жатқызған.

Қандай манипуляция жасағанда медицина қызметкері АИВ инфекциясын жұқтырып алуы мүмкін?

* Цистоскопия

* Гастроскопия

* Ректороманоскопия

*+Көк тамырдан қан алу

* Бұлшық етке еңгізу

! 35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Тексергенде өкпесінің екі жақтық пневмониясы анықталады.

АИВ инфекциясында пневмонияның ЕҢ жиі қоздырығышы қандай?

* Вирусты

*+Пневмоцисті

* Пневмококктық

* Токсоплазмоздық

* Стафилококктық

! 35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Дәрігер өкпе жағынан өзгерістер бар деп күманданған.

АИВ инфекциясына тән өкпедегі өзгеріс қандай?

* Өкпе абсцессі

* Астмоидты бронхит

* Қайталамалы плеврит

*+Пневмоцистті пневмония

* Пневмококкты пневмония

! 30 жастағы ер адам, 10 жыл бойы көктамырға есірткі заттарды еңгізеді. Биыл бірінші рет АИВ инфекциясы, III клиникалық сатысы анықталып, АРТ қабылдайды. Соңғы екі ай бойы тамақтанғанда аузы ашиды, салмақ тастаған, үлкен дәреті сүйықтау. Қарағанда: ауыз қуысының шырышты қабаттарында ақшыл түсті сүзбе тәрізді жабындылар жапқан, аздап уырады. Тілі өңезделген, бүрлері тегістелген.

Қандай ем ЕҢ тиімді?

* Гормонды терапия 

*+Саңырауқұлаққа қарсы терапия

* Антибактериалды терапия 

* Иммуномодуляторлар

* Ауыз қуысын антисептиктермен шаю

! 35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. Рентгенографияда өкпесінде ыдырау белгілері бар инфильтративті көлеңкелер анықталады. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң.

Науқасты жүргізудің ЕҢ тиімді әдісі қандай?

* Фтизиатр кеңесі 

*+ЖИТС орталығына жіберу

* Иммунды статусын анықтау

* АИВ инфекцияға қайта тексеру

* Антиретровирусты терапия тағайындау

! 28 ер адамда гистологиялық әдіспен саркома Капоши анықталған. Осы науқасты қандай ауруға тексеру керек?

* Лимфома

* Меланома

* Иерсиниоз 

*+АИВ-инфекциясы

* Жүйелі склеродермия

! 30 жастағы ер адамда АИВ˗инфекциясы, қарап тексергенде аузында келесі өзгерістер анқталады.  

Осы ауру қалай аталады?

* Саркома Капоши

* Афтозды стоматит

*+Ауыз қуысының кандидозы

* Түкті лейкоплакия

* Сквамозды-клеткалық карцинома

! 35жастағы ер адам, ауруханаға дене температурасының 37,3-37,5°С дейін көтерілуіне, әлсіздікке, ылғалды жөтелге шағымданып түскен. Күніне 2 пачкаға дейін темекі шегеді. Екі жыл бойы АИВ˗инфекциясы бойынша бақылауды тұрады. Қарап тексергенде науқаста созылмалы бронхиттің өршу сатысы анықталған.

Науқаста пневмоцистті пневмонияның алдын алу үшін қандай дәрі тағайындаған ЕҢ тиімді?

* Ацикловир

* Доксициклин

* Цефалоспорины

* Нистатин/амфотерицин В

*+Триметоприм/сульфаметоксазол

! Әйел 20 жас, ауруының 3ші күні мынандай шағымдармен түсті: жоғары дене қызуы 390С, әлсіздік, аздаған тамағының ауыруы. Жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,40С. Пальпация кезінде жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырсынусыз. Аңқада-цианотикалық түсті қызару, бадамшалары жұтқыншақ доғашықтарынан шығыңқы, ісіңген, сұр түсті жабындымен жабылған, шпательмен алынбайды.

Анамнезінде: 2 күн алдын қызметтесі баспа ауруымен ауруханаға жатқызылған.

Науқасты шығару үшін қанша теріс бактериологиялық зерттеу алу керек?

* 1

* 3

*+2

* 4

* 5

! Қатты ауру сезімді, жергілікті гиперемияланған және гипертермиялы, және периаденитті ірі лимфоденит қай ауруға тән?

*+Оба

* Бруцеллез

* Туляремия

* АИВ-инфекциясы

* Инфекциоялық мононуклеоз

! 42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-90/60 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильраттар анықталады. В гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қандай ұйымдастыру әрекетін бірінші болып орындау керек?

* Консилиум ұйымдастыру

*+Науқасты оқшаулау

* Қанды бактериологиялық анализге алу

* Шұғыл хабарлама беру

* Бастықтарға хабар беру

! 42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырау, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы улану белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-90/60 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильраттар анықталады. В гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді?

* Оксигенотерапия

* Гормондарды көктамырға еңгізу

* Антибиотиктерді көктамырға еңгізу

* Антибиотиктерді бұлшық етке еңгізу

*+Көк тамырға инфузионды ерітіндерді еңгізу

! 16 жастағы бозбала аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне келіп түсті. Шағымдары:дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, сол жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфатүйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Гемограммада: лейкоциттері – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдері -4%,сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттері – 6%, моноциттері -2%.

Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек:

* Гормондарды көк тамырға еңгізу

*+Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу

* Бұлшық етке анальгетиктерді еңгізу

* Көк тамырға инфузионды ерітінділерді еңгізу

* Лимфа түйінін оталау көмегімен ашып, іріңін шығару

! Төмендегідей біріншілік аффектті бар науқас дәрігерге келді.

Қандай емдеу әдісін бірінші кезекте тағайындаған жөн?

* Сарысумен емдеу

* Гормонмен емдеу 

* Оталық ем

*+Антибактериалды ем

* Улануға қарсы ем

! 34 жастағы ер адам, ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне білегінің ортаңғы аймағындағы жараға шағымданып келген. Ауырғанына бір апта болған, алғашында білегіндегі дақты байқаған, кейіннен ол дақ қанды көпіршікке айналған, көпіршік жарылып, жара пайда болған. Жара ұлғайып бүкіл қолына жайылған қарқынды ісіну дамыған. St.localis: оң жақ білектің ортаңғы аймағында - 2х2 см көлемді ауырмайтын жара анықталып, айналасын гиперемияланған сақина көмкерген. Жараның шетінде серозды сұйықтаға бар көпіршіктер байқалады. Қолы түгелдей ісінген. Қолтығында лимфаденит анықталады. Жара бөліндісін бактериологиялық әдіспен тексергенде споратүзуші грамша оң боялатын таяқша табылған.

Қандай емдеу әдісін бірінші кезекте тағайындаған жөн?

* Сарысумен емдеу

* Гормонмен емдеу 

* Оталық ем

*+Антибактериалды ем

* Улануға қарсы ем

! Әйел адамда аздаған ауру сезімді периаденитсіз лимфаденит, жергілікті қызару және гипертермия байқалады

Антибактериалды емдеуді қандай дәріден бастаған жөн?

* Ампициллин

* Пенициллин

* Цефтриаксон

* Доксициклин

*+Стрептомицин

! 48 жастағы ер адам облыстық ауруханаға оң жақ мойын аймағында ісінудің пайда болуына, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданып келген. Бір апта бұрын өлген түлкінің терісін сойған. Оң жақ мойынның лимфа түйіндері 2х2 см дейін ұлғайған, аздап ауру сезімді, қозғалады, терісі өзгермеген. Гемограммада: лейкоциттері – 16х109/л, т/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф – 78%, лимф. – 22%, мон.6%.

Антибактериалды емдеуді қандай дәріден бастаған жөн?

* Пенициллин

* Ампициллин

* Цефтриаксон

* Доксициклин

*+Стрептомицин

! 36 жастағы ер адам емхана дәрігеріне оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, терінің қышуына және дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Тері және шырышты қабаттары сарғыштанған. Кеуде аймағында папулезді дақтар байқалады. Іші жұмсақ, оң қабырға астында сезімталдық анықталады, бауыр 1,5 см-ге ұлғайған, көкбауыр көлемі қалыпты. “Ертіс” өзенінен аулаған сазан балығынан дайындалған “Хе” салатын тамаққа қолданған. Жалпы қан анализінде: Лейк.-9.2×109/л, т/я нейтр.-5%, с/я нейтр.-55%, эоз.-15%, лимф.-22%, мон.-3%, ЭТЖ-23мм/сағ.

Зәр анализі: өт пигменттеріне «оң». Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-0,9 ммоль/л, жалпы билирубин-35,6 ммоль/л, тікелей билирубин-18,4 ммоль/л, тікелей емес билирубин-17,2 ммоль/л.

Қай лабораторлық зерттеу әдісі диагнозды дәледейді?

* Нәжісті бактериологиялық себу

* Өтті бактериологиялық себу

*+Нәжісті микроскопиялық зерттеу

* Иммунды ферментті анализ

* Тікелей емес гемагглютинация реакциясы

! 47 жастағы әйел адам, Павлодар қаласының тұрғыны, 2 күн бұрын оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі ұстамасының пайда болуына байланысты учаскелік дәрігерді шақырған. Бауыр аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, 2 рет құсу, дене температурасының жоғарылауы, терісіндегі қышыну сезімі мазалаған. Анамнезінде – созылмалы холецистит. Ауруын қуырылған сазанды тағамға қолдануымен байланыстырады. Тері мен шырышты қабаттары аздап сарғыштанған. Іші жұмсақ, өт қабы аймағынданда ауырсыну байқалады. ЖҚА: Лейк.-10,5×109/л, т/я нейтр.-5%, с/я нейтр.-45%, эоз.-24%, лимф.-20%, мон.-6%, ЭТЖ-26 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-0,9 ммоль/л, билирубин жалпы - 38,9 ммоль/л, тікелей билирубин - 18,9 ммоль/л, тікелей емес билирубин - 20 ммоль/л. Нәжісті микроскопиялық зерттеу әдісімен мысық қос езуінің (кошачья двуустка) жұмыртқалары табылған.

Қандай дәрі ЕҢ тиімді?

*+Празиквантел

* Альбендазол

* Мебендазол

* Ниридазол

* Дитразин

! 48 жастағы аңшы аймақтық дәрігерге қаралған. 2 ай бойы жүрек пен ұйқы безі аймақтарындағы арқасына иррадиацияланатын тұрақты ауру сезімі мазалаған. Ентігуге, кеуде торшасындағы ауыру сезіміне, қақырық пен жөтелге шағымданады. Кейде қақырықта қан жолақтарын байқаған. Жалпы қан анализінде: лейк.-9,2×109/л, т/я нейтр.-6%, с/я нейтр.-44%, эоз.-18%, лимф.-28%, мон.-4%, ЭТЖ-28 мм/сағ. Рентгеногаммада˗ оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі домалақ пішінді көленке көрінеді.

Отау жасалғаннан кейін қандай дәрі тағайындаған тиімді?

*+Немазол

* Хлоксил

* Дитразин

* Ниридазол

* Празиквантел

! 52 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасына менингококкты менингит диагнозымен әкелінді. Науқас қарым қатынасқа келмейді. Анамнез әйелінің айтуынша жиналған: науқастың басы жиі ауырып, әлсіздік, аяқ-қолдарының тартылуы мазалаған. Тексерілмеген. Соңғы 4 күнде жағдайы нашарлаған? Дене температурасы 39,6 дейін көтеріліп, бас ауруы үдеген, құсу қосылған. Тұмаудан емделген, нәтижесіз. Құрысулар пайда болып, науқастың әрекеттері адекватты емес болғанда жедел жәрдем шақырған. Объективті: жағдайы ауыр, менингиалды белгілері оң, Бабинский симптомы оң. ҚЖА: лейкоциттер – 8,6х109/л., ликворда: цитоз- 15, белок- 0,33, Панди++, глюкоза – 3,2. Эпидемиологиялық анамнезінде: аңшы, өлген қасқырлар мен түлкілердің терісін сыпырады.

Қандай әдіс ЕҢ мәліметті?

* ИФА

* Кацони реакциясы

* Бас миын УДЗ

* Бас миының рентгенографиясы

*+Бастың компьютерлі томографиясы

! 37 жастағы ер адам, маусымда аэропорттан ауыр жағдайда әкелінді, дене қызуы 410С, басы қатты ауырады, бірнеше рет құсқан. Сьерра-Лионда бір күн бұрын ауырған, мұнда бір ай бойы іс сапарда болған. Алдын алу мақсатымен делагил ішкен. Объективті: басын ұстап, ыңқылдап жатыр, қарап тексергенде бір рет құсқан. Беті қызыл, склералары инъекцияланған. Басқа мүшелері патологиясыз. Қан жағындысында тропикалық безгектің барлық даму стадиялары анықталады, көп мөлшерде.

Тропикалық безгектің ауыр түрін емдеуде ЕҢ тиімді дәрі?

*+Хинин

* Мефлохин

* Хингамин

* Артесунат

* Галофантрин

! 43 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасына Вирусты геаптит «В» ˗ға күмәнданып алып келінді. Туыстарының айтуынша ауырғанына 10 күн болған. Ауруының 8 күні көп реттен құса бастаған, «құлау» сезімі пайда болып, қорқынышты түстер көре бастаған. Қарап тексергенде: есі анық емес, түнде нашар ұйықтаған, қозу байқалады, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Тері айқын сарғайган, бауыры кішірейген. Жүрек тондары бәсең, ритмді, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет, АҚҚ 100/70 мм.с.б. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі ағарған.

Қабылдау бөлімі дәрігерінің қандай әрекеті ЕҢ тиімді?

* Дегидратациялық терапия тағайындап, бөлімшеге жатқызады

*+Дезинтоксикациялық ем тағайындап, жұлын сұйықтығын алып болғаннан кейін жан сақтау бөлімшесіне жатқызады.

* Гепатопротекторлар, фурасемид тағайындап, емханаға жібереді                                                                                             

* Гепатопротекторлар тағайындап жан сақтау бөлімшесіне жатқызады

* Гепатопротекторлар тағайындап, гастроэнтерологқа жібереді

! 17 жастағы қыз бала жақын жердегі Орталық аудандық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Ауру анамнезі анасының айтуы бойынша жиналды. Ауырғанына 6 күн болған. Аймақтық терапевт дәрігері «Қызылша, ауыр ағымы» болжама диагнозын қойған. Қарап тексергенде: есі-сопор жағдайда, қарашығы екі жағында да бірдей, жарыққа сезімтал, клонико-тоникалық тырысулар байқалып аузынан көпіршіктер ағуда. Керниг симптомы екі жағынан да оң. Денесінің барлық жерінде көптеген, бір бірімен қосылған дақты-папулезді бөртпелер бар. Акроцианоз. Тынысы шулы, ТЖ-28 рет мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі ритмді, толымы әлсіз, минутына 110 рет соғады. ҚҚ – 110/70 мм с.б. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.