Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Батыс Еуропадағы жаратылыстану ғылымының



№30-лекция

Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Батыс Еуропадағы жаратылыстану ғылымының

дамуы.

Жоспары:

       1. XVI-XVII ғғ. Жаратылыстану дамуында болған төңкеріс.

       2. Астрономияның дамуы.

       3. Физиканың дамуы.

Лекция мәтіні.

Византианың алғашқы кезеңінде антик дәуірінің ескі білімді орталықтары - Афины, Александрия, Бейрут, Газа - әлі де бар еді. Бірақ христиан шіркеуінің антик пұтқа табынушылыққа шабылуының нәтижесінде осы білімді орталықтардың кейбіреулері күйреуге ұщырады. Александриядағы ғылыми орталықты IV ғғ. жойып жіберді, әйгілі Александрия кітапханасынан өртеніп кетті, ал фанатик монахтар 415 жылы әйел ғалым, математик және философ Ипатияны кескілеп өлтірді. 529 жылы Юстиниан антик пұтқа табыну ілімінің соңғы ордасы - Афиныдағы жоғарғы дәрежелі мектепті жауып тастады.

Космография мен астрономия төңірегінде антик жүйесін жақтаушылармен христиан көзқарастары арасында қызу күрестер жүріп жатты. VI ғғ. Косьма Инидикоплов (аудармасы - Үндістанға жүзіп барушы сөзі) өзінің “христиандық топография” дейтін еңбегінде Птоломейдің космогоника жүйесін жоққа шығару мақсатында болды. Оның щығарған барлық аңғырт космогониясы библия ұғымдарына бағындырылған - онда Жер тегіс төрт бұрышты, мұхиттар қоршаған, аспан жауып тұрған қайық тәрізді нәрсе дейді. Бірақ антиктік космогониялық ұғым Византияда IX ғғ. да сақталды. Астрономиялық бақылау, көп жағдайда астрологиямен араласып жатса да, ешуақытта да Византияда тоқтаған емес.

XV ғғ. аяғы мен XVI ғғ. бас кезінде Италияда философия, тарих және саяси ой-пікірдің тамаша өкілдері өмір сүрді. Падуан, содан кейін Болонье университетінің профессоры Петро Помпанации (1462-1524), рационалистік және скенттік, өзінің аты шулы “Рухтың мәңгілігі туралы” трактатында (1516) ашықтан-ашық рухтың мәңгілігі туралы христиан дінінің іліміне қарсы шықты. Ойлаудың материямен тығыз байланыстылығы және материалдық дүниенің жаратылыстың табиғи заңдарына бағынатындығы жайында материализмнің бірқатар қағидаларын негіздеп берді. XVI ғғ. бірінші жартысына тән сипат - Помпанации қуғынға ұшырамады және өмірінің ақырына дейін Болонье университетінің профессоры болып қалды. Бұл католиктік шіркеу басшыларының “азат ойшылының” уақытша кезеңінің соңғы жылдары болды. XVI ғғ. орта шенінен бастап материалистік философияның өкілдері инквизицияның қуғындарына ұшырады. Джордано Бруно (1548-1600), Джулио Ванини (1585-1619) және басқалары өмірлерін отқа жағумен аяқтады. Астроном, физик және философия - материалист Галилео Галилейді (1564-1642) инквизиция соты мәңгілік түрмеге кесіп, өмірінің ақырына дейін бақылауда ұстады. Саяси ойшыл, тарихшы және дипломат Никколо Макивеллидің де (1469-1527) атағы кеңінен танылды. Оның басты еңбегі “Патша” мемлекеттік қызметтегі адамдардың іс-жүзінде басшылыққа алуларына арналды. Ол Италияның түбіне жетіп отырған ең басты бақытсыздық - оның саяси бытыраңқылығы, ал оның негізгі себебі - Рим папасының дүнияуи өкімет үкіметке араласуы деп тұжырымдады. Макиавелли өз шығармаларында Италияны біріктіретін диктатордың қасиеттерін саралап көрсетуге тырысты. XVI ғғ. Италия мемлекет қайраткерлеріне тән нәрсе - олардың тарихты қылмыстың және жеке адамдардың опасыздыққа құмар күресінің аренасы деп қарауға болды. Осы кезеңдегі Италия адамзатқа сонымен қатар қарама-қарсы бағыттағы саяси ойшылды да берді. Испандық тепкінің және XVIІ ғғ. католиктік реакцияның жағдайларында, Оңтүстік Италиядағы утопиялық социализмнің аса көрнекті қайраткері, 27 жыл өмірін түрмеде өткізген Томмазо Кампанелло (1568-1639) өзінің “Күн қаласы немесе тамаша республика” деген атақты шығармасын түрмеде отырып жазды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.