|
|||
Тақырыбы: Балқан елдерінің XVI ғғ. және XVII ғғ. бірінші жартысында Түркияның қоластында болуы.№28-лекция Тақырыбы: Балқан елдерінің XVI ғғ. және XVII ғғ. бірінші жартысында Түркияның қоластында болуы. Жоспары: 1. Балқан халықтарының Түркияның қоластындағы жағдайы. 2. Түркия билігіндегі Балқан елдерінің экономикалық жағдайының ерекшеліктері. 3. Албания және Греция. 4. Балқан халықтарының азаттық қозғалысы. Лекция мәтіні. XVI ғасыр қарсаңында әскери-феодалдық Оспан империясы өзінің қоластына Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. Түркияның жаулап алу Балқан халықтарының тағдырында кері рөл атқарды, олардың қоғамдық-экономикалық өркендеуін бөгіп тастады. Түркия өкіметі мен феодалдар Балқан түбегіндегі христиан дініндегі халықтарды езгіге салып, зорлық-зомбылық саясатын жүргізді. Христиан дініндегі адамдардың мемлекеттік мекемелерде қызмет етуге және қару- жарақ ұстауға құқықтары болмады. Ал мұсылман дінін құрметтемегендерді күштеп ислам дініне енгізді немесе қатаң жазаға тартылды. Өз үкіметін күшейту мақсатымен Түркия үкіметі Балқанға Кіші Азиядан көшпелі түрік тайпаларын көшіріп әкеліп қоныстандырды. Түркия үстемдігін нығайтудың екінші бір құралы бағынған халықты ислам дініне енгізу болды. “Түріктенгендердің” көпшілігі тұтқынға алынғандар және құлдыққа сатылғандар еді, ислам діні олар үшін бостандыққа жетудің бірден-бір жолы болып табылды. Өздерінің мүдделері мен артықшылықтарын сақтап қалуға тырысқан Балқанның көптеген феодалдары, негізінен ұсақ және орташалары, сондай-ақ қаланың қолөнершілері мен саудагерлері исламды қабылдады. “Түріктенгендердің” едәуір бөлігі бірте-бірте өз халқымен қарым- қатынастарын үзіп, түркі тілі мен мәдениетін игере бастады. Осылардың бәрі түрік халқының санын өсіріп, жаулап алынған жерлерде түріктердің үкіметін нығайтты. Мұсылман дініне көшкен сербтер, гректер және албандықтар кейде лауазымы жоғары қызметтер атқарып, ірі әскери қолбасшыларда болды. Көптеген шіркеулер мешіттерге айналдырылды немесе қиратылды. Болгария мен Сербиядағы православиялық шіркеулердің дербестіктері жойылды. Іс жүзінде Түркия үкіметінің қызметін атқаруға көшкен Константинополь патриархы ерекше кең құқықтармен пайдаланды. 2) XVI ғғ. түріктердің жасаған шабуылдары мен соғыстардың ауыр кезеңдерінен кейін, Балқан елдерінің әскери-әкімшілік және сауда орталықтары болған бірқатар қалалардың экономикалық жағдайлары біршама жақсарды. Түркия үкіметі мен түрік армиясының өздері қалалардың қолөнер кәсібі мен сауданың өркендеуіне мүдделі болды. Түріктер әдетте сауда жұмыстарымен аз айналысты. Саудагерлер негізінен гректерден, славяндардан, армяндар мен еврейлерден құралды. Сыртқы, ал ішінара ішкі сауда жұмыстарында Дубровницк, Венеция, Генуэ, неміс саудагерлері үлкен рөл атқарды. Балқан түбегіндегі қала мен деревняның арасында да ала-құлалық жағдайлар байқалып отырды. Олардың арасындағы айырбас жұмыстары көпшілік жағдайларда нашар дамыды. Осыған қарамастан, XVI-XVII ғғ. жергілікті маңызы бар ұсақ сауда мен қолөнер кәсібі орталықтарының сан жағынан ұлғаюы тән болды. Сауда және әскери жолдың бойында орналасқан қалалар, мысалы Белград, Сараева, Салоники сияқты қалалар жедел өсті: олардағы христиан дініндегі халықтың саны да өсіп отырды. XVI-XVII ғғ. шегінде үлкен өзендер бойындағы және теңіз жағалауындағы аудандарда қалалардың көбеюі өндіргіш күштердің өрістеп, ілгері басқандығын көрсетті. Сауда жолдары XVI ғғ. Жерорта теңізінен Атлантика мұхитына қарай ауыса бастады. Дубровник пен итальян қалаларының құлдырауын Балкан түбегінің ішкі аймақтарының Адриатикамен қарым-қатынастарын әлсіретті. Бірақ сонымен қатар бұл аймақтардың Орталық Еуропа елдерімен жасайтын сауда жөніндегі маңызы күшейе түсті. Дегенмен теңіз жағалауындағы және кейбір басқа қалалардың дамуындағы өзгерістерге қарамастан, тұтас алғанда, Балкан елдері экономикалық және әлеуметтік жағынан Еуропаның басқа елдерінен барған сайын едәуір артта қала берді. Бұл әрине, Түркия үкіметінің бағынышты халықтарды қанау жөніндегі саясатына және Осман империясының жалпы соғыс – феодалдық құрылыстың мешеулеп, кейін қалуына да байланысты болды. Түрік мемлекетінің әбден қуаттанып, кемеліне келген кезеңі XV ғғ. мен XVI ғғ. бірінші жартысы болды. Сұлтан Сүлейман Великолепныйдың (1520-1566) билік құрған кезінде түріктердің Еуропа, Африка; Азияда жүргізген ірі-ірі жаулап алушылық әрекеттері аяқталды. XVI ғғ. орта шенінде Түркия үш континенте де кең-байтақ иеліктері бар орасан зор мемлекет болып табылды. Бірақ XVI ғғ. екінші жартысында-ақ оның құлдырауының алғашқы белгілері көріне бастады. 3) Түріктер XV ғғ. Албанияға қайта-қайта жойқын шабуылдар жасады. Ал XV ғғ. аяғында Албания Румелий уалаятының құрамына енгізілді. Албандық феодалдардың дені ислам дінін қабылдап, Түркия үкіметінің қоластына қызмет етуге көшті. Албанияның кең жазықтағы аудандарында түріктің әскери-лендік және әкімшілік жүйесі орнатылды. Көршілес отырған мемлекеттермен және түріктік аймақтармен шаруашылық пен саяси қарым-қатынастарда болмаған Албанияның таулы бөлігінің экономикасы өте артта қалды. Оның тұрғындары мал өсірумен, сондай-ақ таудың тасын аршып босатып алған алақандай жерлерді өңдеумен ғана айналысты. Албанияның бұл аудандары азық-түліктің жетіспеуінен өне бойы аштыққа ұшырай берді. Мұның өзі көптеген албандықтарды түрік қалаларына қоныс аударып, Италияға шығып кетуге, ал кейде тіпті жұртты тонаумен және қарақшылықпен айналысуға да мәжбүр етті. Өмірдің аса ауыр жағдайларында тіршілік жасап шыққан таулық-албандықтар жақсы өн бойында жауынгерлер болып саналды. Оларды еуропалық билеушілер өздерінің жалдамалы армиясына қуана-қуана алатын болды. Албанияның таулы аудандарында патриархтық қатынастар сақталды. Таулықтар алым-салықты төлеуден жиі-жиі бас тартып, түрік әскерлерінің жазалаушы экспедицияларына ұдайы тойтарыс беріп отырды. XVIІ ғғ. албандық қауымдарды бөлшектеп ажыратып, ел ішінде өзінің үкметін нығайтуға тырысқан түрік үкіметтері албандықтардың арасында мұсылман дінін таратуды мейлінше күшейтті. XVIІ ғғ. мөлшері елеулі түрде өсе түскен христиандықтар төлейтін алым-салықтарынан құтылу мақсатымен, албандық шаруалар кейде тіпті тұтас селолармен исламға ауысты. Исламдандыру жұмысы XVIІ ғғ. әсіресе Солтүстік Албанияда өте кең өріс алды.
|
|||
|