Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Қайта өрлеу және гуманизм.



Греция - XV ғғ. аяғына қарай Осман империясы Грецияның континентальды аймақтарының бәрін де - Фракияны, Эпирді және Пелопоннес түбегін өз қоластына бағындырды. XVI ғғ. - XVIІ ғғ. бірінші жартысында Түркия мен Венецияның арасында грек жерлері және әсіресе Эгей және Иония теңіздерінің аралдары үшін жүрген соғыстар тоқтатылды. Родос, Кипр және өзге аралдар бірінен соң бірі Османдардың иеліктеріне көшіп отырды. Түркия билігі орнағаннан кейін кейбір грек феодалдары ислам дінін қабылдап, түріктерге қызмет етуге көшті. Түріктер Грецияда шіркеулер мен монастырьларға олардың иелігіндегі жердің көбін қалдырды. Ең жоғарғы грек дін иелері өздерінің епархияларындағы халыққа үстемдік жүргізу, соның ішінде сот жүргізу жөніндегі кең құқықтарға ие болды. Сонымен, Грецияны жаулап алғаннан кейін, түріктер экономикалық және саяси жөнінде өте-мөте беделді грек феодалдарымен белгілі бір мәмілеге келіп, олардың кейбір жеке құқықтары мен артықшылықтарын сақтап қалдыруға мәжбүр болды. Түріктердің бұған баруына грек жерлерінің шеткерілік жағдайы да мәжбүр етті, грек жерлерін қосып алу үшін XVI–XVII ғғ. Венеция республикасы да күресін тоқтатпаған еді. XVII ғғ. Балкан түбегінің басқа аймақтарына қарағанда, Грецияда тауар- ақша қатынастарының даму және саудагерлер мен кәсіпкерлер тобының қалыптасуы неғұрлым тезірек жүрді. Олардың атқаратын қызметтерінің өрісі грек аймақтарының өзі және Осман империясының басқа жерлеріде болды. Гректердің сауда-қолөнер кәсібінің колониялары Балкан түбегінің және басқа еуропалық елдердің көптеген қалаларында орнығып нығайды. Гректер ежелден бері делдалдық саудамен айналысты. Бірақ XVII ғғ. Грецияда оның өзінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерімен және қолөнер кәсібінің бұйымдарымен сауда жүргізу де өсіп кетті. Аралдарда кеме жасау жедел дамытылды. Грецияда буржуазиялық элементтердің тууы гректің тым бертіндегі пайда болған азаттық қозғалысының негізі болып табылды. Бұл қозғалыстың көздеген мақсаты грек халқын рухани қайта өркендетіп, тәуелсіз грек мемлекетін қайтадан құру болған еді.

4) Жат жұрттың тепкісі мен езгісіне қарсы Балкан халықтарының жүргізген күресі түрік үстемдігінің барлық уақытында да тоқтаған емес. Османдық тепкі мен езгі, Түркия өкіметі мен феодалдардың тарапынан жасалған қысымдар мен қуғын-сүргіндер, бітпес мұқтаждық - міне, көптеген шаруалардың және қала адамдарының гайдуктер мен клефтердің отрядтарына қосылып кетулеріне себеп болған осылар еді. Балқандағы азаттық қозғалыс XVI ғғ. екінші жартысында және XVIІ ғғ. барынша ұлғая түсті. Бұл кезеңде жаулап алушылардың тепкісінен құтылуды мақсат еткен ең алғашқы жаппай көтерілістер болды. Бұл көтерілістер әдетте еуропалық мемлекеттердің Түркияға қарсы жүргізген соғыстарының кезінде бұрқ етіп көрініп қалып отырды. Осман империясымен күрестің және түріктерді Еуропадан қуудың жоспарлары бүкіл XVI ғғ. бойында жасалынып келді. Бірақ оларды іс жүзіне асыру үшін еуропалық елдердің өздері күштерін қосып бірігіп, түріктерге қарсы келісіп қимылдар жасаулары қажет болды. XVI ғғ. екінші жартысында, осман империясының ең алғашқы құлдырау белгілері көріне бастаған кезде ғана Түркияның қарсы жақтары оның жасаған агрессиясына неғұрлым пәрменділеу тойтарыс беруге айналды.

Балкандағы азаттық күрес XVIІ ғғ. басында да саябырланбады. 1601 жылы Албанияны Түркияның қоластынан құтқару жоспары пайда болды. 1606 жылы Австрия-Түркия соғысы аяқталғаннан кейін Түркия мен Испанияның арасынан соғыс өртінің тұтанып кету қаупі туып қалды. Бұл Балкан түбегінің батыс жақ бөлігінде азаттық қозғалысқа қайта жан бітірді.XVIІ ғғ. екінші он жылдығында Отыз жылдық соғыстың басталуына байланысты сыртқы саясаттағы жағдайдың шиеленісіп кеткендігінен, Балқандағы азаттық қозғалыс әлсіреуге айналды. XVI ғғ. және XVIІ ғғ. бірінші жартысында, Балкан халықтарының түрік тепкісінен құтылуына Ресей әлі тікелей жәрдем көрсете алмады.

№29-лекция

Тақырыбы: Қайта өрлеу және гуманизм.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.