|
|||
Тақырыбы: Батыс Еуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайдаТақырыбы: Батыс Еуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы. Жоспары: 1. XVI ғғ. қарсаңында өнеркәсіпте өндіргіш күштердің дамуы. 2. Буржуазия табының қалыптасуы. 3. Идеологияның жаңа формалары. 4. XVI-XVIІ ғғ. абсолюттік монархия. 5. Ұлттардың пайда болуы. Лекция мәтіні. Еуропада капитализмнің пайда болып, дамуына байланысты оқиғалар дүние жүзілік тарихи маңызға ие болды. Өндіргіш күштердің өрістеп дамуы капиталистік құрылымның пайда болуын қамтамасыз етті. «Жалпы алғанда, капиталистік қатынастардың тууы үшін алғышарт ретінде қоғамдыќ өндірістің белгілі бір тарихи сатысы, формасы болуы қажет. Өндірістің бұрынғы әдістерінің шеңберлерінде қатынас құрамы, өндіріс құрал-жабдықтары және қажеттілер дамытылуға тиісті. Сөйтіп бұлар енді ескі өндірістік қатынастардың шегінен шығып, оларды капиталистік қатынастарға айналдыруға мәжбүр етеді. Өндіріс өнімі өзгеріске ұшырап отырады, бұл жағдайда ең алдымен еңбек құралдары өзгереді. Су доңғалағын двигатель ретінде пайдалану әдісі сонау көне заманнан белгілі еді. Бірақ алғашқы орта ғасыр кезінде су доңғалағын тура су ағысына орнатып, оны төменнен қозғап айналдыру әдісі кең тарады. Тек ХІІІ ғғ. бастап су доңғалағын жоғарыдан төменге қарай қозғалту, яғни доңғалақты үстінен құлайтын судың күшімен айналдыру әдісі қолданыла бастады. Металлургия өндірісінің техникасы едәуір жетілдірілді. Қамыр түріндегі темір қорытылатын қол көрікті пешпен қатар, XVI ғғ. бастап, әуелі шағын домна пештерін жасау әдісі табылды. XV ғғ. орта шеніне таман бұл пештердің мөлшерлері анағұрлым артты. Енді домна пештерінде жаңа өнім - сұйық күйіне шейін қорытылған шойын өндірілді. Оның бір бөлігі әр түрлі бұйымдарды құйып шығаруға, ал екіншісі шойыннан болаттың әр түрлі сорттарын жасап шығаруға жұмсалды. Қол көріктері, су доңғалақтарының күшімен жұмыс істейтін механикалық көріктермен алмастырылды. Сонымен қатар XVI ғғ. сым созатын және прокат жасайтын механизмдер де пайда болды. Еуропада шойын мен болат қорытудың мөлшері күшті өсті, мұның өзі өндірістің барлық саласында құрал х сайман мен аспаптар жасауды жетілдіре түсуге мүмкіндік берді. Металды суық күйінде өңдеу үшін токар, тескіш және жонып тегістеу станоктарының қарапайым түрлері қолданылды. Әртүрлі қарапайым механизмдер - су тартқыш насостар, көтергіштер және т.б. тау–кен өнеркәсібінде қолданыла бастады. Осының арқасында бұрынғыға қарағанда, жер асты шахталарының терең қойнауында жатқан пайдалы қазбаларды өңдеу мүмкіндігі туды. Бұл тау–кен жұмысында елеулі өзгерістер енгізуге жағдай жасады. Металургияның жетістіктері дәрімен атылатын атқыш қарудың, сонымен қатар артиллерия салаларындағы қару-жарақтың жедел дамуына мүмкіндік берді. Бұлардың алғашқы түрлері - пистолеттер мен аркебуздар, XVI-XVIІ ғғ. - мушкеттер: ал екіншісі - ұрыс шебінде, бекіністерді қоршау немесе қорғау кезінде теңіз кемелерінде пайдаланылатын арнайы зеңбіректер мен қысқа мойынды зеңбіректер сериясы болды. Жауынгерлердің сауыт-саймандары да өзгерді. Олар суарылған болаттың жұқа пластинкаларынан жасалынды әрі тиген оқтар мен бомба жарықшалары тайқып кететіндей етіп жасалды. Тактика мен стратегия да өзгертілді. Қамалдар инженерлік есеппен анағұрлым мықты етіп салына бастады. Тұтас алғанда соғыс ісінде нағыз төңкеріс жасалынды. Тоқыма өндірісінде қарапайым вертикаль Тоқыма станоктар барлық жерде де анағұрлым жетілдірілген және өнімділігі де арттырылған горизонталь станоктарға орын босата бастады. Шұға басатын бір тиімменді пайдалану 24 қызметкердің қолын босатты: екі жұмысшы істейтін кең тоқыма станокты қолдану еңбек өнімділігін 3-4 есе, ал өздігінен иіретін ұршықтың өнімділігін 3-5 есе арттырды. Мата бояудың технологиялық процесі де жетілдіріліп, жаңа бояғыш заттар енгізілді. ХІІ ғғ. бастап-ақ белгілі болған механикалық сағаттар конструкциялық жағынан жетілдірілді. Ал XV ғғ. аяқ шенінде белгілі болған сол кездегі ең алғашқы автоматтық механизм – кәдімгі серіппелі ықшам Балта сағаттары да жасалынды. Кітап басу ісін ойлап табуға байланысты полиграфиялық өндірісте пайда болды. Теңіз кемесін және теңізде жүзудің техникасын жасап шығару ісінде үлкен табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде XV-XVIІ ғғ. ұлы географиялық ашылымдар жасауға қажетті жағдайлар жасалды. Осы ашылымдар Еуропаның экономикалық және әлеуметтік өмірінде көрнекті рөл атқарды. Көптеген жаңа қолөнер кәсіптері мен мамандықтары пайда болып, қолөнершілер мен аспаптарды мамандандыру ісі де тереңдей түсті. Дәл осындай жағдайлар Тоқыма өндірісінің басқа салаларында да орын алды. Металл өңдеумен айналысқан қолөнершілердің арасындағы мамандандыру ісі де кеңінен өріс алды. 2) Феодалдық қоғамның қойнауында капиталистік құрылымның нығаюына қарай жаңа қоғамдық екі тап: буржуазия мен пролетариат қалыптасуға айналды. 1) “Буржуазия” деген термин француздың bourgeoisie деген сөзінен туды. Орта ғасырларда бұл атпен қаланың тұрғындары, яғни орта ғасырлық қала халықтары аталды. Алайда тарихи дамудың процесінде бұл терминнің маңызы өзгерді: ол орта ғасырлық қала халқына емес, ақша байлықтары мен өндіріс құралдарына ие бола отырып, жалдамалы еңбекті қанаушы топқа айналып қолданыла бастады. Буржуазия тобының ең алғашқы элементтері орта ғасырлық қала халықтарының сословиесінен шықты. Буржуазия орта ғасырдағы бюргерліктің жай эволюциясының нәтижесінде қалыптаспады, оның негізін әр түрлі сословиелік топтар: ақша жинап алған орта ғасырлық қала адамдары, қалалардың ұсақ, көбінесе цехтардан тысқары тұрған қолөнершілерден шыққандар, деревняның қолөнершілері және тіпті бұрынғы жалдамалы жұмысшылар құрды. Буржуазияның құрамына қалыптаса бастаған буржуазиялық интелегенция да - юристер, еркін кәсіп иелері, бұлар нығая бастаған буржуазияның талаптарын идеологиялық жағынан негіздеушілер еді. Буржуазияның арасынан әдетте чиновниктік бюрократияның өкілдері құрала бастады. Буржуазияның көбінесе деревнялық буржуазияның құрамына ең ақырында шаруалардың капиталистік фермерлерге айнала бастаған дәулетті тобы ауысты. Сөйтіп, феодалдық қоғамның қойнауында қалыптаса бастаған буржуазия табы қала халықтары мен бюргерлердің орта ғасырлық сословиесінен сапалық айырмашылыққа ұшырады. 2) Кейін жалдамалы еңбектің армиясын құрып, жаңадан туып келе жатқан пролетариат табының ұйытқысына айналатын ұсақ дербес өнім өндірушілер мен шаруалардың және қолөнершілердің аса қатаң варварлық әдістерімен жаппай экспроприацияланғандығы туралы жоғарыда айтылды. Пролетариат дамудың ұзақ жолынан өтті және бірден тап болып қалыптаса қоймады: тап ретіндегі пролетариат жайында тек фабрикалық өндірістің пайда болған кезінен бастап қана айтуға болады. Пролетариаттың дүниеге келуінің ұлы маңызы, оның буржуазиялық нақ өзінің көрін қазушы ретінде туып, адамды адам қанаудың қандайын болса да жоятын, коммунистік қоғамды құру жолында атқаратын тарихи міндетінде болды. Буржуазия мен пролетариат топтарының пайда болуы, феодалдық қоғамның классикалық формасына жат жаңа таптық қайшылықтарды - пролетариат пен буржуазияның арасындағы таптық антогонизмді туғызбай қоймады. 3) Буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуымен бірге қоғамның осы жаңа таптарының қажеттерін бейнелеуші идеологияның қалыптасуымен бейнелеуші идеологияның формалары да дами түсті. Үстемдік етуші феодалдық идеологиямен жүргізілген күресте гуманизм мен қайта өркендеу үлкен рөл атқарды. Реформациялық қозғалыс дін оқуының идеология мен формалары - лютерандықты, цвинглианшылдықты және кальвинизмді тікелей тұлғаландырып көрсетті. Бұл ағымдардың алғашқы екеуі Германия империясы мен Швейцарияның XVI ғғ. прогресшіл топтарының кең қоғамдық қозғалысына идеологиялық қару-құрал ретінде пайдаланылды. Кальвинизм бірінші орынға реформацияның буржуазиялық сипатын ұсынып, сол кездегі буржуазияның батыл бөлігінің идеологиясына, XVI ғғ. нидерландық және XVIІ ғғ. ағылшындық буржуазиялық революцияның идеологиялық туына айналды. Бұл ағымдар халықтық реформацияға қосылды. Ал оның идеологтары, мысалы Томас Мюнцер, халықтық көтеріліс жасау арқылы феодалдық құрылысты құлатып, барлық адамдардың әлеуметтік теңдігі мен мүліктердің ортақтығын орнату сияқты талаптарды қойды. Сонымен қатар халықтық Реформацияның идеологтары өздерінің идеяларын абстракты мазмұндаумен шектеліп қана қоймай, олар феодалдық қоғамның езілген топтарының – қалалық плебс пен шаруалардың мүдделерімен де тығыз байланыстырды. 4) Феодалдық қоғамның өз ішінде жүргізілген процестер, таптық күштердің ара қатынастары мен тап күресінің мазмұнын және формаларын бейнелеп көрсетті. Капиталистік даму неғұрлым көбірек табысқа жеткен елдерде (ең алдымен Англия мен Францияда), абсолюттік монархия пайда болды. Ол өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңдерінде прогресшіл рөл атқарды. “...Абсолюттік монархия, - деп жазды Маркс, - өтпелі дәуірлерде - ескі феодалдық сословиелер құлдырап, ал қала халықтарының орта ғасырлық сословиесінен буржуазияның қазіргі табы қалыптаса бастаған кезде және күресуші жақтардың ешқайсысыда әлі біріне-бірі үстемдік ете алмай тұрған кезде пайда болды. Мемлекеттік құрылыстың формасы ретінде абсолютизмнің айрықша белгісі, елдегі жоғарғы өкімет билігі тек бір ғана монархтың – корольдың, патшаның, императордың қолында шоғырлануы болып табылды. Ол заң шығарады, чиновниктерді тағайындайды, алым-салықтарды белгілейді және қазынаға түскен ақшаларды өз қалауынша жұмсайды. Абсолют монарх тұрақты армия мен полицияға орталықтандырылған орасан зор бюракраттық аппаратқа сүйеніп отырды. Сондықтан абсолютизмнің өзі чиновниктер мен полицияның дара билігі және халықтың құқықсыздығы болды. Абсолютизымнің таптық базасы феодалдық дворяндар болды. Абсолютизм ең алдымен солардың мүдделерін қорғады. Абсолютизмнің орнауына қарсылық көрсеткен феодалдық аристократия, ішінара қырғынға ұшырады, ішінара қызметтермен алданып, сарай төңірегіндегі аристократияға айналды. Корольдік абсолютизмнің ең басты тірегі, оның армиясының негізін құрушы ұсақ және орташа дворяндар болды. Абсолюттік монархия алым-салықтарды анағұрлым көбейтті және олардың негізгі ауыртпалығы бұқара халыққа түсті. Абсолюттік монархия бірқатар елдерде шіркеудің дербестілігін жойып, өз билігін арттырды, сонымен қатар шіркеу жерлеріне түгелдей немесе бір бөлігіне өзі қожалық жүргізуге құқық алды. Абсолютизмнің финанстық жағдайының нығаюына, оның өнеркәсіп пен сауда-саттық алу жолымен түсірген қосымша табыстары да едәуір көмектесті. Абсолютизмнің қолындағы ең маңызды құралы болған бюрократия сонымен қатар буржуазияны дворяндарға қарама-қарсы қойып пайдаланатын құрал ретінде де қызмет етті. Абсолюттік монархия XVI-XVIІ ғғ. буржуазияны өз мақсаттарында пайдалана алуының себебі өз дамуының нақ осы кезеңінде буржуазияның өзі де күшті мемлекеттің қолдауын қажетсінді және оған барынша қызмет етуге даяр еді. Өзінің классикалық формасындағы абсолюттік монархия баяндалып отырған кезеңде Франция мен Англияда қалыптасты. Ал Испания мен Швециядағы және басқа мемлекеттерде абсолюттік монархия өзінің құрылымы жағынан да, сондай-ақ абсолютизмнің саясаты жағынан да өзіне тән ерекше болды. 5) Феодализмнің үшінші кезеңі және бір ерекшелікпен сипатталады. Бұл кезде өркендеп келе жатқан экономикалық қарым-қатынастардың және капиталистік құрылымның бірте-бірте қалыптасуының негізінде Батыс Еуропаның көптеген елдері территориялық жағынан тұтасып біріге бастады. Әрбір елдің өзіне ортақ тілдің, ортақ мәдениеттің қалыптасу процесі жүзеге аса бастады. Бұл ұлттардың пайда болуына жағдай жасады. Ал орталықтандырылған мемлекеттердің нығайып бекуі бұл процеске көмектесті. Ұлттардың қалыптасуы мен саяси орталықтандырылу процесінің уақыт жағынан үйлесіп келушілігі, Франция мен Англия сияқты елдерде халықтарының басым көпшілігі бір ұлттан құралып, ал өзге ұлттардың немесе халықтардың өкілдері аз ғана топ болған мемлекеттердің құрылуына әкеліп соқты.
|
|||
|