Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XI-XV ғғ. Скандинавия елдері.



№12-лекция

Тақырыбы: XI-XV ғғ. Скандинавия елдері.

Жоспары:

1. Феодалдық құрылыстың қалыптасуы.

2. XII-XIII ғғ. Норвегия.

3. Даниядағы феодализмнің дамуы.

4. XIII ғ. соңы мен XIV ғ. саяси күрес.

5. XV ғ. Скандинавия елдері.

Лекция мәтіні.

Скандинавия елдерінде - Дания, Швеция, Норвегияда рулық қатынастар X-XI ғғ. және XII-XIII ғғ. дейін аралықты алғашқы феодалдық кезең қалыптасты.

Алғашқы скандинавиялық елдерде саяси бірігулер қатынасында Данияда X ғғ. екінші жартысында Харальд Синезубый (950-986 жж. шамасында) король болып, өзі билеген тұста славяндар мен прустармен соғыста табысқа жетті. Конунг Харальд тұсында Норвегияның рулық қауымдарын өзіне бағындыруға христиандық дінін қолға алумен байланыстырды. Норвегия XI ғғ. мұнда король Олаф Харальдсон (1016-1028 жж.) елден қуылып, 1030 жылы шаруалар мен ақсүйектер көтерілісінде қаза табады. Арада уақыт өте келе Олаф Харальдсонды шіркеу “әулие” деп жариялады. Норвегия, Дания мен Англияны біріктіре отырып, дат королі Кнут (1018-1035 жж.) берік емес державаға айналдырды. Кнут өлген соң, Норвегия мен Англия тәуелсіздігін қалпына келтірді. Швецияда екі корольдік: солтүстікте Упсаладағы свейлер аймағы және оңтүстігінде генттардың аймағы қалыптасты. XI ғғ. мен XII ғғ. швед королдігі Упсала корольдігінің қоластына қарады. Швецарияда жекелеген жер бөліп алған ақсүйектер өздері ел басқарып, олардың қоластындағылар бытыраңқы күй кешті.

XII ғғ. қалыптасқан феодалдар тобына жоғары дін иелері мен ру-ақсүйектерінің бір бөлігі жатты. Норвегия мен Данияда шаруалар кішігірім жер иеліктеріне ие бола алды. Шаруалардың жер меншігі ұзақ сақталған Швецарияда болды. Феодалдық қатынастардың дамуында корольдік биліктер маңызды рөл атқарды. Корольдер аса ірі жер иеліктерін және ақсүйектерді қуғын-сүргінге ұшыратып жерлерін меншіктендірушілерге өз құқығын қойды. Скандинавия елдерінде лендер - үлестік жерлер мұралық жолмен иемдену мүмкіндігі болды. XIII ғғ. Швеция мен Данияда өз жерлерінен бекіністер салған ірі феодалдар меншігі болмады, олар корольдің бекінісі және салықты тек корольге бағынышты, бекіністе күзетті және тәртіпті қадағалау әскерлері де корольдікі саналды.

2. XII ғғ. аяғы мен XIII ғғ. бас кезінде Норвегияда корольге және оның қолындағы мансапқор ақсүйектерге қарсы шығу мақсатында бұл елде азамат соғысы басталды. 1174 жылы биркебейнелер (кедейлер) көтерілісін Сверрир басқарды, олар Серрирдің жеңісі арқылы өз жағдайларын жақсартуды көздеді. Билік басында отырған король Магнус Эрлингссон осы азамат соғысында қаза тапты. 1184-1202 жж. Норвегия билігі Сверрир қолына түсті. Ол шіркеудегі папаны елден қуды, Сверрир қарсыласы - баллерлар (ежелгі норвег bagall сөзінен шыққан) арасында өзара келісіммен, шаруалар көтерілісін басып, мемлекет пен шіркеу арасында татулыққа қол жеткізді.

3. XII ғғ. Данияда ішкі бақталастық өршіді, Норвегияға қарағанда корольдік бірлікке тез арада қол жетті. Король I Вальдемар (1157-1182 жж.) өзіне қарсы шыққан шаруаларды тоқтатып отырды және шіркеумен одақтасу арқылы өз билігін күшейтті. Ол өз билігін нығайтуда герман императоры I Фридрих Барбароссаға ант суын ішіп, бар күшін Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерінен артта қалмауға салды.

XII ғғ. екінші жартысында Данияда әскери жасақтардағы қызмет шаруаларға жүктелді, олар әрбір әскери қызмет жасаған үшін ақы алып отырды. Осы кезде тақта король IV Эрикке қарсы 1250 жылы “Плуг көк тиыны” деп аталатын жер салықтың ауыр болуы салдарынан шаруалар көтерілісі болады.

Дания крест жорықтары тұсында күшейеді және король II Вальдемар (1202-1241 жж.) тұсында Солтүстік Германияны басып алады. II Вальдемарды 1227 жылы солтүстік германдар арасындағы Дитмаршен бастаған шаруалар көтерілісін талқандап жеңді. Дания басып алған жерлерін қайтарып алды.

4. XIV ғғ. саяси күрес корольге қарсы күшейген ірі феодалдардың арасындағы өзара қырқыс болатын. 1282 жылы Данияда бұл күрес король Эрик Клиппинге “еркіндік хартиясына” қол қоюға мәжбүр болды және ол бойынша жыл сайын мемлекеттің кеңесін шақырып тұруға, феодалдардың құқығы мен еркіндігін сақтауға міндетті болды. Эриктің осы хартияны бұзбақ әрекеті оның өліміне әкеп соқты. 1320 жылы Данияда корольдік өкімет пен мемлекетті басқарып отырған феодал ақсүйектері бірігіп, өзара шіркеуде тізе бүге отырып, оның келісімінсіз ешқандай соғыс жариялауға және салық салуға корольдің құқығы болмады.

1284 жылы Швецияда, Даниядағы сияқты бүлікші феодалдар өзінің корольдерін қуып, оның орнына норвег королін Магнус Эрикссонды (1319-1363 жж.) отырғызды. Магнус билеп тұрған кезде шіркеу мен ірі феодал ақсүйектерінің арасында финанс артықшылығын шектеу мақсатында күшті оппозиция тудырды. Магнусты тақтан алып тастап, оның орнына неміс герцогы Альберхт Макленбургскийді король деп сайлайды. Бұл король таққа отырған күннен бастап өз кеңестерімен келісе отырып елді басқарды және ол өзінің неміс ықпалын күшейтті. Скандинавиялық үш мемлекеттегі өкімет XIV ғасырда ірі феодалдар қолында болды. Ірі феодалдардың қазыналық байлықтары көбейіп, оларға тәуелді шаруалар саны тез арада өсті.

XIV ғасырдың екінші жартысында жер иеліктерінің салығы күшейді және шаруалар арасында “қара өлім” тарады, обаның таралуы бүкіл скандинавиялық елдерде экономикалық құлдырауға әкеп соқты. Норвегияда жұмысшы қолдар жетіспеу салдарынан мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы үлкен зиян шекті.

5. 1367-1370 жылдары Данияда Ганзамен соғыс басталып кетті. Шіркеу мен рыцарлар қолдауымен Данияның королі IV Вальдемар Аттердаг (1340-1375 жж.) өзінің бұрынғы айрылып қалған жерлерін қайтарып алуға және ең бай провинция Сконені қайтарып аламын деген оймен соғысады. Бірақ дат королі бұл соғыста 1370 жылы Ганзадан жеңіледі және королдік таққа отыруы үшін шарт бойынша Ганзаның келісімінсіз таққа отыра алмайды.

Скандинавиялық елдер неміс княздығы мен Ганза тарапынан төнген қауіп, дат королі Вальдемар IV Аттердагтың қызы, әрі норвег королінің әйелі Маргарита дат тағына өзінің ұлы Олафты отырғызып, оның қолымен Дания мен Норвегияны биледі. Олар өлгеннен кейін Маргарита екі мемлекеттің билеушісі болды. 1389 жылы Меклембурскийге феодалдардың қолдауымен Швецияның билігін қолына алды. 1399 жылы шілде айында швед қаласында Кальмардағы үш корольдік жиналысында Маргаританың немере жиені Эрик Померанский Данияның, Швецияның және Норвегияның королі деп жарияланды. Үш мемлекеттің өзара бірігуі, соғыс бола қалған жағдайда біріге отырып соғысумен қатар біріккен елдер өз заңдарын сақтады. Халқының саны жағынан Швеция мен Норвегияның халқына тең Дания экономикасы бір саты жоғары еді. 1412 жылы Маргарита қаза болған соң, үш елдер арасында саяси бытыраңқылықтар әрекетінен ел тозып кетті.                                                                                    



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.