Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XI-XV ғғ. Испания мен Португалия.



№11-лекция

Тақырыбы: XI-XV ғғ. Испания мен Португалия.

Жоспары:

1. XI-XIII ғғ. Пиреней түбегі елдері.

2. XI-XIII ғғ. Реконкиста.

3. XIV-XV ғғ. Пиреней түбегі. VIII ғасырда арабтардың түбекті жаулап алуы.

Лекция мәтіні.

Испанияны жаулап алуымен Пиреней түбегінде Кордова әмірлігі (Х ғасырдан бастап - халифат) деп аталған қуатты араб мемлекеті құрылды. Арабтар мен африкандық маврлар түбектің қиыр солтүстігіндегі таулы аудандардан басқа бүкіл Испанияға түгелдей дерлік ие болды. Рим заманының өзінде-ақ едәуір көркеюге қолы жеткен табиғи ресурстары мен қалалары мол елдің оңтүстік аймақтары мұсылмандардың қолына қарады.

Арабтардың Испанияны жаулап алғаннан кейін де Шығыстың едәуір жоғары дамыған елдерімен байланыстарын жоғалтпаған арабтар Испанияның ауыл шаруашылығын байыта түсті. Олар бірсыпыра жаңа - шығыстық және оңтүстік – дақылдарды: күрішті, қант құрағын, пальманы, анар, тұт ағашын әкеп өсірді. Жүзім шаруашылығы мен шарап жасау дами түсті. Арабтар кеңінен қолданған суару каналдарының жүйесі егіншіліктің өрге басуына көп септігін тигізді. Егіншілік тәсілі ғана жақсарып қоймай, сонымен бірге мал шаруашылығы да өркендеді.

Арабтардың тұсында қалалар қатты дамыды. Испанияда олардың саны едәуір еді. Араб мемлекетінің астанасы - Кордова - Х ғасырда Еуропаның аса ірі қолөнер, сауда және мәдени орталықтарының біріне айналды. Арабтық Испанияның күшті флоты болды. Көптеген испан-араб қалалары теңіз арқылы - Африкамен, Италиямен, Византиямен және Левантпен, құрлық арқылы - Оңтүстік Франция және Ломбардиямен кең көлемді сыртқы сауда жүргізіп отырды. Испан тауарлары Үндістан мен Орта Азияға жеткізіліп тұрды. Шетелге шығарылатын басты заттар ауыл шаруашылығының кең өнеркәсібінің өнімдері мен қолөнер бұйымдары болды.

Араб Испанияның экономикалық табыстарына оның мәдени өрлеуі ілесе жүрді. Кордовада үлкен кітапхана мен жоғары мектеп болды. Араб Испаниясындағы жоғары мектептер Еуропадағы алғашқы жоғары мектептердің бірі еді. Медицина, математика, география ғылымдары едәуір дами түсті.

ХV ғасырда Солтүстүк Италияның басқа бір өнеркәсіптік орталығы – Миланда, ХІІІ ғасырдың аяғында орнатылған тирандық режим бұрынғыдан да гөрі нығая түсті. XV ғасырдың басында Миланда Висконтидің отбасынан шыққан тирандар билік жүргізді, ал содан соң, 1450 жылдан бастап, қаладағы өкіметті Сфорц отбасынан шыққан тирандар басып алды.

Флоренция мен Миланда, солтүстік және Орта Италияның басқа мемлекет-қалаларында тирандық режимдердің пайда болуы және нығаюы, олардың кейбір ішкі орталықтандырылуына себепкер бола тұрғанымен де, олардағы орын тепкен саяси бытыраңқылықты бұзып жоя алады. Егер бұл мемлекет – қалалар өздерінің нағыз гүлденіп өркендеген кезеңінде, ХІІ-ХІV ғғ. Италияның саяси бірлігін қамтамасыз ете алмаған болса, онда олардың бұған экономикалық құлдыраудың басталған кезеңінде жетуге тіпті де шамалары келмеді.

Әлі де болса бай, бірақ та өзара жауласып, жеке-жеке саяси бөлімдерге ыдырап, экономикалық тоқыраудың басталған кезеңіне кірген Италия, осы мезгілдің қарсаңына біршама күшті бір орталыққа бағынған, мемлекеттер құрылған көршілес Франция мен Испаниядан анағұрлым әлсіздеу болып шықты. Мұны 1494 жылы Францияның 50 мың әскерін бастаған VIII Карл Италияға басып кіріп, қырғын соғыс жүргізе отыра, Неаполитан корольдігінің шекарасына дейін жеткендігі айқын көрсетті. VIII Карлдың жорығы ұзаққа созылған “итальяндық соғыстардың” тек бастамасы ғана болып табылды. Бұлар Италияның әбден күйзелуіне, экономикалық құлдырауының одан әрі үдей түсуіне, оның саяси бытыраңқылығын түпкілікті баянды етуге әкеліп жеткізді.

XV ғ. аяғында Американың ашылуы және Үндістанға баратын жолдардың табылуы Италияның экономикасын талқандайтын екінші соққы болып, оның саудадан басымдылығын жойды және аграрландыруды күшейтті.

Адамзаттың тарихында, Италияның ең кемелденген аймақтарында тұңғыш рет қалыптасқан алғашқы капиталистік қатынастар Италияда алғашқы буржуазиялық мәденниеттің, - қайта өркендеу мәдениетінің пайда болуына негіз болған жалпы экономикалық және әлеуметтік өрлеуге әкеліп жеткізді. Алайда бұл жаңа қатынастардың әлсіздеу белгілері - ұзаққа созылған шетелдік басқыншылықтардың салдарынан, географиялық жаңалықтар тудырған экономикалық күйзелістердің нәтижесінде одан әрі тереңдей түскен шаруашылық пен саяси бытыраңқылықтың жағдайларында, - тоқтаусыз дамып, жете өркендей алмады. Италия XV ғасырдың аяғына таман өзінің кері кетіп құлдырауына тақады және оған келесі XVI жүз жылдықтың аяғына келіп жетті.    

Арабтар Пиреней түбегін түгел жаулап алды; тек солтүстік Астурия ғана тәуелсіздігін сақтап қалды. VIII ғ. соңы - IX ғ. басында, франктер жорықтарының нәтижесінде, Пиреней түбегінің солтүстік-шығысында астанасы Барселонада орналасқан Испан маркасы Наварра бөлініп шықты. Испанияның солтүстігіндегі христиан мемлекеттерінен – Астурия мен Наваррадан - арабтар басып алған испан территорияларын қайта жаулап алу басталды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.