Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XI-XV ғғ. Германия мен Италия.



№10 Лекция

Тақырыбы: XI-XV ғғ. Германия мен Италия.

Жоспары:

1. XI-XIII ғғ. Германия.

2. XIV-XV ғғ. Германия.

3. XI-XII ғғ. Италия.                                                

Лекция мәтіні.

1. XII-XIII ғғ. Германияда ішкі отарлау жұмысы аяқталып, бос жатқан жерлерді өңдеп тиімді пайдалану. Германияда ауылшаруашылығы өсіп өркендеуінен, Батыс Еуропаның басқа қалалары секілді, орта ғасырлық қалалар өркендеу үстінде болды. Рейн басейнінде: Кельн, Кобленс, Майнц, Вормс, Шпейер, Страсбург, Бонн. Дунай бассейнінде: Ульм, Регенсбург, Донауверт және Эльба бассейнінде: Гамбург, Магдебург және басқалары пайда бола бастады. XI ғасырда елде 50-ге жуық қала болса, XIII ғасыр ішінде 500-ге шейін жетті. Германияның XII-XIII жүз жылдықтарда қалалық қолөнерінің табыстары өндірістің металл өңдеу, тоқыма және басқа салаларында жаңа қолөнерлік кәсіптер мен жаңа цехтар пайда болды. Германияның аграрлық қатынастары шаруаларды феодалдық қанаушылықтың формалары мен әдістерінде өзгерістер енгізді. Барщиналық төлемді крепостной шаруалар мен тәуелді шаруалар ескі вотчиналық төлемді пайдаланды, қала халқының саны өсіп, ауылшаруашылық өніміне сұраныс көбейді.                  

XII-XIII ғасырлардағы неміс шаруалары крепостной шаруаларын жерсіз қалдырады. Соның салдарынан XII-XIII ғасырларда неміс деревнясында тап күресі басталады. Мұнда міндеттерді орындаудан бас тартушылық және ұқыпсыз орындай салу феодалдардың үй жайларына, шаруашылығына зиян келтіру, жексұрын қызмет адамдарын өлтіру сияқты әрекеттер қолданылды. Шығыстағы неміс агрессиясы Шығыстық Прибалтика халықтарына қарсы жасаған агрессиясымен тығыз байланысты болды. XII ғасырда неміс феодалдарының славяндарға қарсы басталған агрессиясының өзгешелік мәні князьдердің атқарған басшылық рөлінде болды. Неміс феодалдарының ободриттерге қарсы шабуылын XII ғасырдың ең ірі жыртқышы басқарды. Лев Генрих өте мейірімсіз және қанішер адам болған. Өзінің мақсатына жету үшін ұлан-байтақ князьдік құрып, Германиядағы Вельфтер руының әруағын көтеру үшін қан төгіс әрекеттер жасаудан тайынбады. Эльба жағалауында орналасқан славяндардың екінші бір тайпасы – лютичтердің жерін немістердің басып алуын Альбрехт Медведь басқарды. Мейірімсіздік жағынан бұл да Лев Генрихтан кем түспеді. XIII ғасырда немістер Шығыстық Прибалтиканы басып алу үшін 1202 жылы Діни-рыцарьлық – Семсершілер орденін құрды. Сонымен қатар немістің отарлау әрекеті Дунай маңындағы жерлерге қарай ұмтылды. Герман императорларының итальяндық саясатының күйреуі туралы саясатты нағыз агрессиялық түрде жүзеге асырушылардың бірі, Гогенштауфендердің (1138-1254) жаңа әулетінің уәкілі I Фридрих Барбаросса (1152-1190) болды. Барбароссаның Италия жөніндегі саясаты – бұл елді жүгенсіздікпен тонаудың және озбырлықтың саясаты болған еді. I Фридрих 1154 жылы Италияға ең алғашқы жорық жасап, 1158 жылы екінші жорыққа аттанды. I Фридрих қатал шаралар қолдану арқылы бүкіл Солтүстік итальяндық қалалардың халықтарын қорқытып Италиядағы үстемдігін күшейтуді ойлаған еді, бірақ олай болмады, Солтүстік италяндық қала халықтары көтеріліске шықты. Барбароссаның немересі II Фридрих (1220-1250) Италияда орын теуіп, беку үшін ең соңғы рет әрекет жасады. Өзінің бойына біткен барлық қабілеттері мен күш-жігерін II Фридрих бір ғана мақсатқа жетуге – Италияны басып алып, папаны бас идіріп бағындыруға жұмсады.

2. XIII ғасырда басталған Рим империясының ыдыраушылығы XIV ғасырда да жалғаса берді. XIV ғасырдағы Германияның эканомикалық өміріндегі ерекшеліктер қала өмірінің өрлеуімен және қолөнер кәсібі мен сауданың одан әрі өсе беруімен сипатталды. Сонымен Рейн бойындағы үлкен жолдарда орналасқан Кельн, Майнц, Страсбург, Ульм, Шпейер, Ворс сияқты қалалар сауда жөнінде ірі орталықтар болып қоймай, жүн мен зығыр маталарын өндіретін және металл өңдейтін орталықтар да болды. XIV-XV ғасырларда қалаларда әлеуметтік жанжалдар мен шиеленіскен күрес басталды. XIV ғасырдың екінші жартысында Батыс және Оңтүстік – батыс Германияның қалалары да одақтарға бірігуге кірісті. 1381 жылы Швабия одағы мен рейндік қалалардың одағы пайда болып, бас қосып бірікті. Бірақ рыцарьларды жақтап күреске түскен князьдер 1388 жылы қалалардың біріккен одағының күл-талқанын шығарды. XV ғасырдағы өнеркәсіптің дамуындағы жаңа құбылыстар Германияда жүн маталарын өңдеп шығару, алыстағы рыноктарда жұмыс істеуші өндірістің ең басты саласы болды. Тауарларды мол өндіріп, сұранысты қанағаттандыру үшін құрал-жабдықтың болуы талап етілді. Кен жұмысы ерекше дамыды. XV ғасырдағы деректердің хабарлауынша кен қазатын жұмысшылардың ақыларын жоғарылатып, жағдайларын жақсартуды талап еткен толқулар болған. XV ғасырда неміс қалаларының өрлеуі және өндірістің жаңа формаларының пайда болуы әжептеуір кедергілерге ұшырап отырды. Ауыл шаруашылығының күйі және шаруалардың хал-жағдайы ‒ қолөнер кәсібі мен сауданың табыстары ел ішіндегі шетелдік тауарлардың молшылығы, қалалардағы байлықтың өсе берушілігі неміс дворяндарының сәнді-салтанатты жасау бұйымдарына өздерінің табыстарын ұлғайта беруге ұмтылушылықтарын күшейтті. Германияның оңтүстік-батыс бөліктерінде шетке шығарылатын астықты өндіру үшін байбатшалық ауыл шаруашылықтың дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптасып жетпеген еді. Феодалдық езгі күшейген сайын шаруалардың күресі де өсе берді және XV ғасырда ол тура ашық толқуларға, қаһарлы көтеріліске айналып отырды.

3. XI-XII ғғ. Италия Герман феодалдарымен жер үшін күресте болды. Император тағына отырған Габсбургтер мұрагерлік иеліктерді ұлғайтуға кіріскен кезде, басқа князьдерге төнген қауіп деп тапқан курфюрстер екінші императорды – Люксембургтердің әулетінен сайлады. Ал VII Генрих Люксембургский (1308-1313) әулеттік некенің нәтижесінде өз иеліктеріне Чехияны қосып алып, чехтың князы болған кезде, Курфюрстер енді ол өлгеннен кейін, императорды баварлық герцогтар Виттельсбахтардың әулетінен Людвиг Баварськийді (1314-1347) сайлады.

Өз әулетінің мұрагерлік иеліктерін ұлғайту жөнінде қам жеген Людвиг Баварский барлық өзге князьдердің мүдделері үшін Италияға қайтадан жорық жасау әрекетіне кірісті. Өзінің мақсатына жетуді көздеген Людвиг 1328 жылы Италиядағы партиялардың күресіне араласып, папа XII Иоаннға қарсы Римнің жағын қолдап шықты. Людвиг Баварскийдің Италияға жасаған жорығының мәні – оның Римдегі сыбайластарының да, папа билігіне қарсы оппозициядағы және папаның Германиядағы итаршыларымен күресте оны қолдап, тілектестік білдіруші топтардың көңілдерін әбден қалдырды. Людвиг Баварскийдің Италияға жасаған жорығы сәтсіздікпен аяқталды. Ал Люксембургтардың руынан шыққан және сол кездің қарсаңында I Карл деген атпен чех королі болған - IV Карлді жаңа император етіп сайлап қойды. 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.