Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XI-XV ғғ. Англия.



№9-лекция

Тақырыбы: XI-XV ғғ. Англия.

Жоспары:

1. Норман жаулап алуы.

2. “Қорқынышты сот” кітабы.

3. XI ғ. соңы – XII ғ. Англияның саяси әлеуметтік дамуы.

4. XIII ғғ. Англия.

Лекция мәтіні.

XI ғғ. Англияда феодалдану процесі жүріп жатқан тұс болатын, шаруалардың бір бөлігі “дат құқығының” аймағында ерікті түрде болатын, ал феодалды жерлерде тәуелді крепостнойлар толық орналасқан еді. Англияны нормандықтар жаулап алу басталып кетті. Францияның ең құдіретті феодалдық сеньорларының бірі - Нормандия герцогі Вильгельм басқарды. Нормандықтардың баса көктеп кіруіне тікелей 1066 жылы ағылшын королі Эдуард Исповедник қайтыс болуына байланысты, бұл ағылшын королі Вильгельмнің туысы болатын, осы тұста нормандық герцог ағылшын тағына отыруы мүмкіншілігін жібермей, бұл талабына папа қолдау көрсетті. 1066 жылы қыркүйек айында ағылшын королі өлген соң, оның орнына англо-сакс королі Гарольд таққа отырды, осы тұста Вильгельм өз жасақтарымен Ла-Манш бұзағынан өтіп, Англияның оңтүстік жағалауындағы Певенсіге дейін иелікті иеленді. Франция мен Италия рыцарларын топтастыра әскер басын жинаған Вильгельм өз күшінде болды, ал керісінше ағылшын тағына отырған жаңа король әскер басын толық жинамаған болатын. 1066 жылы 14-қазанда Гасингтон маңында шешуші соғыс болды, осы шайқаста ағылшын королі Гарольд қаза тапты, Вильгельм Лондонды басып алып, I Вильгельм деген атпен (1066-1087 жж.) ағылшын королі болды. Оған Вильгельм Завоеватель деген ат тағылды. Король таққа отырған кезде 1069-1071 жылдары солтүстік және солтүстік-шығысында шаруалар көтерілісі “Денлода” болып өтті, Йорк алқабы мен Дарем графтығын жермен жексен қылып, қаншама деревнядағы шаруаларды қырып тастады да, олар мекендеген алқапты шөл далаға айналдырды, біржолата шаруалар көтерілісін тоқтатты. Нормандықтар жер иеліктерін англо-сакс феодалдарынан тартып алды және норман, француз борондарына бөліп берді. Шіркеулік қызмет, ағылшын әкімшілігі қызметтерінің барлығы түгел нормандарға ауыстырылды. Король жеріне ағылшын жерінің жетіден-бір бөлігі тиесілі болды, қалғандарын нормандық вассалдар иемденді. Орманды алқапты жерлер король аймағына кірді, егер кімде-кім орманды алқапта аң аулауға шықса, ол шаруаны қатал түрде жазалап, көзін ойып алатын-ды.

2. 1086 жж. Англияда Вильгельм жер салығын күшейтіп, қоластындағы әрбір шаруа, барондар, шерифтер, священиктер, старосталар арасында жер салығының санағы бойынша ант-су ішкізу, халық арасында жер санағын қағаз бойынша түсіру немесе “Зәрлі сот кітабы” деген атқа ие болды. “Зәрлі сот” кітабы алдында халықтың әрбіреуі шіркеуде тізе бүге отырып жер санағы бойынша шындығын айту болатын. Бұл кітапта: әрбір графтықтағы жер иелері қандай корольге, қандай дін басылары мен сеньорларға, барондарға қарайтынын жасырмай айту, қанша жер үлесімі бар, жер үшін қанша салық төлейтіні, әрбір қоластындағы шаруаларда қанша көлік, яғни малының барын сиыр, өгіздерге дейін, шаруалардың категорияларын анықтау мақсатта болды. Бұл санақтың көздеген екі түрлі мақсаты болды; біріншісі, король өз вассалдарына бөліп берген жерлерінің феодалдық қызметін дұрыстап атқару және жер иеліктерінің материалдық және күнделікті табысты анықтап отыру, екіншіден, король халыққа алым-салықты ақшалай салу үшін анық мағлұммат алып отырғысы келді. Санақ шаруаларды крепостнойға айналдыруды жылдамдатты, өйткені ірі феодалдардың қоластындағы шаруалар осы уақыттан бастап вилландардың қатарына енді. Англияда “Виллан” деген термині (селолық, село тұрғыны) жер жөнінде тәуелді және рента бойынша төлеуді барщина атқарушы қызметте шаруалар көрсетті. XI ғғ. аяғы мен XII ғғ. басында “Зәрлі сот кітабының” берген мағлұматы бойынша, Англияда 1,5 миллионға жуық адам болды, соның ішінде 95 пайыздай адамдар деревняда өмір сүрді. Қоластындағы шаруалардың көпшілігі егін шаруашылығымен айналысты. Солтүстік, солтүстік-шығыс бөліктері, батыстағы Пеннин тауларында қой шаруашылығымен айналысты. Осы тұста қой жүндерінен фламондық қолөнершілер шұға тігіп, оны Еуропаның көптеген елдерінде сауда жолдарымен тасымалданды. Бұлардың арасында ағылшындардың жер иеліктері – жеке меншік жері бар домендер мен вилландар, ерікті жер ұстаушылар манорлар болды. Шаруалар өз кәсіптерін арттыру мақсатында жеке жерлерге иелік ете бастады, ал ең төменгі таптағы тәуелді шаруалар сервтер де жер иелік етуге құқығы болмағанмен қожайындарының үй шаруашылығын, малдарында, егістіктерінде әртүрлі ауыр қызметтер атқарды, бертін келе олар вилландармен сіңісіп кетіп, көпшілігі крепостной шаруаға айналды. Сан жағынан құқықтық жағдайы болмаса да Англияда ерікті шаруалардың жағдайы жақсарды.

3. XII ғғ. Англияның саяси әлеуметтік жағдайы күннен-күнге даму үстінде болды. Тәуелді шаруалардың әртүрлі категориялары барған сайын крепостной шаруаға айналып, вилландар қатарына ауысты. Виллан міндеттері, жылдық табысының бір жетіде үш күндік барщиналық борышын өтеу болды. Вилландар жанұясында ұлдарын үйлендіру немесе қызын ұзату кезінде меркет төлеп отыру, жанұяда қайтыс болған адамдарының жерін мұралық ету мақсатында помещиктерге малдарының жақсы басын тартуға беріп, диірмен тарту мен сыра қайнату және басқа да баналиттерін бұзбау керек.

Англияның Нормандия мен Мэнмен қосылуы, XII ғғ. “Зәрлі сот кітабының” арқасында Анжу, Турень, Пуату, Аквитаниямен бірігуі мен өзінің экономикалық жағдайы өркендеп, дамыған Фландриямен сауда жолдарын одан әрі дамытты. Шетелдермен сауда қатынасында жүнмен қатар, қорғасын, қалайы, мал мен май шығаруды дамытты. XIII ғғ. қалаларда қолөнершілер мен қала байлары арасында өзара келіспеушіліктер пайда болды. Соның бірі 1196 жж. Лондонда болған көтерілісшілер, бұл көтеріліс қаладағы алым-салықтың әділетсіз болуы, бұл қозғалысты ақсақалдылар деп аталған Ульям фиц-Осберт басқарды. Көтерісшілер байларды ашықтан-ашық түрде “алым-салық төлеуді төлеуші кедейлердің есебінен өз қалталарын сақтауда” деп шаруаларды қанау салдарынан салық төлеуді осылардың үстінен көріп отыр делінді. Қозғалысты ұйымдастырған Фиц-Осбертті оның тоғыз пікірлестерін асып өлтірді. Қозғалыс осымен тоқтатылды.

Вильгельм Завоевательдің өзінен кейін оның мирасқоры кенже баласы I Генрих (1100-1135 жж.) таққа отырды. Король өз қарамағындағылары кеңестік өкілдер сот, әкімшілік, финанс органдары болды. Осы тұста “Шахмат тахтасының палатасы” пайда болды. Бұл король табыстарын жинап, курияның бір бөлігі болды. I Геррих өлген соң 1135 жж. оның мирасқор ұл перзенті болмағандықтан, француз графы Анжу аймағының иесі Жоффруа Плантегенетке күйеуге шыққан қызы Матильда мен I Генрихтің немере інісі Стефан Блуаскийдің арасында таққа таласу күрестен, 1153 жылы екеу арасындағы келісіммен Матильданың ұлы Генрих Плантагенет таққа отырып, билік француздар қолына граф Анжуйскийге көшті. II Генрих Плантагенет (1154-1189) билеген кезде ағылшын корольдігінің құрамына француздардың анжуйлық әулиеті кең көлемді иеліктерді иелік етті. Осы тұста корольдік көптеген құлдырау үстінде болды, қоластындағы көптеген жалдамалы әскерлерін таратып жіберді, көптеген өзгерістермен билікті бірқалыпты ұстамады. Король ерте германдық варварлар қолданған ежелгі форма “Тәңір сотын” қайта жандандырды. Жер үшін күрескен дауларды шешу мақсатында король жерлерінің көпшілігі өз қарамағына өтті. Бұл атқарылып жатқан істердің көпшілігі король пайдасы мен өз әулиетінің пайдасына асырылып отырды. Реформадан тыс әрбір ерікті шаруалар жанұясында бір қару-жарақтан болсын деген жарлық та шығарды. 1169-1170 жж. Ағылшын феодалдарының арасындағы өзара даулардан Ирландияны жаулап алу көзделді, 1171 жылы II Генрих Ирландияға кірген бойда оны жаулап алды. Нормандар мен француздар бір-бірімен сіңісіп кетті, олар құжаттарда латын тілімен қатар француз тілдерін де пайдаланды.                           



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.