Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XI-XV ғғ. Франция.



№8-лекция

Тақырыбы: XI-XV ғғ. Франция.

Жоспары:

1. XI-XII ғғ. саяси бытыраңқылық.

2. XIII ғғ. мемлекеттік басқару.

3. Жүзжылдық соғыс.

4. XV ғғ. соңындағы Франция.

Лекция мәтіні.

1. XI ғғ. феодализмнің орнауына байланысты Франция саяси бытыраңқылықты басынан кешті. Король өзінің вассалдарына, яғни герцогтар, графтар, жеке меншік иеліктері барондар, рыцарлар мен сеньорлардан тұрды. Францияның саяси бытыраңқылығы мемлекеттегі солтүстік пен оңтүстік бөліктерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында біріне-бірі бағынбау салдарынан, кәсіпкерлердің шығарған заттары тек мемлекет көлемінде ғана емес, сондай-ақ өзге мемлекеттерге сауда қатынастарын күшейтуді көздеді. Қала халықтарының ешқандай құқықтары болмады және олардың дүние-мүліктерін феодалдардың иеленіп кетушілік қаупі үнемі төніп тұрды. Сондықтан сеньорлармен күресу Солтүстіктің қалалары үшін ең бірінші дәрежелі мәселе болып табылды. Франция королі VI Людовик қалалардың ішіндегі жанжалды тоқтату мақсатында, Лион қаласын коммунаны жою мақсатында, рыцарлар мен қызмет адамдары және епископтарды өлтірді, Лионға коммуналық хартияны қолдаған қала тұрғындарын тонап жеке басының мүддесі үшін жүрген қала тұрғындарын азаппен өлтірді. XII ғғ. Францияда орталыққа бағынған мемлекеттер құрылды. Франция королі VI Людовик тұсында (1108-1137 жж.) өзінің қарамағындағы Сугерий корольдіктермен жеке жер иеленуші феодалдарды жер үшін қарсылыққа шыққандарды түгел қырып, өзінің қол астындағы жер иеленуші феодалдар мен жекелеген герцог, княздықтарды үнін шығармай, қарсыласқандарды түгел жер иеліктермен қырып, олардың замоктарын жермен жексен етті. VII Людовик тұсындағы (1137-1180 жж.) саяси жағдайлар жеке меншік жерлердің көлемінің өсуіне әкелді. Осы тұста француз корольдерінің Францияда өте күшті бақталастары пайда болды. 1154 жылы француз феодалдарының бірі граф Анжуйский Генрих Плантагенет, II Генрих деген атпен Англия королі болды. Оның Франциядағы иеліктері: Анжу, Мэн, Турень, Нормандия, Пуато, Аквитания француз корольдеріне тиесілі жерлерді тартып алуды көздеді. II Филипп Аугуст (1180-1223 жж.) Франция король тағында отырған тұста, Капетингтер мен Плантагенеттер арасында өзара күрес жүріп жатты. Француз королі ағылшындарға тек Пуатоның бір бөлігімен Аквитания герцогтарын берді. Франция корольдігі иелік еткен жерлерін қоластындағы вассалдарына бөліп берді және өзінің әскери жасақтарын жинай білді.

2. XIII ғғ. билік басында король IX Людовик таққа отырған кезде, король өкіметі бірқатар күшейді және түрлі реформаларды шығарды, соның ішінде сот реформасы қарқынмен шешілді.

ХI-XIII ғасырларда елдің солтүстігіндегі француз деревнясындағы үш танапты егіс жүйесі мен дәнді дақылдардың ең жақсы сорттары (олардың ішінен бидай бірінші орында болды), жақсартылған соқа өте кең тарады. Ауыл шаруашылығының жұмыстарын атқаратын күш көлігінің өгіздің орнына енді атты пайдаланудың нәтижесінде жер жыртудың және басқада ауыл шаруашылық жұмыстарды орындаудың мерзімдері қысқартылды. ХII ғасырда тың жатқан жерлер мен ормандарды егістікке арнап тазартып, әзірлеу жұмыстары да басталды. Еңбек өнімділігі көбінесе шаруалар шаруашылығында өсті. Барщиналық өтеуден гөрі, шаруа өз үлесінде жұмысты бар ынтасын сала жақсы істеді. Оның еңбегі анағұрлым өнімдірек те болды және астық пен көк-өністерден де молырақ өнім берді. Сондықтан сеньорларға феодалдық рентаны еріксіз барщиналық еңбек түрінде емес, шаруалардың өз учаскілерінен жинап алған өнімдерін төлету әлдеқайда пайдалырақ болды. Олар бірте-бірте өздерінің бұрынғы барщиналық еңбек пен өңделіп, жыртылған жерлерін жойып, енді оларды шаруаларға мұрагерлік жолымен ұстап пайдалану үшін үлестіріп бере бастады. Осының негізінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда барщиналық өнім рентасына көшу пайда болды.

ХІ-ХІІ ғғ. саяси бытыраңқылық феодализмнің негізінен орнауына байланысты Францияда орын алған феодалдық бытыраңқылық елдің әртүрлі бөлімдерінде кейбір ерекшеліктерге ие болды. Феодалдық өндірістік қатынастардың мейлінше толық дамып, крепостной шаруалардың саны басым болған солтүстікте бытыраңқылық өзінің аяқталуына жетті де, ал феодалдық монархия өзінің барынша күрделірек ерекшелігін көрсетті. Кароль тек өзінің тікелей вассалдарына: герцогтар мен графтарға, сондай-ақ өзінің жеке меншігіндегі жерде (төменде) тұратын барондар мен рыцарьларына ғана сеньор болды. Феодалдық құқықтың: “Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес” деген нормасы әрекет жасауда болды. Францияның феодалдық бытыраңқылығының барған сайын ұлғайып, тереңдей түсуіне елдің солтүстігі мен оңтүстік бөліктеріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамушылықтың осы елеулі айырмашылықтары, сондай-ақ оның территориясында екі халықтың - солтүстік француз халқы мен провансаль халқының барлығы да үлкен себеп болды.

3. XIV ғғ. 30-жылдарында Францияны Англиямен жүргізілген жүзжылдық соғыс (1137-1453 жж.) бөліп жіберді. Бұл соғыстың тигізген ақырғы зардабы өндіргіш күштерін жаппай жойып, халықтың санын азайтып, өндіріс пен сауда-саттықтың көлемін мейлінше қысқартуға әкеліп соқтырды. Француз халқы ауыр бақытсыздық жағдайға душар болды. Ағылшындар Франция территориясын қоршауға алып, жазықсыз халықты мейрімсіз қырып-жойып тонап күйзелтті. Франция мен Англияның арасында бұрын XII-XIII ғғ. болған соғыстар (Капетингтер мен Плантагенеттердің күресі) жүзжылдық соғыста Францияның ағылшын корольдерінің қоластындағы оңтүстік-батыстық жерлері үшін жүргізілген күрес болды. Француз корольдері Фландрияның дәулеті мол қалаларын өзіне бағындырғысы келді, Фландрияның қалалары Англияның көмегіне сүйенді, өзінің тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. 50-жылдарда соғыс әрекеттері Нормандиямен қатар Аквитания территориясында болды.

Жүзжылдық соғыстың басталып кетуіне шешесі жағынан IV Филипптің немересі, ағылшын королі III Эдуардтың әулеттік талаптары тікелей сылтау болып табылды. IV Филипптің ең кенже баласы 1328 жылы дүние салды; осыған байланысты III Эдуард француз тағына отыруға өзінің құқығы бар екенін мәлімдеді. Францияның королі Капетингтердің жақын тармағының аға өкілі IV Филипп Валуа (1328-1350 жж.) сайланып қойды. III Эдуард өзінің құқықтарын қару-жарақтың күшімен шешуге бел байлады. Соғыс 1337 жылы ағылшындар үшін уақтылы басталды. Англияның басып кіруге арналған армиясының, француздардікіне қарағанда, бірқатар артықшылықтары болды.

Ағылшындар теңізде (1340 жылы Фландриядағы Слейса түбінде) және құрлықта (1346 жылы Пикардияның солтүстігінде, Калеге жақын, Кресидің түбінде) жеңіп шықты.       

Бұл оларға 1347 жылы аса маңызды тіректі пункт және Англиядан әкелінетін жүнді қоятын склад орны Калені алуға мүмкіндік берді. Сонымен, олар өздерінің Фландриядағы позицияларын тек қана нығайтып алды. Ағылшындар рыцарьларының қолдауымен, өздерінің керемет атқыштарының шебер әдістерінің арқасында жеңіп шықты. Француздар ауыр жеңіліске ұшырады. Рыцарьлардың ең іске татырлары қырылды, тұтқынға түсті, король Иоанн Добрыйдың (1350-1364) өзі де тұтқындалды. Францияның басына тым ауыр күн туды: қазынасы мүлдем қаңырап қалды; армия шын мәнісінде жойылды. Соғысты бұдан былай созып, тұтқындарды, соның ішінде корольдің өзін ақша төлеп босатып алуға орасан зор қаражат керек болды.

4. 1415 жылы ағылшындардың Францияға жаңадан басып кіруі басталды. Ағылшын королі V Генрих өзінің әскерімен Сена өзенінің сағасына келіп түсіп, Пикардия арқылы Калеге қарай бет алды. Азенкура (Каленің оңтүстігіне таман) түбінде болған қырғын соғыста арманьяктардың рыцарьлық армиясы (герцог Бургундський ағылшындармен бірлесіп әрекет жасауға ыңғайланды) талқандалынды; көптеген француз феодалдары тұтқынға алынды немесе өлтірілді; герцог Орлеанскийдің өзі де тұтқынға түсті. Содан соң ағылшындар Нормандия мен Мэнді басып алды. Тағы да 1356 жылдағы сияқты, Франция армиясыз, соғысқа керек қаражатсыз қалды. XIV ғасырдағыға қарағанда жағдай мүлдем нашарлап кетті, өйткені өзара бақталастық елді қатты күйзелтіп қана қоймай, сонымен қатар оның территориясының бөлшектенуіне де әкеліп жеткізді. Герцог Бургундский тек өзінің герцогтығында ғана емес, сонымен қатар Францияның бүкіл шығысындағы және солтүстік (Пикардия) жерлерінің дерлік тәуелсіз қожасы болды. Өзінің соғыс табыстарының нәтижесінде ағылшындар Францияны бітімнің ең ауыр шарттарын қабылдауға мәжбүр етті (1420 жылғы Труа шарты). Осы шарт бойынша Франция өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, біріккен ағылшын-француз корольдігінің бір бөлігі ғана болып қалды. VI Карлдің әлі тірі кезінде-ақ V Генрих Францияны билеп тұрды, ал содан кейін тақ ағылшын королінің және француз ханшайымының (VI Карлдің қызының) баласына – VI Генрихқа көшуге тиісті болды. Дофин Карл (VI Карлдің баласы) мирасқорлықтан тайдырылды. Бірақ та 1422 жылы V Генрих қыршынынан қиылды; бірнеше айдан соң VI Карл да дүние салды. Труа шарттарына қарамастан, дофин Карл өзін VII Карл деген атпен (1422-1461) Францияның королімін деп жариялады. Ағылшындар мен герцог Бургундский Англия мен Францияның королі деп он айлық VI Генрихты таныды және ол үшін елді оның немере ағасы – герцог Бедфорд биледі. Партизандар соғысы француз халқының территориясында ағылшындардың басып кірген (1415 жылы) кезінен басталды және 1422 жылы V Генрих өлгеннен кейін, Бедфордтың Англиядан көмек алудан үмітін үзіп, оккупацияланған аймақтарды ешбір аяусыз тонай бастады. Партизандар соғысы салдарынан Францияның тағдыры үшін осындай бір өте қатерлі қауіп төнген уақытта, кәдімгі қарапайым шаруаның қызы Жанна д,Арк, шетел басқыншыларына қарсы халықтың күресін ұйымдастырып басқарып, соғыста шашуші өзгеріс жасады.

Жанна д,Арк 1412 жылы Францияның Домреми деген селосында туылды. 1428 жылы соғыс осы шеткі аймаққа да келіп жетті. Бұл жағдай барлық француз халықтары сияқты, сүйікті отанының басына түскен бақытсыздық Жаннаның да ет-бауырын елжіретті. Франциядан ағылшындарды қуып шығу үшін, VII Карлға барып айтып, армияны басқаруы туралы сенімінен шығарды. Әскери жасақ қару-жарақпен қамтамассыз етіп, сегіз ай ішінде Орлеанды ағылшындардан азат етті. Парижді басып аламын деген шайқаста сәтсіздікпен аяқталады. 1430 жылы мамырда Компьен түбіндегі болған ұрыста Жанна тұтқынға алынады және герцог Бургундский тұтқын қызды ағылшынға 10 мың алтынға сатады. 1430 жылы аяғында ағылшын иеліктерінің орталығы Руанға әкеліп, 1431 жылы 30 мамырда Жаннаны өлім жазасына кесіп, оны отқа жағып өлтіреді. VII Карл оны құтқарып алу үшін ешбір шара қолданбады. Француз халқының өз отаны тәуелсіздігі үшін сансыз құрбандықтарға түскен соғыс әрекеттері 1453 жылы аяқталды. XV ғасырдың 40-жылдарында кароль XI Людовик таққа отырған кезде (1461-1483) 22 жыл ішіндегі өз билігінде елді алым-салықтарды көбейтуінен, елді күйзеліске ұшыратты.                                                                        



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.