Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Крест жорықтары.



№7-лекция

Тақырыбы: Крест жорықтары.

Жоспары:

1. Крест жорықтарының алғышарттары мен сипаты.

2. I–крест жорығы.

3. Шығыстағы христиан мемлекеттері.

4. II-III-крест жорықтары.

5. Крест жорықтарының нәтижелері.

Лекция мәтіні.

1. 1096-1270 жылдар арасында, екі ғасырға жуық уақыт бойы соғысты. «Крест» жорықтары деп аталу себептері бұл католик шіркеуінің ұйымдастырылуынан еді. Шіркеу жорықтары діни соғыс, яғни христиандықтың мұсылмандыққа қарсы күресінің сипатында жүрді. Шығыс Еуропаға қарсы күресті Батыс Еуропалықтар жер иеліктерін молайту мақсатында феодалдар тарапынан шығыстағы бай иеліктерді иемдену мақсатында жүргізді.

XI ғғ. түрік-салжұқтары Шығыс Жерорта теңіз жағалауындағы жерлерді басып алуына байланысты халықаралық жағдай шиеленісе түсті. 1055 жж. түріктер Бағдадты басып алды, 1071 жж. Манцикерт (Армения) маңындағы соғыста Византия әскерлерін ойсырата жеңді, сол сияқты Орта Азияны, Сирия мен Палестинаны жаулады. Басқа да Египетке тиесілі жерлерді, христиандардың киелі қаласы Иерусалимді де басып алды. Осының өзі Батыстықтардың Шығысқа қарсы жорыққа біріге отырып шығуына сылтау болды. Балканның солтүстігіне басып кірген түріктерді Византия императоры Алексей I Батыс Еуропаның бірнеше князьдерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Ол тіпті папа Урбану II-ге (1088-1099 жж.) елші жіберіп, папа өз беделі арқылы нормандардан, англосакстардан, даниялықтардан мұсылмандарға қарсы күресу және жалдамалы отрядтар жасақтауға көмектеседі деп есептеді. Бұл крест жорықтарының мақсаттары әртүрлі болды. Жер мен еріксіз жұмысшы күші ақшалай тапшылықтар ұсақ рыцарлардың жаңа жерлерді басып алуы, шығыс елдерінің тонауына әкеп соқты. XII ғғ. аяғында крест жорығының мақсаты Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы жерлерді басып алу үшін Азиядағы мұсылман мемлекеттерге және Византияны азат ету жолындағы күресі болды.

1095 жж. папа Урбану II француз қаласы Клеромонда шіркеу соборларын ашты. Собор аяқталған соң, ол қалың халық арасында салтанатты түрде сөз сөйледі де, онда шығыстың бай жерлерін басып алып, әрбір ерікті жауынгерлерге ерліктері үшін таратып беремін деген уәделерде айтылды. Кедей шаруалардың бір күнде байып кетуіне және көптеген сауда қатынастарда көпестік шаруаларды да өте қызығушылықпен болашақ өмірді жақсарту туралы, сұрықсыз езгіден босануға деген үмітін қоздырды.

1096 жж. бұл уағыздау салдарында Франция мен Германиядан мыңдаған кедей шаруалар жиналды. Крест жорықшылары қарапайым құралдар балта, балға, орақ сойыл қаруланып, азық қорықсыз Константинопольге қарай ағылып жатты. Кедейленген рыцарлар аш-жалаңаш болғандықтан олар көптеген венгерлер, болгарлар, гректердің жерлеріне басып кіріп тонаушылық пен өлтіргенін өлтіріп, өлмегендерін зорлап қорлады да, Рейн жағалауындағы қалаларды тонаушы рыцарлар еврейлерді қырып-жойды. 1096 жж. жазында бұл шаруалардан құралған рыцарларды түріктер бір күнде қырып тастады.

2. 1096 жж. жаз айларында рыцарлық жақсы қаруланған, азық-түлік жететіндей жорықшылар жолға шықты. Лотарингия феодалдары жорыққа басқалардан бұрын шықты. Оларды герцог Готфрид Бульонский басқарды. Оңтүстік нормандық әскерлерді жорыққа алып шығып, оны басқарған князь Боэмунд Тарентский болды. Франциядағы жасаққа граф Раймонд Тулузький басшылық етті. Солтүстік және орта Францияның рыцарьларын герцог Роберт Нормандський мен граф Стефан және граф Роберт II Фландорский басқарды.

1096 жж. аяғы мен 1097 жж. басында крест жорықшылары Константинопольге жетті. Онда император Алексей I крест сеньорлар мен рыцорлардың алдында ант ішіп, түріктердің басып алған византиялық жерлерді өзім қайтарып аламын деген уәдесін берді. Крест жорықшыларының жасақтарын Алексей I Кіші Азияға жөнелтті.

XI ғғ. Кіші Азияда салжұқ мемлекеті орнығып, олардың басшысы Рум (Иконий) сұлтанаты болатын. Мұсылмандардың арасында ешқандай бірігушілік болмағандықтан, кресшілер Кіші Азияны басып өтті. 1098 жж. басында рыцарь отрядтар басшыларының бірі Балдуин Фландорский бай қала Эдессаны (Солтүстік Месопотамияда) басып алды. Осы жерде өз кресшілерімен Эдесса графтығының негізі қаланды. 1098 жж. кресшілердің әскери күші Сирияға келіп кірді де, Шығыс Жерорта теңізінің жағалауындағы жақсы бекінген қалаларының бірі - Антиохияны жарты жыл бойы қоршауға алып, 1098 жж. шілде айларында Антиохия князьдігінің негізі қаланды. 1099 жж. Сириядан Палестинаға өтіп, Иерусалим қаласын алды.

3. Иерусалимді алғаннан кейін крест жорықшылары Жерорта теңізінің Шығыс жағалауындағы бөлігіне жорыққа атанды. Теңіз жағалауындағы елдердің сауда қатынастары арқылы көптеген олжаға кенелетінін есепке ала отырып, порттық қалаларды басып алды. Бұлардың ішінде Акра, Триполь, Тир қалалары алынды. Оңтүстік Сирия мен Палестина территориясында Иерусалим корольдігін құрды, мемлекет басшысы Готфрид Бульонский болды, ал солтүстігінде Триполи графтығы, Антиохия князьдігі мен Эдесса графтығы құрылды. Басып алған жерлерін түгел өздерінің саясатымен тұрғылықты халықтарын, яғни шаруалардың бәрін құлдарға айналдырды. Әр түрлі сауда қатынасында порттарда көптеген жеңілдіктер берілді.

Бірінші крестшілердің иеліктерін нығайту мақсатында әскери-монахтық ордендер марапаттау арқасында түрлі рыцарлық ұйымдар құрылды. Соның бірі неміс рыцарларын біріктіретін Тевтон ордені пайда болды. Ордендік туысқандарды киген киімдеріне қарап ажырататын болды да, олар тамплиерде - қызыл кресті бар ақ түсті, госпитальлерде - ақ кресті бар қызыл түсті, тевтон рыцарларында - қара кресті бар ақ түсті киімді плащтар киген.

4. Екінші крест жорықтары (1147-1149 жж.). XII ғғ. мұсылман князьдіктердің топтасу салдарынан, кресшілер өзінің иеліктерін жоғалта бастады. 1144 жж. Мосульдің әміршісі олардан Эдессты тартып алды. Соның салдарынан кресшілер жиналып екінші рет қайта жорыққа шықты, оны басқарған француз королі Конрад III болатын. Екінші крест жорықтары сәтсіздікке ұшырап, көмекке келген неміс рыцарлары Кіші Азия түрік-салжұқтарын қырып, олар француздар мен немістер біріге отырып Дамаскіні алуға тырысты, одан ешқандай нәтиже шықпады. Олар Еуропаға абыройсыздықпен артқа қайтты.

Үшінші крест жорығы 1189-1192 жж. аралығындағы уақытты қамтыды. Шығыста Египеттің, Сирия мен Месопотамия бөліктері бірігіп, жаңа мемлекеттің басында Саладин атағын алған сұлтан Салах-ад-Дин (1171-1193 жж.) келді. 1187 жж. ол Хаттин маңында (Тивериад көлінің жақын жерінде) кресшілерге қатты соққы берді, Иерусалим королінің өзін тұтқынға түсіріп, мұсылмандар теңіз жағалауындағы қалаларды: Айда, Сайда, Бейрут сияқты көптеген қалаларды басып алды.

1189 жж. Үшінші крест жорығы деп аталатын әскери жасақтарды біріктіре отырып, Герман императоры Фридрих I Барбаросс және Франция королі Филипп II Август пен Англия королі Ричард I Львиное Сердце басқарды. Бұл жорықта сәтсіздікке ұшырады, неміс кресшілері Палестинаға жетпеді, 1190 жж. Фридрих I Кликийдегі тау өзендерінен өткен кезде суға кетіп өлді, кресшілердің артқа қайтуына мәжбүр болды. Франция мен Англия крестшілері Палестинаға барар жолда Сицилияны басып алуға тырысты, Византияның бір бөлігін Кипр аралын жаулап алды. 1991 жж. олар Палестинадағы орталық Иерусалимді аламыз деген әрекеттер жасап еді, бірақ Англия королімен Саладдин арасындағы келісім бойынша Тиран Яффаға дейін аралықтар ғана берілді. Үшінші крест жорығы да Шығыс Жерорта теңіздерін алу арман болған батыс еуропалықтар үшін де көптеген қайшылықтармен шиеленісе түсті.

Төртінші крест жорығы (1202-1204 жж.) және Латин империясының құрылуы (1204-1261 жж.). XIII ғғ. Батыс Еуропа елдері мен Византия арасында көптеген келіспеушіліктер туғызды, мұны Иннокентий III папаның (1198-1216 жж.) шақыруы бойынша француз феодалдары бастаған еді. Бұндағы мақсат дүние жүзілік монархия құруда, Египетті түгел өзіне қарату болды. Бұл жорықта крестшілер Константинопольді талқандап, Египетке өту кезінде Венециядан көптеген көмек сұрау арқылы порттарын пайдаланды, сауда қатынасында Венеция көпестерімен біріге отырып, 1202 жж. Далмациядағы Задар қаласын басып алды. 1204 жж. көкек айында жорықшылар Константинопольді басып алғаннан соң, император Иссак II-ні таққа отырғызып, осы жерде Латын империясының негізін қалады. Латин империясы онша ұзақ өмір сүрмеді, 1261 жылы Никей императоры Михаил Палеолог Константинопольді басып алып, Византия империясын қалпына келтірді. Төртінші крест жорығының нәтижесінде Византия байлығы мен күш қуаты мәңгі бақи бүлінген болатын.

Бесінші крест жорығы (1217-1221 жж.) неміс, ағылшын, голланд, венгер крестшілерінің бірігуі арқасында 1219 жылы Египеттегі мықты бекіністің бірі - Дамиеттаны басып алды. Өзара ішкі тартыс салдарынан және басқаратын басшы болмағандықтан рыцарлар елді тастап кетуге мәжбүр болды.

1228-1229 жылдары алтыншы крест жорығы болды. Он Герман императоры Фридрих II басшылығмен қоластындағы ағылшын, неміс, француз және итальяндық рыцарларын бастап, Сирияға қарай бет алды. Осы тұста Египет пен Дамаскі арасында соғыстар жүріп жатқанын пайдаланып, Египет сұлтанымен келісімге отырып, Иерусалим және Палестинаның бірнеше қалаларын император қоластына қайтарып алды. Алайда 1244 жылы мұсылмандар Иерусалимді тағы да басып алды.

1248-1254 жж. жетінші крест жорығын Иннокентий IV пен француз королі Людовик IX басшылымен Египетке қарсы бағытталған болатын. Бұл жорықта сәтсіздікке ұшырап, қайта шегінді.

Людовик IX басшылығымен 1270 жылы – сегізінші крест жорығы басталды. Бұл жолы крестшілердің флоты Туниске бет алды. Жағаға түскен бойда олар эпидемияға ұшырады. Людовик IX қайтыс болды. Тірі қалғандары Еуропаға қайтты. Осының нәтижесінде папаның жаңа крест жорығын шақыруы табысты болмады. Мұсылмандар Шығыстағы крест иеліктерін бірінен кейін бірін қайтарып, 1268 жылы Египет әскерлері - Антиохияны, 1289 жылы Трипольді, 1291 жылы Шығыстың ақырғы тірегі - Акраны құлатты. Иерусалим корольдігі өмір сүруін тоқтатты. XIV-XV ғғ. Шығыстағы иеліктер түгел дерлік мұсылмандар қоластында болды.

5. Шығыс елдері үшін де крест жорықтарының зардаптары өте қиын жағдайды бастан кешіруіне әкеп соқты, қаза болған адамдар саны есепсіз, қалалардың бәрін өртеп орны жоқ болып кеткендерде бар, елді ойрандатып қатты күйзеліске алып келді. Крест жорығы Батыс еуропалықтар үшін өздерінің қоғамдық дамуына белгілі ықпал жасады, себебі оларда крест жорығы басталмай тұрған кезде сауда қатынасы, қолөнер және әртүрлі тауарлық айналым қатынасының дамуына жағдай жасап, феодалдық қоғам бұл елдерде ерте дамыған тұста болатын. Шіркеу басқарған папаның беделі XII ғғ. Еуропа елдері арасындағы крест жорықтарының жеңістерімен көзге түсті, XIII ғғ. аяғында крест жорықтарының сәтсіздікпен аяқталуына байланысты католик шіркеуіндегі папаның беделі құлдырауына жол ашты. Шығыстағы жорықтардың әрекетінен батыс еуропалықтар шығыстың бай мәдениетін және көрікті тұрмысымен танысу, батыс еуропалық феодалдардың артта қалған өмір салтын көп жағынан өзгертті. Еуропаның көптеген елдерінде ренталық формадан ақша рентасына ауысуына әкеп соқты.   



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.