Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лекция . Тақырыбы: Орта ғасырларлық қалалар. . Лекция мәтіні.



                                                            №6-лекция    

Тақырыбы: Орта ғасырларлық қалалар. 

Жоспары:

1. Ерте ортағасырлардағы қолөнер.

2. Ортағасырлық қалалардың пайда болу теориясы.

3. Қалалардың өзін-өзі басқару жолындағы күресі.

Лекция мәтіні.

Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның алғашқы феодалдық дәуірінен-өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік - қалалардың қолөнершілікпен сауда орталығы ретінде тууы және гүлденуі болып табылады. Шикізат өндірістерінің өркендеуі және қалалардың өсуі, феодалдық қоғамның экономикасына, саяси құрылысына, рухани өміріне елеулі ықпалын тигізді. Сондықтан да XI ғғ. Батыс Еуропада қалалар қалыптасты. Бұл кезеңнің алғашқы орта ғасырмен феодализмнің толық өркендеген, хронологиялық шекарасы бар еді.

X-XI ғғ. Батыс Еуропаның шаруашылық өмірінде елеулі өзгерістер болды. Крепостной шаруалардың еңбегін қанауға негізделген өндірістің феодалдық әдістері өзінің алдындағы құлдар еңбегін қанауға негізделген көне әдістерге қарағанда еңбек өнімділігі анағұрлым кең жол ашқан еді. Алғашқы орта ғасырдағы өндіргіш күштердің өркендеуі - қолөнершілік кәсіптің бірте-бірте өзгеруі, техниканың өркендеуі және еңбек тәсілдерінің жетілуі оның салалары дамыды. Қолөнершіліктің жекелеген түрлері; металл өндіру, қорыту және өңдеу ең алдымен ұсталық қару жарақ жасау үстінде болды. Мата әсіресе, шұға тоқу, өйткені оны өндіру бұрын шаруалар отбасылары қолдан тоқи беретін кендір мата шығарудан анағұрлым күрделі, былғары өңдеу; қышшылар еңбегінде құмнан жасалатын ыдыстарды көбейтті. Қолөнер бұйымдарын өндіру барған сайын ауыл шаруашылығындағы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығынан басқаша, еңбек етудің жаңа бір саласына айналды. Қолөнерінің жаңа салаларға бөлінуі, өндіріс техникасын және еңбек тәсілдерін жетілдіру - қолөнершілік ісін одан әрі мамандандыруды талап етті. Бірақ өз шаруашылығын дербес жүргізілетін және бір өзі әрі диқан, әрі қолөнерші қызметін атқаратын шаруалар жағдайында мұндай мамандандырудың мүмкіндігі жоқ еді. Ол үшін қолөнершілік кәсіптің егін шаруашылығына көмекші қызметін жойып, оны дербес өндіріске айналдыру қажет болатын еді. Қолөнершілік кәсіпті ауыл шаруашылығындағы еңбектен ажырату процесінің екінші жағы - егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуде прогрестің орын алуы еді. Топырақ өңдеу құралдары мен әдістерінің бірте-бірте жетілуіне, жегілген өгіздерге тірелген темір соққалардың пайда болуына, егін шаруашылығының бұрынғы кесімді және ауыспалы тәрізді жабайы түрін танапты, үш танапты егістік ауыстыруына байланысты ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі артты. Ауыл шаруашылық өндірісінің өркендеуіне егін салынатын жер көлемінің артуыда игі әсер етті. Бұл жөнінде ішкі отарландыру жаңа жерлерді шаруашылық үшін игеру және жаңадан үлкен алаңдар игерілді, дәнді және техникалық дақылдар егістігі кеңейтілді: кендір, конопля, вайда, майлы дақылдар және т.б. егістігі артып, огород, бақ жүзім шаруашылықтары және ауыл шаруашылығына шарап өндірумен тығыз байланысты және май шайқау кәсіпшіліктері өркендеді. Өндіркіш күштердің өркендеуіне байланысты алғашқы орта ғасырлық дәуірдің аяқ шенінде, шамамен X-XI ғғ. Еуропада қолөнершілікті ауыл шаруашылығынан ажыратуға қажетті жағдайлардың бәрі туды. Ауыл шаруашылығынан ажырасу процесінде, қолөнершілік - қол еңбегіне негізделген ұсақ өнеркәсіп өндірісі өзінің өркендеу дәуірінде бірнеше сатыдан өтті. Оның ішінде біріншісі бұйымды тұтынушының заказы бойынша өндіру болды. Бұл жағдайда материалдық тұтынушы заказ берушінікі болуы да, немесе қолөнершінің өзінікі болуы да ықтимал еді және еңбекке ақы төлеудің заттай, яки ақшалай түрінде болуы мүмкін еді. Қолөнершіліктің бұл формасы тек қалада ғана емес, шаруалардың шаруашылығына қосымша ретінде деревняда қолданылып жүрді. Алайда, қолөнершінің заказы бойынша жұмыс істеу кезінде тауарлық өндіріс әлі туа қоймап еді немесе бастапқы сипатта еді, өйткені еңбек өнімі әзірше рынокқа шығарылмайтын. Қолөнерші әзірше деревняда, феодалдың қоластында, феодалдық қанаушылық өсіп отырған жағдайда қалып отырғанда, ол өз өндірісін көп қиыншылықпен жүргізе алатын, феодалдық үстемдік кәсіптің дербес дамуы жолына көптеген кедергілер қоятын еді. Сондықтан құлдықтағы және феодалға тәуелді селолық тұрғындардың қалың бұқарасы арасынан бірте-бірте оқшауланып шыққан қолөнершілер деревнядан кетуге тырысып бақты, өз шонжарларының қоластынан қашуға және өздері өндірген өнімдерін өткізуге қолайлы болды. Шаруалардың деревнядан қашуы бір жағынан олардың күшейіп келе жатқан феодалдық озбырлыққа қарсылығы жоғары еді. Орта ғасырлық қоғамның өркендеуі дәуірінің бүкіл барысы, шаруалардың деревнядан қашуы тікелей қолөнершілікпен сауданың орталықтары - орта ғасырлық қалалардың тууына әкеп соқты.

2. Орта ғасырлық қалалардың пайда болу себептері, орта ғасырлық қалалардың шығу жөнінде көптеген теориялар болды. Буржуазиялық ғалымдардың айтуынша бұл теориялардың көпшілігіне тән нәрсе - проблемаға құқықтық, формальды – заңдылық тұрғыдан қарауларында еді. Өз зерттеулерінде идеалистік методологияға сүйенетін буржуазиялық тарихшыларды қоғамның даму өзгерістері емес, орта ғасырлық қалалардың қандай әлеуметтік экономикалық жағдайда тууы емес, қайта құқықтық мәселелер және ең алдымен қаланың нақты бір құқықтық категория ретінде пайда болуы, басқарудың қалаға ғана тән формаларымен қалалық құқықтың тууы мәселелері ғана қызықтыратын сондықтан да олар орта ғасырлық қаланың пайда болуының түбірлі себептерін дәлелдеп бере алмайды.

Батыс Еуропада орта ғасырлық қалалар қолөнершілік пен сауда орталықтар бұрынғы Италияда, Францияда пайда болды. IX ғғ. Еуроапда феодалдық қарым-қатынастардың өркендеуі мен өндіргіш күштердің өсуі және қолөнершіліктің ауыл шаруашылықтан ажыратылуына, крепостной шаруалардың деревнядан қашуы болатын. Итальяндық және оңтүстік француздық қалалардың ерте пайда болуына байланысты Италия, Франция мен Византия және т.б. Шығыс елдерінің сауда қатынасының өсуі көптеген әсер етті. Бұл елдердің халқы көптеген бай қалаларға сауда қатынаста болды, атап айтқанда, Константинополь, Александрия, Дамаск, Багдад, Қытай мен Үндістанның жекелеген қаларында болды.

X-XI ғғ. қалалар солтүстік Францияда, Нидерландыда, Англияда, Оңтүстік-Батыс Германияда, Рейн мен Дунай бойында пайда болды. XI ғғ. Фландрияның графтығында қалалар қаптап кетті. Фландрия қалалары - Брюгге, Ипр, Гент, Лилль, Дуэ, Аррас және т.б. қалалар шұға өндірумен көптеген Еуропа елдеріне даңқы шықты. Батыс Еуропалық қалалардың көлемі тым шағын болатын, қала тұрғындары саны мың немесе үш-бес жүзден адамнан аспайтын еді. Қала дуалдарының сыртында, өз шекарасында қала тұрғындарына қарасты егістіктер, жайылымдар, огородтар жайғасты.

3. Орта ғасырлық қалалар феодалдардың жеріне салынатын, сол себепті шаруалар феодалдық сеньорларға бағынуға мәжбүр болатын, өйткені қаланың бүкіл билігі бастапқыда солардың қолында шоғырланды. Феодал өз жерлерінде қалалар салынуына ынталы болатын, өйткені қалалық қолөнершілік пен сауда оған қосымша кіріс көзін әкеледі. Қалалардың экономикасы өсуіне байланысты, феодалдардың қалалардан түсетін кірісті барған сайын көбірек өндіруге тырысуы қала мен ақсүйектер арасындағы күресті міндетті түрде өршітуге әкеп соқты. Қала тұрғындары мен сеньорлар арасындағы күрес, қалалардың өзін-өзі басқаруы осы күрес барысында болды. Еуропаның елдерінде, олардың өркендеу бағыты әртүрлі жүрді. Қалалары өте ерте пайда болып, экономикалық жағынан ерте гүлденген Италияның, Францияның қалаларында қала тұрғындары сеньорлардан тәуелсіздікті тартып алды. Солтүстік және Орта Италияның көптеген қалалары – Венеция, Генуя, Флоренция, Сиена, Лукка, Равенна, Болонья, Милан және т.б. қала маңындағы селолық аймақтармен қоса, тіпті кейбір кішігірім қалаларды өзіне бағындырып, қала–мемлекетке айналды. XIII-XIV ғғ. Византия, Венеция, Венгрия, Адриатиканың Далматы жағалауында славяндар қаласы Дубровник шын мәнінде өзі дербес қалалық республика еді. Бұл Балқан қолөнер өндірісінің және транзиттік сауданың ірі орталығы болды. Германияда империялық қалалар деп аталатын XII-XIII ғғ. ең көрнекті императорға бағынатын және іс жүзінде бургомистр басқарған қалалық кеңестің билігіндегі тәуелсіз қалалық республикалар болатын. Бұл қалалар өздігінен соғыс жариялауға, бітім жасауға, ақша шығаруға т.б. құқылы болды. Тәуелсіздікке жеткен ерікті қалалар мыналар еді; Любек, Гамбург, Бремен, Нюрнберг, Аугсбурс, Майнедегі Франкфурт және басқалары. Солтүстік Францияның көптеген қалаларында: Амьен, Сен-Кантен, Нуайон, Суассон, Лан және фландриялық қалалар - Гент, Брюгге, Ипр, Лилль, Дуэ, Сент-Омер, Арраста өзара қарулы қақтығыстарға дейін барады, соның салдарынан тәуелсіз қалалардың тұрғындар арасында қалалық кеңестік, яғни мэр деп аталатын қалалық кеңес басшысын сайлап алған.

4. Орта ғасырлық қаланың өндірістік негізін қолөнершілік құрайтын. Қала тұрғындарының сеньорларға тәуелділігі толық жойылып бітпегендіктен, соның пайдасына түрлі салықтар мен төлемдер алынатындықтан, қаланың экономикалық жағдайы да тура деревнядағыдан айырмашылығы болмады. Батыс Еуропада орта ғасырлық қолөнерге даму салдарынан мұнда түрлі цехтар ашылды.

XIV-XV ғғ. цехтар жік-жікке бөлінді, осы дәуірде шеберлердің қолөнерлері аға цехтерде немесе үлкен цехтарда дамыды. Цехтардың өсуі шеберлер қолында көмекші шеберлердің және шәкірттерді жалдамалы түрде үйрету түрінің дамуында болатын.   

Цехтық жүйе ыдырап бастаған кезеңде сауда капиталының өндіруші - ұсақ қолөнершілер болатын. Сауда мен көпестік капитал өндірістері арта түсті. Цехтар ыдырағаннан соң, қолөнершілердің көпшілігі қанаушы көпестік капитал қолында, алғашында алып сатарлық үлкен рөл атқарды.

Қала мен деревняда тауар өндірісінің өркендеуі XIII ғғ. бастап сауда мен рыноктық байланыстар күшейіп, деревняда тауар-ақша қатынасы баяу өсті. Себебі, қаладағы қолөнершілердің тауарларына деревнядағы ауылшаруашылық өнімдеріне айырбастау зор рөл атқарды. Шаруалар шаруашылығы мен феодалдар шаруашылығы бірте-бірте рыноктық қатынасқа тартыла басталады. Деревняда астық, жан, мал және басқа ауылшаруашылық өнімдері кең өріс ала бастады. Қалаларда қолөнер бұйымдары және деревняда өндірілмейтін басқа тауар түрлері әкеліне бастады. Батыс Еуропа қалаларында барған сайын тауар-ақша дамуы XIII-XIV ғғ. бастап рентаны тұрақтану процесі басталды. Тауар сауда қатынасында заттай ақы төлеуді ақшалай төлеммен төлеу және ақшалай рентаға толық көшу процесіне өтті. Бұл деревнядағы шаруалар үшін және олардың әлеуметтік құрылысында аса маңызды өзгерістер алып келді. Әр елде қалардың түрліше даму феодалдардың шаруаларды қанауымен оларға үстемдік етумен қоймай, сауда қатынасында да түрліше салық түрлерінің өсуі болатын. Ақшалай рентаға өту, бұл шаруалар арасындағы шаруашылықтарының араласып, мал-мүліктің теңестірумен қатар шаруалардың өзі ауқатты және кедей шаруалар болып бөлінуге алып келді. 

                                            



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.