Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: IX-XI ғғ. Батыс Еуропаның саяси картасы.



№5-лекция

Тақырыбы: IX-XI ғғ. Батыс Еуропаның саяси картасы.

Жоспары:

1. XI ғғ. Батыс Еуропаның феодалдық құрылысының негізгі сипаты.

2. IX-XI ғғ. Франция.

3. VIII-XI ғғ. Италия.

4. IX-XI ғғ. Германия.

5. VIII-XI ғғ. Англия.

Лекция мәтіні.

Каролинг империясы құлағаннан кейін 843 жылы Верден шарттарының нәтижесінде Германия мен Франция бірқалыпты дамыды. Ал Лотарь мемлекетінде билік басында 855 жылы король Лотарь өлген соң, феодалдық мемлекеттер үш дербес болып бөлінді. 870 жылы Мерсен бітімі бойынша Германия мен Франция корольдері Лотарингия мемлекетін өзара бөліп алды. 925 жж. Лотарингия мемлекеті түгел Германия мемлекетінің қоластына кірді. 959 жылы бұл мемлекет екі герцогтыққа бөлінді.

IX-X ғғ. бургунд корольдігі екіге бөлінді; 879 жылы төменгі Бургундия болып, 888 жылы жоғарғы Бургундия болып. XI ғғ. 1033 жылы Бургундия корольдігі бірігіп, Германия құрамына енді. 

IX-X ғғ. Франция корольдігінде 884 жылы Бургундия герцогтары пайда бола бастады. Верден бітімі бойынша Ұлы Карлдің немересі Лотарь жалғастыру керек еді, бірақ Лотарь өлген соң оның ұлы II Людовик король болған кезде Италия біртұтас мемлекет болмай жан-жаққа ыдырап кетті.

IX-XI ғғ. Еуропада басқа мемлекеттер құрыла бастады. Еуропаның оңтүстік-батысында, Пиреней түбегінің солтүстік таулы аудандарында VIII ғғ. Вестгот Испаниясын арабтар 711-714 жж. жаулап алғаннан кейін, 718 жж. корольдік болған Астурия өз тәуелсіздігін сақтап қалды да, IX ғғ. Ұлы Карл негізін қалаған Пиреней сыртында Испан маркасы бөлініп шығып, Наварра корольдігі құрылды және Франция құрамына кірген Барселон графтығы да бөлінді.

Орыс флоттары 756 жж. Босфор жағалауындағы Никомиди мен Пафлагонияны ойрандатып, Константинополь түбегін және Дунайға дейінгі жерлерді басып алды. Князь Святослав Византия-Болгар шайқасында Балканға екі рет жорық жасайды. 969-970 жж. Святослав болгарлармен одақтасып, солтүстік Фракияны ойрандатады да және 971 жж. император Иоани Цимисхий (969-976 жж.) Святославты Болгариядан қуып шығады. 

Орыстар 1043 жылы Константинопольге соңғы жорығында жеңіліске ұшырап, 1047 жж. орыс императоры Константин IX Мономахтың (1042-1055 жж.) қызы Киевтің ұлы князі Ярослав Мудрыйдың баласы - Всеволодқа күйеуге шығумен аяқталды.

IX-XI ғғ. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде феодалдық құрылыс толық орнығып болды. Феодализмнің негізі болған феодалдық жер меншігі - вотчина түрінде үстемдік етті. Ірі жер иеленушілері ұсақ жеке шаруалардың шаруашылығын әрдайым қанап, салық түрлерін өсіре берді. Осы тұста Францияда шаруалардың көп бөлігі крепостной шаруалар ауыр жағдайда өмір сүрді. Олар өздері сеньорларының жеке басына және әртүрлі соттық қатынасқа бағынуға мәжбүр болды. Осы тұста крепостной шаруалардың өзі де “сервтер” (латынша аударғанда - құлдар) қатарына еніп, жеке басының бостандығынан да айрылды.

IX-XI ғғ. феодалдардың күшейген кезеңінде олар иерархия деп аталатын немесе “феодалдық баспалдақ” принципі бойынша құрылды. Феодалдық баспалдақтың басында король өзі қолдаған, барлық феодалдар жоғарғы сеньор болып саналды.

2. IX-XI ғғ. Франция. 843 жж. Каролинг мемлекеті ыдырағаннан кейін 870 жж. Мерсен бітіміне сәйкес бұл елді бөліп тұратын Германия мен Италия шекарасы Маас өзенінің төменгі жағалауымен Мозель мен Рона болатын IX ғғ. аяғында Сона мен Ронаны 933 жж. Бургундия королдігіне бірікті. X ғғ. неміс және француз Каролингтер арасындағы өзара қырқыс салдарынан, қоластындағы халықтарды ыдыратып нормандықтардың соғысына душар болады. Каролингтер графтығының арасындағы өзара король тәжіне таластар арқасында, 987 жж. ақсүйек және дін феодалдары “Францияның ұлы герцогы” деп аталған Робертин Гуго Капетті король етіп сайлады. Осы тұстан бастап XVIII ғғ. дейін француз тәжісін Капетингтер руынан тараған ағайындар басқарған. X-XI ғғ. француздардың бірнеше графтықтары өз жерлерін дербес түрде иелік етті. Олар солтүстік француз халқы мекендеген жерлердегі ірі феодалдар: Мэн графтығы, Блуа, Турень, Анжу графтығы, Шампань графтығы, Бургунд герцогтығы болды.

Провансаль халқының территориясында Пуато мен Гаронна графтығы аралықтарында Аквитания герцогтігі, Гаскон графтығы, Тулуз графтығы, Овернь графтығы орналасты.

Қиыр солтүстік-батысында Кельт тұрғындары мекендеген жердегі Фландрия герцогтығы жайғасты.

Француз королінің құрамында да жер иеліктер болды. X ғғ. Испан маркасы деп аталған Барселон графтығы да кірді.

X ғғ.француз шаруаларының көпшілігі крепостнойлар ауыр феодалдық қанауға түсті. Олардың әрбір сервтері соттық жағынан сеньорларға тәуелді болды және айыптар мен салық төлемдерді төлеп отырды. Сервтер жеке басы тәуелді адам ретінде Жан басы салығы, егер ол ерікті адаммен некеге отыратын болса неке салығын, өлім салығы, яғни оның заттары сеньорлардың меншігінде болып есептелді, мұра салығы деп аталатын салық түрлері болды.

Феодалдық таптың езгісіне ұшыраған шаруалар арасында көтерілістер шықты. 997 жж. Нормандияда шаруалар көтерілісі басталды. 1024 жж. Бретанда шаруа көтерілістері болды. Шаруалар көтерілісін феодалдар өте қатал түрде жазалау арқылы басты.

3. VII-VIII ғғ. Италияның солтүстік үлкен бөлігі лангобардтардың қоластында болып, VIII ғғ. бастап Каролинг империясының құрамына кірді. 843 жж. солтүстік және орта Италия Верден бітімінен кейін Каролинг империясының бір бөлігі болудан қалды да, IX ғғ. ортасында Италия королдігінің астанасы Павияда, ең алғаш Лангобард корольдерінің темір тәжін кигізіп Италия королін таққа отырғызған. Италия королі шын мәнінде ешқандай билігі болмаған еді, билік жекелеген феодалдар қолында болды. IX ғғ. Италия жерлеріне арабтар (сарациндер) басып кірді. Арабтар бүкіл Сицилияны, онда Палермоның орталығында эмират құрды, Апулияны өзіне қаратты. XII ғғ. Византия мен арабтар арасындағы соғысу кезінде Нормандия бүкіл Италияға қарасты Сицилияны жаулап алып, 1130 жж. Италия жерінде Сицилия королідігінің негізі қаланды.

IX-XII ғғ. крепостной шаруалар барщинада 2-ден 12 аптаға дейін, науқан кезінде 3-4 аптасында салық төлеп отырды. Италияда шіркеулік жер иелігі зор рөл атқарды. Феодализмнің алғашқы баспалдағы ірі феодалдық иеліктерді: негізгі жұмысшы таптар крепостной ғана емес, колондардан, құлдар мен ерікті арендаторлардан құрылды.  

X-XI ғғ. италян феодалдарына үздіксіз ала ауыздық күресті, елге басқыншылық соғыстар болып - византиялықтардың, венгерлердің, герман феодалдары, арабтардың, нормандардың басып кіріп, Италияның саяси құлдырауына әкеп соқты. Басқыншылықпен кіргендердің көпшілігі италян халқының латын тілінде сөйлеуіне байланысты, оларда латын тіліне көшті.

4.IX-XI ғғ. Рейннің шығысында мекендеген Каролинг империясы ыдырап, Батыс Франк мемлекетінің құрамына енген герман тайпаларында феодалдану өте баяу қарқынмен дамыды. X ғ. бас кезінде Германия территориясына тайпалық герцогтар енді: Саксония мен Тюрингия, Франкония, Швабия және Бавария герцогтары болатын. Бұлар ежелгі германдық тайпалар туыстық байланыстарын арттыру мақсатында және германдардың саяси бытыраңқылығын сақтау үшін біріктірілді. 911 жж. Германия Каролингтер түбімен жойылған соң, корольдікке тайпалық герцогтің бірі - I Конрат Франконский сайланды. I Конрат өлген соң тайпалық герцогтардың арасындағы жанжалдардан кейін 919 жж. екі бірдей корольдіктер құрылды; бірі - Генрих Саксонский, екіншісі - Арнульф Баварский сайланды. Германия жерлерінде сыртқы нормандар, венгерлер шапқыншылығынан көптеген құлдырауға әкеп соқты. I Генрих (919-936 жж.) өзінің шебер саясатымен қоластындағы герцогтарды біріктіре отырып, венгер отрядтарына қарсы күресте 933 жж. мен 955 жж. аралығындағы күресте венгер әскерлерін біржолата қырып жіберді. I Генрихтің ұлы мирасқоры I Оттон (936-973 жж.) германдықтардың шіркеу арқылы жер салықтарын, жер иеліктерін бөліп беруді мақсат тұтты. I Оттон мен оның баласы II Оттонның тұсында шіркеуге жер сыйлаушылық және сол жерде мекендеген адамдар шіркеудің саяси үстемдігінің қоластына енуіне мүмкіндік жасады. I Оттон тұсында тарихшылардың зерттеулеріндегі тұжырымдама негізінде, императорлық шіркеу деп аталған корольдік өкіметінің қызметіне қойылған болатын.

Немістердің алғашқы феодалдық мемлекеті “неміс” сөзінің тайпалық шығу ерекшелігіне қарамай, 920 жж. құжаттарда “немістер корольдігі” атауы пайда бола бастаған.

Франкондық әулеттің (1024-1125 жж.) алғашқы корольдері II Конрад және III Генрих тұсындағы Германия.

II Конрад тұсындағы саясатпен III Генрихтің шіркеу қолдауындағы саясат екі бағытта болды. IV Генрих (1056-1106 жж.) патшалық құрған және корольдің жасы әлі кәмелетке толмаған болатын. Сол себепті бұл тұста Германияда шіркеулік папаның көптеген саясатымен іске асты. IV Генрихтен кейін оның ұлы V Генрих (1106-1122 жж.) таққа отырды.

5. Англосаксондар жаулап алған Британия территориясында V-VIII ғғ. өзінде бірнеше англосаксондық корольдіктер құрылған. Ағылшындардың негізін қалаған Уэссекс, Сассекс, Экссекс тайпалық рулық туысқан тайпалық топтар болатын.

1070-1075 жж. Саксония көтерілісі басталуы себептері: IV Генрих тұсындағы шіркеу папаларының және Германия ірі феодалдарының Саксония жерлерінің иелік еткен феодалдардан зорлықпен күштеп жерлерін тартып алды. Бұрынғы король жерлерін түгел король қарамағына қайтару болды. Корольдік саясатқа қарсы Саксонияда 1070 жж. көтерілісті ірі феодалдар туғызды, 1073-1075 жж. аралығында күрестің екінші кезеңі шаруалардың көтеріліске жаппай шығуы, бұл көтерілісті бастаған Саксон ақсүйектері Оттон Нортгеймский болатын. 1075 жж. IV Генрих бұл көтерілісті тоқтатып, шаруаларды түгел қырып тастады. Осы тұстан бастап шаруалардың жағдайы өте ауыр болды.

IX ғғ. Англосаксондықтар корольдіктері бірігу салдарынан Англия мемлекетіне айналуы. 829 жж. Уэссекстердің королі Эгберт тұсында англосакстардың елі бірігіп, Англия деп аталатын мемлекет құрды. Англия тарихында нормандар көбінесе “даттар” деп аталған және олар Дания жерлеріне шабуыл жасап тұрған. Англияның солтүстік бөлігін Уэссекс корольдігі қоластына қарады және “дат құқығы” деген аймақ болған. Англия Даттарға қарсы бірнеше шапқыншылық жорықтарға шығып отырған. Англосаксондық тайпалардың бірігу салдарынан король халықтық жиналыстарды тоқтатып, өзінің кеңесшілерімен (уитенагемот) мен жиналыс жасап отырды.

Даттарға қарсы күресті англосаксондық мемлекетті нығайту ісіндегі королі Альфред (871-900 жж.) ел басқарған уақытта болатын. Бірнеше шабуылдардан жеңіліске ұшыраған Альфред Даттар королімен келісімге келіп шартқа отырады. Осы шарт бойынша екіге бөлінеді: оңтүстік-батыс бөлігінде ағылшын корольдіктерінің билігі жүреді, солтүстік-шығыс бөлігі даттар қоластында болады. Король Альфредтің өз заңдар жинағы - “Король Альфредтің шындығының” үлкен маңызы болды. Дербес мемлекетті феодалдандыру мақсатында және үстемдік таптың мүддесін ойлап заң жолын бекітті.

X ғғ. екінші жартысында король Эдгардың кезінде (959-975 жж.) даттарды, скандинавиялық бірнеше тайпалық жерлерді өзіне қаратып, ағылшын халықтарының этникалық құрамы күшейді. Англияның феодалдандыру дәуірі өте жоғарғы деңгейде өсті. 1016 жж. Дат корольдері Англияға шапқыншылығы қайта басталды. Бұл шапқыншылық салдарынан Англия жеңіліске ұшарайды, Англия, Дания, Норвегия королі бір ғана Кнут (1016-1035 жж.) билік басына отырады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.