Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Франктер мемлекеті.



№3-лекция

Тақырыбы: Франктер мемлекеті.

Жоспары:

1. Франктердің Галлияны жаулап алуы.

2. Меровинг королдігі.

3. Каролингтер мемлекетінің құрылуы.

4. Каролингтер державасындағы феодалдық құрылыс.

Лекция мәтіні.

1. Франктер алғаш рет біздің заманымыздың III ғ. римдік деректерде еске алынады. Бұл бірнеше ежелгі герман тайпаларынан құралған үлкен тайпалық одақ болды. III-IV ғғ. франктер Рейннің жоғарғы және төменгі ағысына келіп қоныстанды, Римдік Галлияға шабуыл жасап отырды. Франктердің өзі екіге бөлінді, Рипуарлық және Салийлық тайпалары болып. Салийлық франк тайпалар көсемі Хлодвиг (481-511 жж.) Батыс Рим империясы құлаған соң Солтүстік Галлияны жаулап алды. Хлодвиг 496 жылы өз жасақтарымен бірге шіркеудің әдет-ғұрпы бойынша христиан дінін қабылдап шоқынды, бұл оның үстемдік еткен шіркеудің көзқарастары бойынша ересьтер болған христиан дінін ариандық формада қабылдаған басқа варварлардан – вестготтардан, остготтардан, вандалдардан, бургундтардан, лангобардтардан өзгешілігі еді. Бұл ариандық ересьтерден өздерінің байлықтарына және шіркеудің меншігіне қол сұғу қаупін көрген, галлдық-римдік дін иелерін Хлодвигке Галлияны одан әрі жаулап алуда қолдауды қамтамасыз еткен оңтайлы саяси қадам болды. Вестготтар Тулуза корльдігімен соғысқан кезде аквитандық дін иелері Хлодвигті қолдап ариандық вестгот ақсүйектеріне қарсы шықты. Аквитания франктер корольдігіне қосылды. Галлияны франктердің жаулап алуларына бірсыпыра ерекшеліктер тән еді. Франктер вестготтардан, остготтардан және басқа германдық тайпалардан өзгеше, империяға басып кірген кездерінде Германиядағы өз отанынан еш уақыт байланысты үзген емес. Бұл галлиялық территорияларды ұзаққа созылған жаулап алу процесі кезінде Рейіннің ар жағынан жаңа тың күштердің келуін қамтамасыз етті.

486 жылы франктердің жаулап алу нәтижесінде, Солтүстік Галлияда, Франк мемлекеті пайда болды. Мұны салий франктерінің Меровей руынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Франк мемлекеті тарихының ең алғашқы дәуірі – V ғ. аяғынан - VII ғ. дейінгі дәуір - әдетте меровингтік дәуір деп аталды. Хловигтің тұсында Аквитания 507 жылы мирасқорларының тұсында – Бургундия 534 жылы жаулап алынды. Остготтар франктерге Провансты 536 жылы беріп қойды, сөйтіп, VI ғ. ортасына қарай Франк мемлекеті Галлияның бұрынғы римдік провинциясының барлық территориясын дерлік өзіне қосып алды. Франктер сонымен бірге Рейннің сырт жағына Герман тайпаларында өзіне бағындырды: франктердің жоғарғы өкіметін тюрингтер мен алемандар және баварлар да мойындады; сакстар оларға жыл сайын алым төлеп тұруға көндірілді.

2. Меровигтің дәуірдегі франктерден қоғамдық құрылысын зерттеу үшін ең маңызды дерек варварлық ақиқаттардың бірі - “Салий шындығы” жазылған Салий франктерінің сот әдет-ғұрыптарының жинағы. Тарихи дерек ретінде “Салий ақиқатының” құндылығы ең алдымен, онда франк қоғамының алғашқы қауымдық құрылыстан бастап феодализмге дейінгі эволюциясын бейнелеп беруінде еді.  Ең көне заманнан бері келе жатқан және мәні жағынан көнерген ақиқаттардың бірі - осы ақиқатқа Римнің жасаған ықпалы басқа варварлық ақиқаттарға аз болды, ал бұлықпалды көбінесе оның сыртқы белгілерінен “Салий ақиқатының” латын тілінде жазылып, айыптарды есептеп шығаратын.

“Салий ақиқаты” франктердің тұрмысында бұрыннан, жаулап алғанға дейінгі өмір сүріп келген алғашқы қауымдық құрылыстың көнерген тәртіптерін бір қыдыру дұрыс бейнелейді. Екінші жағынан бұл “Ақиқаттан” біз франк қоғамын Галлияны жаулап алу процесінде және тікелей онан соңғы кездерін сипаттайтын атап айтқанда, онда мүліктік және әлеуметтік теңсіздікпен жылжымалы дүниеге жеке меншіктің, жерді мұралану құқығының және ақырында мемлекеттің қалай шыққандығы жөніндегі мәліметтерді таба аламыз. Ал енді VI-IX ғғ. дейінгі дәуірлерде франк корольдері осы “Салий ақиқатына” үнемі көптеген жаңа қосымшалар енгізіліп отырды. Сол себепті мұның неғұрлым соңғы дәуірде жарияланған басқа да деректерімен ұласып, жүйелі түрде толықтырып отырған мағлұматтары, франк қоғамының тікелей феодализмге қарай одан әрі бет алған эволюциясын мұқият анықтап білуге мүмкіндік туғызады.

Франктердің арасында әлеуметтік жіктелудің бастамаларын “Салий ақиқатының” өзі-ақ көрсетіп берді. Бұл бастамалар халықтың әр түрлі категориясының құны әр түрлі мөлшерде болуынан-ақ көрінеді.

3. Хлодвиг қаза болған соң, Франктер мемлекеті өзара билікке таласу салдарынан VI ғ. аяғында мемлекет үш дербес аймаққа бөлініп кетті:

1. Нейстри аймағы - орталығы Париж қаласы болған, Солтүстік-Батыс Галлия аймақтары;

2. Австразия аймағы - Франк мемлекетінің солтүстік-шығыс жақ бөлігі, Рейнмен Массаның екі жақ жағалауы кірді;

3. Бургундия аймағы - Франк мемлекетінің құрамына енген бұрынғы бургундар территориясы кірді. Меровингтер әулетінен шыққан және франк мемлекетінің жеке аймақтарын корольдер үстемдік жасау үшін өзара қырқысып күрес жүргізді. Соның салдарынан VII ғ. аяғында іс жүзінде мемлекеттегі өкімет билігі түгелдей майордомдардың қолдарына көшуіне әкеп соқты. Франк ақсүйектерінің арасынан 687 жылы Австразиялық майордомы Пипин Геристальский бүкіл франк мемлекетін біріктіріп майордом болды. Австразиялық майордомы бүкіл франк мемлекетін қол астына жинап, бағындырды және үлкен жер иелерімен ұсақ және орташа феодалдарға сүйеніп, орталық үкіметің нығаюын және мықты болуына мүдделі болды. Австразияның Пипиндер әулетінен шыққан майордомы Пипин Геристальскийдің ұрпақтары біріккен Франк мемлекетінің билеушісі болған соң, Франк корольдерінің жаңа әулетінің негізін қалады. Бұл әулет бертін келе Ұлы Карлдің есімімен, Каролингтердің әулеті деген атқа ие болды. Каролингтер әулетінің Пипиндер Франк мемлекетін VII-IX ғғ. аралығын “каролингтер дәуірі” деп аталды. Франк қоғамының әлеуметтік құрылысындағы өзгерістер Пипин Геристальскийдің мирасқоры-майордом Мартелл Карлдің саясаты биледі. Карл Мартелл 715 жылдан 741 жж. аралығында өз билігін жүргізді және меровингтік корольдермен әсте санаспады. Карл өзіне қарасты нейстрилік феодалдарды, Аквитания мен Прованс герцогтарын және Герман тайпалас сакстар, фриздер, алимандар мен баварларға күштеп ұстап өзіне қарсы шыққандарды күл-талқандап және салық мөлшерін көбейтіп отырды. VIII ғ. басында Испанияны жаулап алды, 720 жж. Оңтүстік Галлияға баса көктеп кірген арабтарға Карл Мартелл 732 жж. Пуатьенің маңында болған шайқаста арабтарды жеңіп, Оңтүстік Галлияның шамалы ғана бөлігі - Септимания мен Нарбонн жерлері қалды. Карл Мартеллдің “бенефициялық” реформасын шығарды, онда өз қол астындағыларға “сыйлық” беру, яғни жер иеліктері үйлесімді түрде бөліп беру туралы болды. Бұл реформалар арқасында Франктер мемлекет өкіметтері күшейіп, Карл Мартеллдің тұсында нығайып біршама өсті.

Карл Мартеллдің ұлы және мирасқоры майордом Қысқа Пипин (741-768 жж.) өз әкесінің реформасын жалғастыру мақсатында бенефицияға үлестіріліп берілген жерлерінің бәрі де шіркеудің меншіші болып танылды. Шіркеудің және корольдің рұқсатынсыз сыйлыққа берілген жерлерді қайтарылып алынуға ешкімнің құқығы болмады. 751 жылы Папаның келісімі Франк ақсүйектерімен өзінің вассалдарының Суассонда өткізілген жиналысында Пипин өзін франктердің королі етіп ресми түрде жариялады. Меровингтер әулетінің ең соңғы королі III Хильдерик монастырьға алынып, сол жерде қайтыс болды. Қысқа Пипин папаның істеген жақсылығы үшін, Папа II Стефанға Италияны, бұрынғы Византия жерлерін қайтарып беруге мәжбүр болды. Франк мемлекетінің Қысқа Пипиннің ұлы және мирасқоры Ұлы Карл (768-814 жж.) биледі. Ұлы Карлдің тұсында Франктер мемлекеті өте күшті болды. Бұл адамның бойына біткен керемет қасиеттері - жалынды және жігер-қайраты, мемлекетті басқару ісі мен әкімшіліктің, шаруашылықтың, соғыстың 50-жорықтардың ішінде 30-дан астамын өзі басқарды, дипломатиялық, халыққа білім беру істерін және т.б. күрделі жұмыстардың әрбір ұсақ-түйектерін өзі басқарып, замандастарын таң қалдырды. Ұлы Карл өз заманындағы грек және латын тілдерін жетік меңгерген, ғылыми тұрғыдан да өте білімді, ұстамды, ақылды және құдіретті болған деседі. Барлық жорықтарда ол өзінің басып алған жерлерін иемденіп, Франк мемлекетінің шекараларын үлкейтті, қол астындағы крепостной шаруалармен кедейлерге де өз мүдделерін қорғау қарастырылған. Өз әкесінің жорықтарын жалғастыру барысында ол ең алғашқы жорығын 774 ж. Италияда Лангобард королі Дезидерийді тақтан түсіріп тастап, оның иеліктерін Франк мемлекетіне әкеліп қосты. 778 жылы Карл арабтық Испанияға шабуыл жасайды. Бұл жорығы сәтсіздікке ұшырап қайта шегінуге мәжбүр болады. 801 жылы Солтүстік-Шығыс Испания территориясын және Барселонды басып алды. 772-804 жж. аралығында Карл 32 жыл бойы үздіксіз соғыс салдарынан Саксония мемлекетін жаулап алады. Өте кең көлемді жерлерді басып алған Франктер мемлекеті Карл тұсында ескі Ұлы Державаға айналған Рим империясының бұрынғы территориясына жетіп қалған еді. 800 жылдың аяғында Римдегі әулие Петрдің соборында папа Карлге тәж кигізіп, император тағына отырғызды. Осы тұста Батыста жаңа империя дүниеге келді. Византиялықтармен бұрынғы Рим империясының мұрагерлерінің арасында жанжал болды. Тек 812 жылы ғана византиялық император I Михаил Карлдің императорлық титулын ресми түрде таныды. Карл тұсында Франктер мемлекетінің астанасы - Ахен болды. Ұлы Карл өзінің бүкіл өмірінде Аквитанияны, Саксонияны, Италияны немесе Баварияға тынымсыз жорық жасау салдарынан өзіне қаратты және бұл территориялардың империядан шығып кетпеу қаупімен күресте өткізді. Франктер империясының негізін қалаған Ұлы Карл қайтыс болған соң да, бұл империя отыз жыл өткен соң да бірқалыпты отырды. Ұлы Карлдың баласы және мирасқоры Людовик Благочестивый (814-840 жж.) Франк мемлекетінде император болды. 843 жылы Людовик қайтыс болғаннан кейін, оның балалары Верденде жиналып бас қосып, империяны қайтадан бөлу жөнінде шарт жасасты. Бұл қайта бөлісу кезіндегі Каролингтік империяның шеңберлерінде қалыптаса бастады.

4. VIII-IX ғғ. Франк мемлекетіндегі жер жөнінде жасалған төңкеріс ерекше қызу түрлерге айналды. Ол феодалдық құрылыстың негізі - феодалдық жер меншігінің толық қожалық етушілігін орнатты. Шаруалар жерлерін және шіркеулік ірі жер иелерінің тартып алушылығы әртүрлі экономикадан тыс зорлаушылықпен қоса жүргізілді. Бұл феодалдық жер меншігін өндірушілерге жер үлесі мен өндіріс құралдарын берген жағдайда ғана олардан жер меншігінің пайдасына қосымша еңбекті “тек экономикадан” тыс зорлау арқылы ғана алуға болады. Ерікті шаруаларды Меровингтер кезінен бастап кең таралған әдістерінің бірі, жерді “прекарияға” беруді қолдану болып табылды. Бұл әсіресе VIII-IX ғғ. бастап кең таралды. Прекария сөзі – “өтініші бойынша берілген” деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым жерді шартты түрде ұстау деген сөз. Үлкен ірі меншік иесі жерсіз немесе жер аз шаруаға жерін уақытша пайдалануға береді. Бұл берілген үлеспен пайдаланғаны үшін шаруа әдетте жер иесіне оброк төлеуге немесе кейбір жағдайларда барщиналықпен өтеуге тиісті болады. Прекарияның бірнеше түрі болды; жерді осындай шартпен ұстаушылық кейде жері жеткіліксіз немесе тіпті жері жоқ адамға беріледі, ал кейде өзінің жерінен әлі айрылмаған ұсақ меншік иесі, мұқтаждықтың салдарының немесе көршілес ірі жер иелерінің жасаған қысымына төзе алмай, өзінің жеріне меншіктілік құқығын солардың біреуіне, көбіне шіркеуге беруге мәжбүр болады. Егер шаруа бұл жерін қайтадан прекария ретінде немесе мұралыққа алатын болса, міндетті түрде шартқа отыруы тиіс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.