Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лекция. Лекция мәтіні.



№2-лекция

Тақырыбы: Антикалық дәуір мен орта ғасырлар тоғысындағы Еуропа.

Жоспары:

1. Ежелгі герман тайпалары.

2. Варвар корольдіктерінің құрылуы.

3. Батыс Еуропадағы феодализм генезисі.

Лекция мәтіні.

IV ғғ. аяғы Рим империясы құрамына Батыс Еуропа, Дунайдың Оңтүстік жағалауындағы облыстар, Балкан түбегі, Жерорта теңізіндегі аралдар, Солтүстік Африка мен Египет, сонымен бірге Азияның бірқатар елдері мен облыстары, Кіші Азия, Қара теңіздің шығыс жағалауы, Месопотамияның бір бөлігі, Сирия, Палестина кірді. IV-V ғғ. Рим империясы құлдырауы себептері: ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын құл иеленуші саны азаю салдарынан егін шаруашылық және қолөнер, мал шаруашылығы, жалпы шикізат өнімдері төмендеді.

1. Герман тайпалары б.з.д. I ғ. орта шенінде тайпалық құрылыста өмір сүрді. Б.з.д. I ғ. кейбір Герман тайпалары Рейннен өтіп, Галлияда орын тебуге тырысты, бірақ Юлий Цезар оларды Рейннен ары қарай ысырып тастады. Б.з.д. I ғ. аяғында Рейннен Эльбаға дейінгі территорияны Рим жаулап алғаннан кейін, ол жер Римдік провинцияға айналды. Бірақ бұл ұзаққа бармады. Рейннен шығысқа қарай жатқан аймақтарды Римдіктер өзіне қарата алмады және германдықтармен болған бірқатар қақтығыстардан кейін қорғанысқа көшті. Рейн Рим мен Герман тайпалары территориясының шекарасы болып қалды. Өздерінің шекарасын нығайту үшін римдіктер Рим дуалы деп аталатын Орта Рейннен Жоғарғы Дунайға дейін созылған қорғаныс дуалын салды. Осы дуалдан шығысқа қарай орналасқан германдықтар бытыраңқы тайпаларға тұрақсыз тайпалық одақтар топтасты. Ежелгі германдықтардан шығысқа қарай славяндардың ата-бабалары өмір сүрді. Олар Эльба (славяндық Лаба) мен Одерден (славяндық Одра) Донец, Ока мен Жоғарғы Волгаға дейін, Балтыќ теңізінен Орта және Төменгі Дунайға, Қара теңізге дейінгі ұлы байтақ территорияда бытырап жатты. Б.з. I-II ғғ. олар антик авторларға венеттер деген атпен белгілі болды. Германдық тайпалар б.з. I ғ. Пұтқа табынған. Антик авторларының шығармаларының деректерінде әр түрлі Герман тайпалық қоғамдық даму деңгейі біркелкі болмады. Бұл тайпалардың шаруашылығында егіншілік басты рөл атқарды. Жер өгіз жегілген соқамен өңделіп отырылды. Б.з.д. өмір сүрген германдықтар жеңіл доңғалақты соқаны қолданды. Кейбір Герман тайпалары б.з.д. I ғ. өздері ие болған территорияға түбегейлі отырықтанбады, олар Цезарь тұсында сүтпен, құртпен және етпен қоректенді. Германдықтарда таптарға бөлуде, мемлекетте болмады. Цезарь: “бейбіт кезде тайпалардың ортақ мемлекеті жоқ”, - дейді. Әкімшіліктің жоғарғы органы болып халық жиналысы саналады, оған қару-жарақ асынуға құқылы ересек еркектер қатыса алатын еді. Ру ақсақалдары негінен сот қызметін орындады. Соғыс кезінде өмірінде тіпті өте маңызды рөл атқарды. Кейбір герман тайпалары бұл кезде өзіне басқа тайпаларды бағындырып, оларды алым төлеп тұруға мәжбүр етті. Б.з. I-II ғғ. соңында римдік тарихшы Тациттің зерттеулері бойынша ауыл шаруашылық пен қолөнер дами түсті, өздерінің халық жиналысында кісі өлтірушіге өзіндік құн төленіп отырды, германдықтардың отбасы мүшелері күйеуі мен қалыңдыққа арналған өзіндік сый-сыйапаттарын дәстүрлі өтетін, кейбір германдықтар көршілес халықтармен айырбас пайда болды.

Б.з. II-III ғғ. Рим империясы шекараларындағы Герман тайпаларын Шығыс және Орталық Еуропадан қудалап, оларды басқа жерлерге қоныс аударуға итермеледі. Герман тайпаларының қайта топтасуы нәтижесінде саны өте көп болып, тұрақтанды. Герман тайпаларының ішінен шығыс германдық тайпалары - готтар ерекшеленді. Олар екіге бөлінеді: остготтар (шығыс готтар) және вестготтар (батыс готтар).

Готтар - Днестрден шығыста Қара және Азов теңіздерінің жағалауына дейінгі аймақтарды иемденген готтарды остготтар деп атады. Вестготтар - Днестр мен төменгі Дунайдың бойын қоныстанды.

Б.з. III-IV ғғ. Готтар Рим империясының территориясына шабуыл жасап Рейн, Дунай және Нектар жерлерін басып алды. Герман тайпаларына басқа да тайпалық одақтар кірді; Алеман, Сенондар, Квадттар, Сакстер, Херусктер, Хавктар, Франктер, Вестготтар, Остготтар, Лангобардтар, Вангалдар, Бургундтер кірді. Б.з. IV ғ. германдық тайпалар арасында готтар, вандалдар, бургундар христиан дініне өтті. Германдықтарда рунь жазуын және рим, грек альфавиттерін пайдаланған.

Б.з. IV ғ. аяғында варвар тайпаларының айрықша ірі, жапай көшуімен олардың әдетте ”халықтардың ұлы қоныс аударуы” деп аталатын Рим империясының территориясына басып кіруі басталды. Герман және Герман емес варвар тайпаларының империяға шабуылы, біріншіден, олардың арасында өндірістік күштердің өсуімен байланысты мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуіне және екіншіден, байлықты молайтуға, жер мен әскери олжаны иемденіп алуға тырысуынан туды.

Бұл кезде соғыс Герман тайпалары үшін әдетке әрі тұрақты кәсіпке айналды, Рим империясы өзінің ұлан-байтақ, жақсы өңделген жерлерімен және бай қалаларымен варварлар үшін ерекше тартымды күшке ие болды.

375 жылы ғұндар Қара теңіз бойындағы остготтар және басқа да тайпалардың басын біріктірген гот тайпалары одағына шабуыл жасап, оны тізе бүктірді. Тайпалар бірлестігін басқарған остготтар көсемі Эрманарих өзін-өзі өлтірді. Осыдан кейін гот тайпаларының одағы ыдырап кетті.

376 жылы Вестготтардың Рим империясының территориясына басып кіруі басталды.

418 жылы Вестготтар корольдігі құрылды және оның ыдырауы салдарынан 507 жылы ол Франк корольдігінің құрамына енді.

V ғғ. ғұндардың басшысы Аттиланың шапқыншылық жорығы болды. 453 жж. Аттила өлген соң, 454 жж. ғұндардың одағы ыдырады.

Варварлардың баса көктеп кірулерінің Еуропа тарихы үшін зор маңызы болды. Бұл басып кірулердің нәтижесі терең ішкі қайшылықтардан, өндірістің құл иеленушілік тәсілінің дағдарысынан, бұқара халықтың күрестерінен, күні біткен Батыстағы құл иеленушілік Рим империясының құлауынан тұрды. Еуропаның саяси картасы өзгерді. Бұрын Батыс Рим империясы қамтыған территорияларды V ғ. аяғы мен VI ғ. басында жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге қажетті жағдайлар жасалған варварлық мемлекеттер пайда болды.

3. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, ірі-ірі феодалдық жер иеліктерінің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктерді өндірушілердің феодалдық-тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің және феодалдық қоғам идеологиясының шығуы - Батыс Еуропада феодалдық қоғамдық экономикалық формацияның пайда болу процесі. Әр түрлі елдерде, сол елдің тарихи даму жағдайларына байланысты, бұл процестің өзіндік ерекшеліктері болды. Варварлық германдық корольдіктерде кейінгі Римдік және германдық қоғамдық қатынастары синтезделген жері түбірімен жаңа феодалдық қатынастар қалыптасты. Мұндай қатынастардың элементтері кейінгі Римдік қоғамда да және ыдыраған рулық-тайпалық Герман қоғамында да болған еді. Бірақ синтезге байланысты феодализмнің пайда болуы мен дамуы Герман тайпалары үшін жеделдеді, тұйыққа тірелген Рим қоғамы үшін мүмкіндік туды.

Феодалдық қатынастардың дамуының мұндай жолы Вестгот, Бургундия, Франк және кейбір Вандал мен Остгот корольдіктеріне тән қасиет болды. Соңғы екі корольдіктің өмір сүруінің қысқалығына байланысты, кейінгі римдік және германдық қатынастарда өзара әрекеттетік нәтижелері онша елеулі емес еді. Варварлар корольдігіндегі таптың құрылуы герман халқы арасындағы мүліктік және әлеуметтік жіктелу процесімен ғана шектелмейді. Жаңа қоғамдық таптардың қалыптасуында, бір жағынан, Рим қоғамының антогонистік таптардың қалдықтары - ірі жер иелері, екінші жағынан құлдар мен колондар едеуір рөл атқарды. Римнің ірі жер иелерінің бір бөлігі, құл иеленушілік қоғамның күйреуімен және варварлардың жаулап алуымен байланысты, олардың жағдайындағы өзгерістерге қарамастан, жүздеген құл мен колондар өңдеп отырған кең байтақ имениелерді әлі де иелене берді. Шіркеудің жер иелігі сақталып қана қалмады, сонымен бірге өсе де берді.

Мүліктік және әлеуметтік жіктелу бәрінен бұрын құқықтада өз көрінісін тапты. V-VI ғғ. құрастырылған Вестготтағы, Остготтағы, Бургунд және Франк корольдіктеріндегі варварлар шындығы еркін адамдары мүліктік жағдайларына және ақ сүйегіне (әскери қызметтегі ақсүйектерге, король жасағына жататындығына) қарай жоғарғы және төменгі топ деп бөлді. Оның құрамына Рим шонжарларының қалғандарынан бірен-сарандап енгендері де болды. Жоғарғы топқа жататындар, “нобильдер”, “үлкендер” және “құрметті адамдар” деп аталатындар өзге еркін адамдарға қарағанда бірсыпыра артықшылықтармен пайдаланды. Төменгі әлеуметтік топқа жататындар, әдетте “кіші” немесе “төменгі” адамдар деп аталатындар ерікті адамның кейбір артықшылықтарын жоғалтып алды: жоғары қоғамдық топ өкілдерінің өміріне қарағанда, олардың өмірі анағұрлым төмен вергельдпен қорғалды. Әдетте, қарапайым қауымдардың болмашы бөлігі ғана жоғары разрядқа көтерілді, ал көпшілігі біртіндеп ерікті адамдардың төменгі тобының құрамына еніп жатты. Даму типі қарастырылып отырған басқа варвар корольдіктеріне қарағанда, Франк корольдігіне еріктілердің негізгі бұқарасы өз еріктілігін ұзағырақ сақтап қалды. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.