Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Ортағасырлар тарихының дерекнамасы мен тарихнамасы.



№1-лекция

Тақырыбы: Ортағасырлар тарихының дерекнамасы мен тарихнамасы.

Жоспары:

1. Ортағасырлық деректерді жіктеу.

2. Ортағасырлық жазба деректер: нарративті.

3. Феодалдық қатынастардың гүлденген кезеңіндегі деректер.

4. Кейінгі ортағасырлар тарихының негізгі деректері.

Лекция мәтіні.

1. Буржуазиялық тарихнамада “феодализм” деген термин кеңінен қолданылды. Бірақ ол феодализмге ғылыми анықтама бере алмада. Буржуазия тарихшылары феодализмді, оның екінші кезектегі негізінен саяси және заңға сәйкес белгілері бойынша бағалайды. Біреулері оның ерекше белгісі - саяси бытыраңқылығы десе, екіншілері - феодалдық бағыныштылық, үшіншілері - саяси биліктің жер иелешушілікпен ұштасып жату деп анықтама жасаған болады. Кейінгі ортағасырдың феодалдық қоғамында капиталистік қатынастар туып, қалыптаса бастаған кезде, Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ақша рентасы әлі де болса үстемдік ете берді. Сонымен бірге осы кезеңде феодалдық ақшалай рента ыдырай бастады, сонымен қатар бірте-бірте капиталистік жер рентасы кең тарайды.

Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстан феодализмге көшу тарихы ілгері басқан еді. Оның ілгерілуіне өндіргіш күштердің онан әрі дамуы өз септігін тигізді, өйткені ол бұл дәуірде жалпы еңбекті жеке өндіріспен ауыстыруды талап етті. К.Маркстың сөзімен айтқанда “жерді қауымдасып өңдеу және оның өнімін жеке иемдену сонау ертедегі қауымдар жағдайымен сайыспайды, жеке адамның өсуіне жол береді”. Бұл өткен дәуірдің өте төмен еңбек өнімділігі жағдайында қауымдық шаруашылықтың дамуы сөзсіз жерді жеке меншіктенуге, ал еңбекті қоғамдық бөлісу - таптардың тууына және тікелей өндірушілерді қанауға әкеліп соғатын еді. Соған қарамастан феодалдық құрылыс жеке адамдардың өндірісін одан әрі нығайтуға және ұсақ шаруалардың шаруашылықтарының өнімділігін арттыруға үлкен мүмкіндіктер ашып берді.

Феодалдық қоғамда басқа да таптық қоғамдық сияқты, оның барлық даму кезеңдерінде шаруалардың феодалдарға қарсы табан тірескен, күнделікті таптық күресі жүріп жатты. Ол орта ғасырдың екінші және үшінші кезеңдеріне жиі-жиі шаруалардың бұқаралық көтерілісі формасына айналып, нағыз шаруалар соғысына ұласып кетіп жүрді. Әдетте осы көтерілістер жеңіліске ұшырай берсе де, олар крепостниктікті бірте-бірте жеңілдетуге, феодалдық езгіні біршама әлсіретуге, демек, феодалдық қоғамда өзгергіш күштердің ілгері дамуына жағдай жасады. Орта ғасырдың екінші кезеңінде қала халқы феодал сеньорларға қарсы табанды күрес жүргізді. Қалалардың цех қолөнершілер бұқарасының қала патрициатына қарсы әлеуметтік күресінің кескіленген аренасына айналуы жиілей түсті. Соңынан ол қаланың төменгі қаналушыларының (плебейлердің) көпестік және цехтық ақсүйектеріне қарсы күресіне ұласа берді.  

Кейінгі орта ғасырда антифеодалдық шаруалар мен плебейлердің жаппай көтерілісі алғашқы бұржуазиялық ревалюциялармен ұласатын болды. Сөйтіп, осы революциялардың барысында феодалдық құрылысты құлатуда шешуші рөл атқарады.

2. Ертедегі және классикалық орта ғасыр тарихының өзекті проблемасы тарихы материализм тұрғысынан алып қарағанда тұтас бүкіл дүниежүзілік тарихи дәуірдің барлық қоғамдық қатынастың белгілі құрылымын тудыратын өндіріс әдісі ретіндегі феодализмнің туу мен ашып көрсету болып табылады.

Феодализмнің тууын ортағасырлық зерттеулерде ағартушы ғалымдар екіге бөліп дәлелдеді. Біріншісі “романдық”, екіншісі “германдық” топқа бөліп өзара пікірлесе отырып талдады. Біріншісі бойынша аббат Дюбо орта ғасырлықтың алғашқы кезеңін римдік (романдық) дәстүрдің жалғасы деп дәлелдеді. Феодализмнің тууын Дюбо тек X ғғ. жатқызды. Екіншісін граф Буленвелье француз дворяндарының артықшылығын тарихи тұрғыдан негіздеуге тырысып, феодалдық құрылыс германдықтар жаулап алған соң пайда болған деп германдықтарды (олар француз дворяндарының ата-бабалары деп таныды) жаулап алған құқығы бойынша үстемдік жағдайға ие болды деп дәлелдеді. Ағартушылық деген атпен орта ғасырлар тарихын зерттеуде тарихшылар феодализмнің мәнін және оның шығуы тарихын кең көлемде дәлелдеді. Ағартушылық дәуірінің тарихшылары орта ғасырды “феодализм” ұғымымен байланыстырды. Феодализмді тек саяси және құқықтық жүйе ретінде түсінді, оның экономикалық және әлеуметтік негіздерін көрмеді. Олардың кейбірі Вольтер, Робертсон, Юмнің зерттеулерінде феодализмнің басты белгілері саяси былықтар мен папа теократиясының үстемдігі деп санады, енді басқалары Монтескьенің зерттеулерінде феодтар жүйесі және онымен байланысты феодалдық бағыну тәртібі деп білді. Феодализмнің тууы туралы мәселеде олардың көпшілігі германдық теорияларға қарай қолдады, бірақ олар Буленвельеге қарама-қарсы феодалдыққа қарсы үн қосты. Монтескье “Заңдар Рухында” атты еңбегінде және Мабли “Франция тарихына байқау” еңбектерінде жаулап алушы германдықтар Галлияда мүлде феодалдық қанау емес, Германияда өмір сүрген еркін демократиялық құрылыс әкелді деп ұғындырды.

3. Орта ғасырлар тарихында материалдық және рухани мәдениеттің дамуы жөнінде тарихтың одан бұрынғы кезеңдерімен салыстырғанда едәуір бөлімдерге бөлінді. Орта ғасырлар феодалдық зорлық, надандық, от пен қинау инквезициясы, діни құлықтылықпен қоса, шаруалардың феодалдар мен шіркеуге қарсы орасан зор көтерілісін, қала адамдарының феодал мырзалармен қатты шиеленіскен күресін, халық бұқарасының әлеуметтік арман-қиялын білдіруші еркін ойдың тұңғыш көріністері еретиктердің жаппай қозғалысын адамзаттық есінде қалдырды.

Орта ғасырлар тарихын дәуірлерге бөлу кезеңі латын Еуропа елдерінде орта ғасыр құл иеленушілігі мен Батыс Рим империясының V ғасырдың екінші жартысындағы күйреуінен басталады. Феодалдық меншіктің дамыған формасы “феод” латынша – жерге мұрагерлік жеке меншікті бейнелейді. Жер иеленумен және вассалдық байланыстар арқылы үстем таптың барлық топтарының өкілдерін біріктіріп, феодалдық шаруаларды қанауды ұйымдастыруда және оның қарсылық көрсетуін езгілеуде маңызды рөл атқарды.

V-XVII ғғ. аралығында орта ғасырдың Батыс және Орталық Еуропа елдерінде өткен он екі ғасырлық кезең жатыр. Басқа әлеуметтік-эконимикалық формациялар сияқты, феодализм де бұл жүздеген жылдар ішінде өзгеріссіз қалмады. Өндіргіш күштердің өсуімен бірге өндірістік қатынастарға тән ілгерушілік те болып жатты, феодалдық мемлекеттердің әлеуметтік құрлысы сияқты саяси бейнесі де өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан кеңес тарихнамасында орта ғасырлар тарихын негізгі үш дәуірге бөлді:                                                                                                                                                                                                                                            

1. Алғашқы орта ғасыр – феодалдық алғашқы кезең - V ғасырдың аяғында XI ғасырға дейін, бұл кезде феодализм үстемдік ететін өндіріс тәсіл ретінде қалыптаса бастады.  

2. Орта ғасырдың екінші кезеңі - XI ғасырдың ортасынан XV ғғ. аяғында феодализм өркендеп, феодалдық құрылыстың өркендеген кезеңі.

3. Кейінгі орта ғасыр XVI-XVII ғғ. алғашқы жартысы феодализмнің ыдырап, феодалдық қоғамның түп-төркінінде капиталистік қатынастар туып, қалыптаса бастаған кезеңі.

4.Орта ғасырлық түпдеректер бойынша бірнеше түрлерге бөлінді; құжаттық материалдар - жария актілері, жеке адамдардың актілері, шаруашылық мәні бар құжаттар; әкімшілік финансы, әскери және т.б. мемлекеттік өкімет құжаттары, заңдық ескерткіштер “правдалар”, яғни Герман және басқа халықтардың әдет-ғұрып құқығы жөніндегі жазбалары, азаматтық, қылмыстық істер және шіркеу құқықтары кодекстері, жеке заңдар мен указдар, қала хартиялары, сот хаттамалары, заң трактаттары, хабар беретін түпдеректер; жылнамалар, шежірелер, өмірбаяндар, әулиелер тіршілігі, ресми емес тұрғыда хат жазысу, публицистика, фольклор, әдеби шығармалар және т.б.

 Бұрынғы Батыс Рим империясы жерінде варварлар мемлекеттерінің пайда болуы және феодалдық құрылыстың қалана бастауы герман халықтарында қолданылып келе жатқан әдет-ғұрыптарды және олардың бағынышты халықтармен қатынасын үйлестіретін заңдарды жазба түрінде реттеп отыруды талап етті. Сондықтан V ғ. өзінде Батыс Рим жерінде орналасқан герман халықтарында жазба заңдар пайда болды, олар феодализмнің жаңа құрыла бастаған алғашқы сатысындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды бейнелейтін құжаттарында маңызды ғана емес, тіпті бірден-бір түпдеректер болып табылды.

XI ғ. - XV ғғ. археологиялық деректер бойынша құжаттар мен анналдардың (annales - жыл деген сөзден шыққан) жанама мағлұматтары бойынша да өндіргіш күштердің дамуы әсер етті. Мүсінді қол жазбаларда, кілемдерде қолөнер мен ауыл шаруашылығы еңбегі сахнадағыдай бейнеленіп сақталып қалған.

Англияның XIII ғ. аграрлық және әлеуметтік тарихының құнды түп нұсқалары үкімет тексеруінің нәтижелері бойынша жасалған жер санағы болып табылады. Олардың ішінде 1279 жж. Жүздік оралымдар неғұрлым қызықты болып табылады. Бұл – Орталық Англияның кейбір графтықтары жер иелігінің тұтастай тізімге алынып жазылуы. Германия үшін XIII ғ. “Марка уставтарының” құқық жазбалары бар. Онда қауым тәртіптері, шаруалардың пайдасына атқаратын борыштары да көрсетілген.

XIV-XVII ғғ. капиталистік қатынастардың Батыс Еуропа елдерінде сауда, өнеркәсіп, ақша айналымы негізінен аса бай құжатты материалы сақталған; сауда келісімі, қарыз құжаттар, квитанциялар т.б.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.